400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша өзіндік пікір. Әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру –заман талабы

           Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде ,оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде, еліміздегі педагогтердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды. Жалпы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама болып табылады.Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалімдер қажет.Сонымен қатар жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, АҚТ –ны қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу , коммуникативті қарым-қатынас жасай алу, жеке, жұппен және топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру болып отыр. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты.Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуі қажет. Білім мазмұнын жаңарту тікелей мұғалімнің шығармашылық кәсіби шеберлігіне байланысты негізделген.Сонымен қатар «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтып кеткендей қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы қажет деп ойлаймын. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі бағыты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту деп білемін. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрынғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру. Ендеше заман талабына қарай ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға бетбұрыстары айқын көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім болып, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты тұлғаны қалыптастырайық! Білім берудегі жауапкершілігімізді абыроймен атқару ұстаздық борышым деп түсінемін.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.10.2018
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі