Материалдар / «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
302
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кешімізді бастаймыз.Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тілімен.Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.2-жүргізуші:Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,Қайта тудым,өмірге қайта келдім.Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,Айта бергім келеді, айта бергім!Қайран, қазақ еліЖас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.1-жүргізуші:Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.2-жүргізуші:Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.Осыдан он тоғыз жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ  халқының аңсаған арманы еді.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.1-жүргізуші: Желтоқсан айыКешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды  да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек  көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігернлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың  сарт-сұрт айқасы.Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың  бозбаларыЕнді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді  тамашалаңыздарКөрініс. «Жастардың алаңға шығуы»Дауыс: Естідіңдер ме?Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!Қосылыңдар біздің қатарға!КөрінісТалғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.  Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?Қайрат: Жолдастарыммен бірге.Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтінКез болдың мынау заманға,Шовинизм еді ғой,Басты себеп жалғанға.Елбең, елбең жүгіргенЕбелек отқа семірген.Арғымақ мінген жаратып,Ақсауыт киген темірден,Алатаудай бабалар,Аруағыңмен жебей көр.Қайраттың туысбауырларына арналған  өлеңдерінен үзіндіҚайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,Туа бермес сіз секілді асылдар.Қартайғанда жүрегіңді жаралап,Кесір болды-ау біз секілді масылдар!
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!