|
2. Тәжірибені қалыптастыру жағдайы.
Тәжірибені қалыптастыру үшін мына факторлар әсер
етті:
Республикалық семинарларға белсене
катысу
әдістемелік әдебиеттерді оқып
үйренуден;
әріптестердің іс-тәжірибесімен
алмасудан;
қалалық, облыстық әдістемелік жұмыстарға белсене
қатысудан;
біліктілікті жоғарлату;
курс дайындығы, кәсіби шеберлікті
көтеру.
3.Тәжірибенің теориялық базасы.
Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту
// Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж.
Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№
1,2003 ж.
Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім
сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.
Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау.
С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен
әдістері. Алматы, 2006ж
Сариева К., Рауандина А.,т.б. Қазақстан
Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты. Алматы: РОНД, 2002 ж.
С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж
№4
Интернет жүйесі.
4.Тәжірибенің өзектілігі.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
этнопедагогикалық элементтерді қолданудың тиімділігі өте зор. XXI
ғасыр көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр
ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік
тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау
үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу
үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа
әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл
атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау»,
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ.Бітібаеваның
«Логикалық модельмен оқыту технологиясы» және «Жобалау»
технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім
беруде атқаратын қызметі орасан зор. Қазіргі заман талабына сай
Блум Таксонамиясын сабақтырымда жиі қолдануды жөн көремін.
Жаңартылған оқу бағдарламасына енгізілген жаңашылдықтарды ескере
отыра, АКТ-ды әрдайым пәнді оқытуда қолдану тиімді деп ойлаймын.
АКТ қолдану өткен сабақты бекітуде өте тиімді.
|

|
|
|
5. Педагогикалық міндеттерді шешудегі
жаңалығы.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын
этнопедагогика элементтерін пайдалана өткізе отырып, интербелсенді
тақтамен жұмыс жасауға машықтыруға болады. Әр түрлі
презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар
материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке
дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау
жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің дауысымен
жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді, аңыздарды, ертегілерді
тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында
электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс
жасуға машықтандыру.
Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет,
сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады.
Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға
үйрету – педагогикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.
6. Тәжірибенің бағыты.
«Жаңа технологияның тиімді әдіс тәсілдерді арқылы
оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбы бойынша аудан көлемінде
озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, аудан мұғалімдері арасында
таратуға ұсыныс жасалды.
7.Тәжірибенің көп еңбекті қажет
ететіндігі.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өздігінен
үйренуді;
Мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде
қолдана алуы (жағдаяттарға түскенде немесе өзін-өзі таныстыруда,
қазақша құжаттарды толтыруда);
Ғаламтордан қазақша сайттардан керек деректерді
сұрыптап алуда
Өзара қарым-қатынаста қазақша сөздерінің жиі
қолданылуы
8. Тәжірибенің технологиясы
Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
зор екеніне көз жеткізуге әбден болады.
Этнопедагогика эелементтерін ұйымдастырудың
формасы-инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізу, СТО,
ТИСО, модульдік оқыту, компьютермен оқыту;
оқушының жаңадан білім алуына, таным
белсенділігін және қызығушылықтарын оятуға талпындыру, қазақ тілін
оқудың қажеттілігін түсіндіру.
компьютермен оқыту-оқушылардың өз бетімен іздену
жұмысының өте тиімді түрі.
қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңашыл сабақтар
өткізу үшін, АКТ-ды тиімді пайдалану.Ол үшін пайдалы
бағдарламаларды меңгерту және сабақта қолдану арқылы оқушыға
жан-жақты білім алуына жағдай жасау.
9. Тәжірибенің нәтижелігі.
оқушылардың пәнге деген қызығушылығының
артуы;
ұлттық салт-дәстүрді меңгеруге оқушылардың
қызығушылығын АКТ арқылы арттыру
оқушылардың мектептік, қалалық, сайыстарға
белсене қатысуда құштарлықтарының дамуы;
оқушылардың аудандық, облыстық олимпиадаларда
жүлделі орындарға ие болуы;
әр түрлі оқулардан жүлделі орын алуы;
білім сапасының жоғарлауы;
оқушылардың ғылыми жобалардан орын
алуы;
мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына
түсуі;
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық
технология.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің
түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз
Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа
алады.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін
таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл
септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен
қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған
ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып
оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес
ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы
жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік
бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты
ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне
толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту:
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы
білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да,
сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми
қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге
қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”,
“Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер
(стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші
мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену –
енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен
бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы
оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте
қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат
жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай
жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін
оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу,
тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін
түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады”
белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын
түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін
жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға
жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау
жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру –
аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім
арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға
дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне,
басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз
ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл
сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой
түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың
әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта
түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн
диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі”
сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен
таныстыра кетемін.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен
жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін
мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан
тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан
кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына
“жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы
талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4
логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2
санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты
бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін
жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ”
оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр
оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып,
өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.
Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға
үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте
сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады,
ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген
дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан
вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында
олар:
Бөліктің оң жағына, сол жағына.
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол
әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,
себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып
біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған
кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып,
жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын
білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б.
түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға
үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз
астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің
тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған
мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын,
пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру
мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың
үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына
қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін,
нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз
бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған
кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы
деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға
болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына
салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал
айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға
арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға
толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын
меңгереді.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және
кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген
ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің
қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты
сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды
үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа
педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір
ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына
сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін,
белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік
мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен
дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге
болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында
болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей
отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа
жүйенің құны болмайды.
Д ә с т ү р л і с а б а қ т а
р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме
береді
Мәтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің
түсіндіргенімен байланыстырып айтады
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы
түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді,
дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
RWCT с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер
арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке
кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды,
салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды Әр түрлі әдістер
арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне
түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын
жасайды
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау
керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге
қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол
көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске
асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап
жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену
арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір
ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан
ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың
60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты –
шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені
талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін
осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу
бағдарламасына сәйкес бір ізді жүйелі түрде қолданып келдім.
Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б.
стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке
қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол сала отырып,
этнопедагогика элементтерімен ұштастырамын.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен
нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің
сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты
қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын
іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды
|

|

|
|
|
|
|
Пәні: қазақ тілі
|
Мектеп: КММ «Амангелді орта
мектебі»
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Қожантаева Ә.Ж
|
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
|
Тақырыбы: Менің Тәуелсіздік
Қазақстаным
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
5Т2. Таңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын
түсіну және нақты ақпаратты анықтау;
5А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді
олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын
жеткізе білу.
5Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер
құрастыру.
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық әтіндер орындай алады:
|
|
оқушылар мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және
нақты ақпаратты анықтайды.
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
|
синоним, антоним, омоним анықтай алу, өзара
мазмұнын талдай алады.
|
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
|
Әртүрлі стильде мәтіндер құрастырады.
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Мәтіннің негізгі мазмұны түсінеді, нақты
ақпараттарды ажырата алады.
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен
терминдер:
|
|
Егеменді, мемлекет, мәдени, пайдалы
кендер
|
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер: мемлекеттің елшілігі, пайдалы кендер, дамыған
ел.
Discuss the chart that is created. Which is the
most popular fruit choice? How do we know?
Has every learner’s choice been recorded? How can
we check?
Ask learners if they can think of other questions
that we might have investigated. If ideas are not forthcoming,
‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put
in the basket? What other things could we try, to see if people
have favourites? What other questions could we have asked about our
fruit basket?
Take ideas and ask – What do you think the result
might be? What would the pictogram look like?
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның астанасы қай жерде
орналасқан?
|
|
Не себепті …. деп ойлайсыз?
|
|
|
|
Алдыңғы оқу:
|
Өткен тақырып бойынша мектеп туралы кабинеттер,
парта, орындық, тақта, қабырға, бор деген сөздерді
біледі.
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
Басы
10 минут
|
Ұйымдастыру.
Амандасу, психологиялық ахуал .
Қуан, шаттан, балақай
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн, Қайырлы таң.
Күліп шықты бүгін күн!
Шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір- біріне жылы
лебіз айтады.
Үй жұмысын тексеру: «Мен саған, сен маған»
әдісі арқылы өткен тақырыпты тексеру.
Бейнежазба көрсету: оқушылар бейнежазбаны көріп,
бүгінгі тақырыпты болжайды.

Қалыптастырушы бағалау:
|
Слайд
Бейнежазба
|
|
Ортасы
30 минут
|
Сабақтың мақсатын хабарлау:
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен
таныстырамын.
Саралау әдісі:
Топқа бөлу: көк, қызыл, сары түстер арқылы
оқушылар үш топқа бөлінеді.
топ- «Бәйтерек» тобы
2-топ- «Ту тобы»
3-топ- «Шанырақ» тобы
Оқушыларға видео материал көрсету. Слайд
арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Мәтінмен жұмыс.
№1. Оқушылар мәтінді 2 рет мұқият
тыңдайды.
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет.
Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі
халқы- қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен
экономикалық және мәдени байланыстар жасап жатыр.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. Астана
Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.
Қазақ жері пайдалы кендерге бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. Біз
Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел
болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті,
дамыған ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол менің
Отаным.
№1. Мәтіннен алынған сөздерге синоним, антоним,
омоним сөздер жаз.
|
Сөздер
|
синоним
|
антоним
|
омоним
|
|
Мәдениетті
|
|
|
|
|
Тәуелді
|
|
|
|
|
Әдемі
|
|
|
|
|
Бай
|
|
|
|
|
Ел
|
|
|
|
№3. Мәтінді екі рет тыңдап, ақпараттарды
мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
|
Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті,
|
1.себебі ол менің Отаным.
|
|
Дербес,
|
тәуелсіз ел болу қандай бақыт!
|
|
Астана Сарыарқа даласында,.
|
дамыған ел.
|
|
1.Қазақстанды жақсы көремін,
|
Есілдің жағасында орналасқан
|
ҚБ. 
Сергіту сәті: Қазақстан жұлдыздарының
орындауындағы «Елім менің» әнін тыңдап, бірге айтады.
№4 Мәтіндегі оқиғаларды ретімен
орналастырыңыз:
|
Қазақстанның негізгі халқы- қазақ
халқы.
|
1
|
|
Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана
қаласы.
|
7
|
|
Қазақ жері пайдалы кендерге бай.
|
5
|
|
Қазақстанның негізгі халқы- қазақ
халқы.
|
6
|
|
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет
|
3
|

Бағалау. «Үш шапалақ» 
|
№4 .Сабақтағы мәліметтерді жинақтап, постер
дайындайды.
|
Дара диаграмма постер дайындайды.

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бір-бірін
бағалайды.

1 ТІЛЕК
Дескриптор:
Мәтін мазмұнын түсінеді
мəтін мазмұны бойынша 3 сұрақ
құрастырады
постер құрайды
Кері байланыс:
Топта жұмыс істеу ұнады ма?
Қандай қиындықтар болды?
|
Слайд
Мәтін
Графикалық органайзер
|
|
Соңы
5 минут
|
Рефлексия: «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда
екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағынының
тұсына жапсырады.
|
Стикер
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай
түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие
элементі).
|
|
Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы жоспарладым.
Қабілетті оқушыларға деңгейіне сай тапсырма
құрастырылды.
|
ҚБ.бағалау.Үш шапалақ, 2 жұлдыз ,1 тілек,
эмоциялық бағалау, кері байланыс.
|
Қазақстан тарихы.
Презентация, слайд .
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының
құндылықтарына сүйене отырып, патриоттық сезімді ояту,
Отанымызды сүю, тілімізді қадірлеу, бір-бірімен достық қарым-
қатынас жасау.
|
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды
ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде
өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және
неге?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды
пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
|
Сабақтың мақсаттары, міндеттері орындалды.Сабақта
оқушылар Қазақстан туралы тақырыпқа сай білім алды.Сабақ жоғары
деңгейде өтті.Сабақта алынған тапсырма сәйкес болды.Уақытты тиімді
пайдаландым. Жоспарыма өзгерістер енгізудің қажетігі
жоқ.
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға
қатысты)
1: жұппен, топпен, жекеше жұмыс
түрлері.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да
жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға
қатысты)?
1.№1,3 тапсырма жақсы өтуіне ықпалы
зор.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе
жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін
қандай ақпарат білдім?
|
Жобалап оқу және авторлық оқу
технологиясы
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп
қабырғасынан алған білім нəрімен сусындаған оқушы жастар, бүгінгі
студенттер. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім берудің тиімді
жолдарын іздестіру өзекті мəселелердің бірі болып қала береді.
Қазіргі кезде оқу орындарында жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту,
тəрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда, соның
нəтижесінде жаңа технологияларды оқыту үрдісінде кеңінен қолдану
жан-жақты насихатталуда. Ендеше, оның көрінісі неде? Жаңа
технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің
ізгілендіру технологиясы, түсіндіріле басқарып озат оқыту
технологиясы , деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік
технологиясы жəне жобалап оқыту технологиясы кіреді. Оқу
технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық
меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық
оқу технологиясы
Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек,
дəстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру
мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. қЖобалап оқыту технологиясы
педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық
жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің
жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны
өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып,
өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға
болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21-ғасырда əлемдік білім беру
жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі - мектеп
білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрылым өз бетінше білім алып,
оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жəне жоба жұмысын жасауға
мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екені - бүгінгі күн
талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен
күнге артуда.
Жобалау технологиясы
«Шежіре сыры- домбыра»
Орындаған: 7 сынып оқушысы Қожантаева
Диляра

Авторлық оқыту технологиясы
«Мектепалды дайындық топбына арналған сергіту
сәттерінің жинағы»
Авторы: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қожантаева Ә.Ж.

Релаксациялық сергіту сәттері
«Сәлемдесу» ойыны
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез
жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай
амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен…
қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен…
арқамен.

Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты
білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге
тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді
пайдалануды қажет етеді.
Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін
жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның
неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы
көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту
технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
• шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне
байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды,
жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің
қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген
құрылым.
«Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш
кезең бойынша қолданылады:
1 сызба.

2 сызба.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже
береді:

Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек
сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау
арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен
жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде
емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн
мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда
бұл стартегиялардың маңызы зор.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған
“Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”,
“Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,
ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн
кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып
айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды
қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының
ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас
қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға
үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің
дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:
1. “Көрнекілік арқылы баяндау” стартегиясы
бойынша “Көктем” тақырыбына арналған 6 сынып оқушыларының топтық
жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең
шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен
ақылдасып, сурет салып қорғады).
I топтың жұмысы :

А) Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
Б) Көктем кереметі.
Көктем келді. Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы
жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай
тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре
бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз
мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.
2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс
жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға
оқу,тақырыппен танысу барысында
V - білемін
- - білгеніме сәйкес келмеді
+ - жаңа ақпарат
? - тереңірек білгім келеді,зерттегім
келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
Осы стратегия бойынша 6 б сынып оқушысы
Астраханцев Владиславтың жұмысы:
Ыбырай Алтынсарин
|
V
|
-
|
+
|
?
|
|
Ыбырай Алтынсарин
ұлы ұстаз,жазушы,
ағартушы.Ол қазақ балаларына арнап мектеп
ашқан.
|
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожа
бидің тәриесінде болған.
|
«Қазақ хрестоматиясы»деген
оқулықтың авторы.Орыс жазушыларының әңгімелерін
қазақ тіліне аударған.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс
болған.
|
Отбасы,балалары туралы білгім келеді.
|
INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық
етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін
анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту мақсатына
жетудің нақты жолдарын көрсетеді.
3 сызба.
Бұл технологияның
тиімділігі:
Ұстаз жетістіктері:
Республиалық «Менің мамандығым» байқауы 2019
ж;
Аудандық ӘБ отырысында «Қазақ тілі сабағында
этнопедагогика элементтерін жаңа технологиялар арқылы пайдалану»
баяндама (Явленка, 2018ж);
«Азбука.kz» интернет порталында «Бастауыш сынып
оқушыларына арналған сергіту сәттерінің жинағы» сабағын жариялау
(2018 ж);
Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысу, 2017
ж;
«Есіл таңы» газетінің № 3 (509) санында «Анамның
тілі ардақтым менің» мақаласын жариялау (Явленка, 2017
ж);
«Астана Мақсат Қазақ ұстазы» республикалық
журналының № 1.1 (25) санында «Мақтақыз бен мысық» ашық сабаған
жариялау (2016 ж);
Авторлық әдістемелік жинақ «Мектепалды дайындық
тобына арналған сергіту сәттерінің жинағы» 17.03.2016 ж, «Өрлеу»
БАҰО;
«Қазақ тілі және әдебиет пәнінің үздік мұғалімі»
1-орын, облыстық «Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру
орталығы, 2016 ж.;
Авторлық бағдарлама «Бастауыш сыныптарына
арналған сергіту сәттерінің жинағы» 2018 ж.
Оқушылардың жетістіктері:
Республикалық интеллектуалдық «Ақ бота» марафоны
2-орын, 2018 ж.;
Республикалық ғылыми жобалар байқауында ерекше
шығармашылық танытқаны үшін мадақтама, 2018 ж.;
Республикалық «Зерде» зерттеу жобасы, 3-орын,
2018ж. (аудандық кезеніңде )
Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының
аудандық кезеңінде 1-орын, 2019ж.;
Абай, Мағжан, Махамбет оқулары 1,2-орындар
2018-2019 жж.;
Республикалық қашықтық олимпиадаға белсенділік
танытқаны үшін мадақтамалар 2016-2017 жж;
Пәндік олимпиада 3 орын 2017 ж
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды
жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№
3,2004 ж .
2.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан
оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006
ж.
3.Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№
1,2003 ж.
4.Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім
сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім
берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана
2006ж.
2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы».
Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж.
№1.
3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бастауыш мектеп, 2004ж.
4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен
әдістері. Алматы, 2006ж.
5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж
№4
6. Интернет жүйесі
|