400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жаңалыққа бастаған - жаңартылған бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік отырыстарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңалыққа бастаған – жаңартылған бағдарлама

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». (Андреас Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бас хатшысының ұйымдастырушысы)

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегиясы болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Оқушылар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым мүмкіндіктері оқушыларды барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып табылатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша сапалы білім алу оқушылардың өздерінің ойлары мен эмоциясын басқаларға қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Оқушылар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым мүмкіндіктері оқушыларды барған сайын артып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды.

Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған. Құндылықтар мен дағдылар

• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

• қарым-қатынас жасау қабілеті;

• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

• жауапкершілік;

• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

• өмір бойы оқуға дайын болу

• сын тұрғысынан ойлау;

• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

• проблемаларды шешу қабілеті;

• ғылыми-зерттеу дағдылары;

• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

• жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері - пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); - таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы; - білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі; - бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы; - бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; - оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016). Оқу бағдарламасының үйлесімділігі Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады.

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мəңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар жəне еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы. «Мəңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық жəне жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана- сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер əрі бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады. Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары:

1) Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана. Астана – тəуелсіздіктің алғашқы сəтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.

2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда жəне басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нəсілдік тиістіліктеріне жəне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – əркімнің жəне барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының əр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дəстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

3) Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият Біздің еліміз əлемдік қауымдастықта рухани əлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік жəне қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.

4) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық- индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық жəне кəсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды əлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық жəне өмірлік əлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік жəне корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

6) Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата- бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мəдени-өркениеттік дəстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті жəне тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Əрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу жəне отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.

7) Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы жəне жауапты ішкі саясатының басты мəні. «Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде іске асыру тетіктері Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тəрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тəрбиенің бірлігі болып табылады. «Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу жəне т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мəңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.

Тұрсұнқали Меруерт

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей)

  2. Н.Назарбаев. «Қазақстан халқына жолдауы»







Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі













Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі













Курстан өткен мерзімі: 2016 жыл, 160 а.с

Тренері: Мұхтаров А.Х.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қарымсақова Г.Н.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі