400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Жаңа заман – жаңа білім мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарламаға жаңаша көзқарас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Aтамуратова Шахноза Акрамқызы

Математика пәнінің мұғалімі,

Валерий Чкалов орта мектебі

Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы

shahnoza- 4848@mail.ru




Жаңа заман – жаңа білім мазмұны


«Мен еш уақытта өз оқушыларыма

ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың

оқуы үшін жағдай жаратамын»

Альберт Эйнштейн


Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жиі қозғалып жүрген тақырып - жаңартылған білім мазмұны. Жаңартылған бағдарлама мектеп тәжірибесіне енгізілгеніне де 2 жылдың көлемі болды.

Білім берудің мазмұнын жаңарту – заманның талабы. Осы орайда еліміздің үздік педагог ғалымдары білім берудің жаңа бағдарламаларын құрастырып жатыр.

Жаңартылған білім беру мазмұнын мұғалімдерге кеңірек таныстыру мақсатында Тараз қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 2 шілде мен 13 шілде аралығында математика пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.

Курс барысында жаңартылған білім мазмұнына қатысты барлық сұрақтарға толық жауап алдық. Оқу кезінде математика пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәрістер тыңдадық, білім беру мазмұнының құрылымымен, мақсаттарымен таныстық, оқытуды нәтижелі ететін әдіс-тәсілдердің түрлерін сабақ барысында қолдануды, сонымен қатар бағалау жүйесін үйрендік.

Осы білім беру үрдісінде мұғалімге аса қажет болатын негізгі құжаттар – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен таныстық, сол бойынша жұмыс жасадық. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – ақпаратты іздеу, талдау, адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталғандығы.

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер болды: «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Джигсо әдісі», «Борт журналы», «РАФТ тәсілі», «IDEAL тәсілі» және т.б.

Курс барысында көптеген ақпараттарға ие болдық. Біздің білімге деген ынтамызды, құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Гульнара Дабыржанқызына айтар алғысымыз мол! өзіГульнара Дабыржанқызы – өзінің дара үйірімпаздығымен мұғалімдерді алға қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыра алатын адам. Түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр курсқа қатысушының санасына жеткізе білді. Сабақ барысында біліміміз одан ары жетіле түсті. Сабағымыз өте қызықты, тартымды өтті. «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр, Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр» деп Махмұт Қашқари бабамыз айтқандай, Гульнара Дабыржанқызы берген білімді болашақта өз тәжірибемде қолданатыным сөзсіз.

Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны өзінің оң әсерін береді деп ойлаймын. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер елімізде көбейе берсін! Баланың функционалды сауаттылығын дамыту, оның бойына қажетті дағдыларды дарыту – жаңа білім бағдарламасының негізгі мақсаттары. Мақсаттар өз мәресіне жетіп жатса, елімізде бәсекеге қабілетті жаңа буын ұрпағы тәрбиеленіп шығатыны хақ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.01.2019
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12