жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған бағдарлама аясында құрылған сабақ жоспары
Тобы сыныбы: МАД сыныбы |
Ақмола облысы, Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамит Акерке Сериккызы |
|
Білім беру саласы: |
Коммуникация (қатынас) |
|
ҰОҚ |
Көркем әдебиет |
|
Бөлім, Бөлімше: |
Мен қандаймын? |
|
Тақырыбы: |
Алтын бала (әңгіме) |
|
Оқу мақсаты |
Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау.Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.) |
|
ҰОҚ мақсаты |
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады және оларға жауап береді. Тыңдалған материалы сурет бойынша оқиға желісін сақтап баяндайды. Жанрлардың ерекшеліктерін атай алады. Кейіпкердің қылығы туралы пікірлерімен бөлісе алады. |
|
Сөздік қорын дамыту |
Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады. Көптілділік: алтын бала – золотой мальчик – golden boy Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио |
|
Әдіс-тәсілдер |
Ширату әдісі,әңгімелеу,пікір алмасу, «Шарлар картасы» тәсілі, Сергіту сәті, «Кейіпкерлер әлемі» ойыны, «Жұмбақты шеш» айдары. «Есте сақта» айдары,«Кемпірқосақ» әдісі |
|
Ресурстар дамытушы орта |
Мектеп, сынып, бөлме,тақта,түрлі-түсті шарлар, бетперделер,суреттер, әліппе-дәптер, жолақша. |
|
Күтілетін нәтиже
|
||
Білу керек |
Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып шағын шығармаларды айтып береді. |
|
Негізігі ұғым |
Жанрлардың ерекшеліктерін ажыратады. |
|
Ие болатын дағдылар |
Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады. |
|
Жоспар
|
||
ҰОҚ кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Сабақтың басталуы 2 мин |
Психологиялық ахуал.Өлең шумақтарын бірге қайталау. «Ширату» әдісі Өзім жақсы баламын, Ана тілін аламын. Мейлі қайда жұмсасын. Бәріне де барамын. -Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса,барсыңдар ма? -Аналарыңа үй жұмысына көмектесесіңдер ме? Мақалмен таныстыру. «Алғыспенен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер.»
|
Балалар бірге шеңберге тұрып орындайды.
Балалар алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжамдайды |
Сабақтың барысы 2 мин
8 мин
1 мин
8 мин
6 мин |
Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребустың шешімін тап. Қандай баланы «алтын бала» деп айтуға болады? Әңгіме жанрымен таныстыру. Әңгіменің ерекшелігі қысқа оқиғаны әңгімелейді. Диофильм арқылы «Алтын бала» әңгімесімен таныстыру. (қаралым,тыңдалым дағдысы қалыптасады) «Шарлар картасы»тәсілі. (4 к моделі Сыни ойлау, коммуникация,қолдау көрсету,диалог,нәтиже) Тапсырма 1:Әңгіме мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы картаға шарлар ілу. -Анасы Зәукенді қайда жұмсады? -Зәукен неліктен кешікті? -Анасы көршілерінен Зәукен туралы қандай сөз естіді? -Зәукен қандай бала? -Зәукеннің анасының есімі қалай? -Осыдан кейін анасы баласына не айтты деп ойлайсыңдар? («Бас бармақ» тәсілі арқылы өзара бағалау) Сергіту сәті Ата менен ананың,айтқан тілін аламын Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын Төсекті өзім жинаймын,ешкімді ренжітпеймін Маған ешкім тиіспейді Мен де бәрін сыйлаймын «Кейіпкерлер әлемі» ойыны (4 к моделі коммуникация,командалық жұмыс, топтау, креативтілік ,нәтиже) Кейіпкердің суретін тарату арқылы 4 топқа бөлу. 1- топ Зәукен 2-топ Зәукеннің анасы 3-топ Ақсақал 4-топ Көрші апа Бетперде кию арқылы берілген кейіпкердің қылығын сипаттау. Топ ішінде пікір алмасу. (Смайлик арқылы өзара бағалау) Сурет бойынша жұмыс. (4 к моделі сыни ойлау,коммуникация, креатив) Сурет бойынша әңгімеле: Алдарына әңгіме желісі бойынша суреттер тарату. Сурет арқылы әңгіменің мазмұнын жұбыңа баяндап бер. Әңгімені ары қарай өз ойыңмен жалғастыр. Ой қозғау «Жұмбақты шеш» айдары Өзi ащы, Бiрақ, Дәмдi етер асты. (Тұз) - Анасы Зәукенді қайда жұмсап еді? «Есіңе сақта» айдары Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын! Мағынасын ашу, түсіндіру. |
«Алтын бала» Балалар өз жауаптарын айтады.
Әңгімені мұқият тыңдайды.
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр жауап берген оқушы картаға шар іледі.
Балалар орындарын тұрып қимыл-қозғалыс арқылы педагогтің іс әрекетін қайталайды.
Топқа бөлінеді. Ойын шарты бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Жұппен жұмыс жасайды
Тұз Сұраққа жауап береді
|
Қорытынды 3 мин |
Рефлексия «Сұрақ-ілмегі» әдісі – Қандай жанрға жатқызасыңдар? – Әңгіме қалай аталады? – Әңгімеде кімдер туралы айтылған? – Әдепті, ұқыпты, тілалғыш бала болу қиын ба? «Кемпірқосақ» әдісі арқылы бағалау Балалар сабақты қаншалықты жақсы түсінсе соншалықты кемпірқосақ биік болады.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. Алған әсерлерімен бөліседі.
Бүгінгі ҰОҚ-нен алған білімдерін қаншалықты түсінгендерін кемпірқосақ жолақтарын жапсыру арқылы бағалайды. |
Бағалау критерийлері, білім алушы |
Тапсырмаларды орындағанда қателеседі. |
Тапсырмаларды орындағанда қиналады. |
Тапсырмаларды толық дұрыс орындайды. |
Берілген сурет бойынша әңгіме құрай алады. |
|
|
|
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар қояды, және сұрақтарға жауап бере алады. |
|
|
|
Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айта алады. |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген