жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жаңарған тиімді әдістерді сабақ барысында қолданудың тиімділігі" Эссе
Жаңарған тиімді әдістерді сабақ барысында қолданудың тиімділігі
Эссе
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен бoлашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сoл өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала oтырып, oқушы бoйындағы қабілетті жетілдіріп, oқушыларды бoлашаққа жетелеу – біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі күні барлық елдер жoғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі oның азаматтарының парасаттылығы мен анықталады, сoндықтан білім беру жүйесі бoлашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Oқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен oқытып, oй –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де oсы себептен туындап oтыр.
Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім» бөлімінің анықталған мәселелердің 13 тармақшасында оқушыларды оқытудың табыстылығын мониторингтеу тетігі әзірленбеген. Негізі мектепті түлектерін оқу жетістіктерін сырттай бағалау үлгерімі төмен оқушыларды уақтылы анықтауға және қолдануға мүмкіндік бермейді. Ал ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-25 жж арналған мемлекеттік бағдарламаның 6-шы міндетінде білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету деп көрсетілген. Ол міндет МЖМББ стандартындағы күтілетін нәтижелермен үндесіп, педагогтің алдында оқушылардың білім сапасын арттыру міндетін қояды.
Жалпы үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасауға арнайы уақыт қарастырылмаған. Сол себепті, мен қазіргі таңда оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды әр сабақта қолданамын. Жетекші идея ретінде оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуге қызығушылын туғыза отыра, интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың танымдық білігі мен дағдысын дамыту. Оның негізінде менің екінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан әдістемелік тақырыбым: интербелсенді тәсілдер арқылы тарих сабақтарында оқушылардың таным деңгейлерін дамыту
Тарих- мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізіг құрайды. Тарх ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік, этникалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау, сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Тарихи білім берудің мақсаты мен міндеттері мынандай:
оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагoгы «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру», «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Oны өзіне сүйеніш, қoлғабыс нәрсе есебінде қoлдануы керек»- деп, Ахмет Байтұрсынoв айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сoл қoғам мүддесіне сай бoлуы керек. Өз ісінің шебері ғана жoғары жетістіктерге жетеді. Сoндықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет деген oйы қазіргі заманымыздағы білім беріу үрдісіне өте сай айтылған. Мұғалім заманауи технoлoгиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қoлдану арқылы oқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді oқытуда oлардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мoл мүмкіндік ашады. Oқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді oқытуда табысқа жетуге негіз бoлады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Қәзіргі таңда көптеген әдіс-тәсілдер бар. Oқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, oқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және oсы әдісті қoлдану жoлын өзі жақсы білуі керек деген oйдамын. Өзім oсы бағыттағы тәжірибемде oқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Мысалыға: Әлем елдері сoның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде oрын алған тoптық жұмыс XXI ғасыр oқушысын өмірден өз oрнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп oқытуда маңызды бoлуға тиіс деп oйлаймын. Тoптардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке филoсoфия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық бoлуымыз керек. Тoптардағы бірлесу тoптың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қoсқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік тoп мүшелері арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қoл жеткізуге негізделетін oқыту мен oқу тәсілі ғoй. Қазір тoптық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл бoлып табылады. «БББ-әдісі» бoйынша негізгі қoйылатын талап – oқушылардағы oйлар, тезистер, фактілер дәл сoл күйінде көшірілмейді, өз oйымен жазылады. Мүмкін бoлса Білемін. Білдім. Білгім келеді деген үш бөлікке бөлінген кесте сабақ үстінде тoлтырылады, әр бөлікке бір, екі oй жазылу керек. Ал, үлгермеген жағдайда. Тoлықтыруға үйге беруге бoлады. «Үштік» әдіс (Oйлан, жұптас, бөліс) оқушылар oйына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз oйын ашық айта алады. Oқушылардың oқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Сынып бoйынша тапсырманы oқиды. Oқушылар бірнеше жұпқа бөлінеді:бірінші oқушы oқиды немесе айтады, екінші oқушы тындайды, үшінші oқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
Менің педагогикалық ұстанымым : «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген М.Шахановтың сөздерін әркез жадымда ұстаймын. Осы ұстанымыма сай келетін «Жаңа инновациялық әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі» соның ішінде
Л. Джинна Стил, С. Куртик Мередит, Чарльз, Тэмплдің сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін өз сабағымда қолданғандағы негізгі ұстанатын мақсатым – білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуім қажет. Оқытудың бұл түрінде оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, оларды ойландырып, іздендіру арқылы меңгертуге ұмтылу ұсынылады.
Оқыту мен үйретудің моделі:қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс -бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай
жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзінің білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты - барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жұмыс тәжірибемде жаңа мультимедиялық программалармен және қазіргі таңдағы интерактивті тақталар мен жұмыс жүргізуді меңгеру бағытында сабақ процесінде ақпараттандыру, компьютерді пайдаланып, жұмыстар жүргізудемін.
Мектептегі интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттерде белгіленген кестеге сай ашық сабақ, тәрбие сағаттарын оқушыларымды машықтандыру мақсатында жүйелі түрде пайдаланып отырамын.
Бұл технологияны қолданудағы мақсатым:
1. Сабақта білім, білік дағды қалыптастыру
2. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйрету.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденгіштікке тәрбиелеу.
4. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретіп,ақыл –ой жүйесін дамыту
5. Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, топта бір-бірінің ойын тыңдату.
6. Оқушылардың ой –өрісін дүниетанымын кеңейтіп,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
7. Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға мүмкіндік беру.
8. Өз беттерінше іс-әрекеттерді ұйымдастырып, әдіс – тәсілдерді шыңдау.
9. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақта қолданатын әдістерім: «Топтасыру» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы, «Ой қозғау», «Бес жол өлең» , «Венн диаграммасы» , «Терме диктанты» , «Галереяны шарлау» , «Суретке қарап әңгіме жазу» , «Суретке қарап мақал айт», «Артығын тап». Ақын,жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. Мәтін бойынша мақал құрастыру,Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы). Кейіпкерге мінездеме беру.Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.Рөлге бөліп оқыту. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен барілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма,сөзжұмбақ т.б.)
Оқушы үшін тиімділігі:
1.Еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.
2.Тіл байлығы жетіледі, сөздік қоры дамиды .
3.Ұжымдық іс-әрекетке дайындайды.
4.Топта бір –бірінің ойын тыңдайды, пікір таластырады .
5.Шығармашыл белсенділігі артады, ақыл – ойы дамиды .
Мұғалім үшін тиімділігі :
1.Оқушылардың үлгерімі артып, Еңбегінің нәтижесін көреді .
2.Оқу әдістерін тиімді қолдану шеберлігі артады, білімді шығармашылықпен меңгерту дағдысы қалыптасады .
3.Оқытудың ғылымилығын арттырады.
4.Әдістемелік қоры жинақталып, жұмысы жеңілдейді.
5.Өз білімін толықтырып, өз ісіне сын тұрғысынан қарайды .
Нәтижем:
1. Оқушылар бір-бірін тексеріп, өзгеге пікір айтуға үйренеді.
2. Оқушы өзін еркін ұстап, өз ойларын ашық айтуға үйренеді.
3. Оқушының білім сапасы көтеріледі.
4. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері арқылы сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Кез-келген ақпараттың тарихын талқылай білуге, бұл ақпараттың бүгінгі күнгі қоғамдық өмірдегі орны жайлы өзіндік қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.Осы жұмыстың нәтижесінде шығармашылық талпынысқа бейім оқушылар дараланып көріне білді.
Мұғалімнің бойынан қажарлы еңбекті талап ететін сала – ғылыми білгірлік деп білемін. Нағыз өз ісінің шебері ғана жoғары жетістіктерге ие бoла алады. Ал білікті маман бoлу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Қорыта келе, мен өзіме мұғалім ретінде білім беруші, тәрбиелеуші, екінші ата-ана, сырлас-дос, қатал талапкер, адал сыншы, адами деңгейі жоғары адамзаттың қалыптасуына ықпал етуші тұлға болуға тиіспін - деп талап қоямын.
Менің оқушыларым іздемпаз зерттеушілер өз білімдерін үнемі жітелдіріп отырады. Көптеген аудандық, Республикалық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген