М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаттың математика
пәні мұғалімі Кабыланов
А.Х
Жаңартылған бағдарлама-білім берудің
жаңа мазмұны
Эссе
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім
берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру
жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс
тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру,
оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың
бағдарлама.
Қай
елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі
күннің басты талабы.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және
оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім
берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал
етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби
шеберлігі.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ
–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан
ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру
үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу,
модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)
үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі
спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра
тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз
жеткіздік.Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге
байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге
қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де
білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен
көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп
отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана
емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның
құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар
үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес,
сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра
алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман
мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір
жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл
шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін
қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай
алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды
меңгерген болуы керек.