400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көкшетау қаласы

«№4 орта мектебі» КММ





Баяндама :

«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»





Бастауыш сынып мұғалімі:

Жадрасинова С.Е.







2019 жыл















ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылды. Жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық технология қалыптасуда. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы 2016-2017 оқу жылында жаңа мазмұнда білім беру жүйесіне кірісіп кеттік. Жұмыс барысында менің түйіндегенім бұл жүйеде қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.бі

Мұғалімдер оқушылардың  үйренгенін  үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда  көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады.Ақпарат дұрыстығының сапасы мен  оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне   кепілдік беріп,  сенімділігін арттырады.

Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды  мәселелерді жоюға мүмкіндік

береді.Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, сыныпта осы рәсімдерді жүргізуге қажетті тестілер мен тапсырмалардың  сапасына ерекше назар аудару керек. Мысалы, орта білім беру мұғалімдердің көбісі оқулықтан немесе өткен емтихан тапсырмаларынан  алынған тест сұрақтарын пайдаланады.

Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті.

Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін  қалыптастыру  болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу  қажеттілігі жоқ.Кейбір оқушылар  сыныптастарынан немесе мұғалімнен баға алғаннан гөрі, өзін-өзі  бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады.  Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың  жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі  «ымыралы» әдіс болып табылады. Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Жаңартылған мазмұнда білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен өзгерістері жетерлік. Айта кететін болсам, оқушы күнделігі мен сынып журналының өзгерістері.

Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі