400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған ,білім берудің ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған бағдарлама білім берудің жаңа мазмұны

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. «Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бұл жаңарудың уақыт талабы екенін түсіндіреді. Біз заман ағымына ілесуіміз үшін жаңалықты қабылдап, қарабайырлықтан арылып отырғанымыз жөн. Ал ол үшін, үнді ойшылы Махатма Гандише айтсақ, «болашақтағы өзгерістерді байқағымыз келсе, оны уақытында жасауымыз керек». Болашақ көріністерін білім-ғылым саласындағы оң бағыттардан бастағанымыз абзал.

Оқушылардың сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыру, сауаттылығын дамыту үшін мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, бір сөзбен айтқанда, өз біліктілігі мен шеберлігін жетілдіруге атсалысуы керек.

Қазір елімізде білім берудің мазмұнын жаңарту бағытына ерекше көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Соңғы жылдары әлемдік білім беру жүйесінде көш бастап келе жатқан «Кембридждік оқыту» жүйесіне қазақстандық мектептерде де жаппай көшу басталды. Соның легінде мектебіміздің мұғалімдерінің түгелге жуығы Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы білім жетілдіру курстарынан өтіп келеді. Бастапқы тәжірибе кезеңіне орай, қоғамдастық құрып, тізбектелген сабақтар, «LS зерттеу сабақтары», коучингтер, тәлімгерлік жұмыстар жүргізе отырып, жаңа өзгеріс сипатын қалыптастырудың алғашқы басқыштарынан өтті. Жаңартылған білім жүйесі біріншіден, оқушының уақытын тиімді пайдалануға, екіншіден, мұғалімнің шығармашылықпен айналысуына, үшіншіден, баланың есте сақтау, жаңаша, креативті ойлау қабілеттерін дамытуға біршама септігін тигізіп жатыр.

Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі ұстаздарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандық білім беру ұйымдарына білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Мұғалімге жаңашыл талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіруіміз абзал.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі