жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып ұстаздарына арналған тест.
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптарға арналған тест.
1.Сындарлы оқытудың мақсаты?
А.Алған білімдерін өмірде қолдану
В.Дағдыларды меңгеруге ықпал тигізу
С.Оқушылардың алдыңғы білімдері мен ұштастыра отырып жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді
Д.Белсенді жұмысқа тарту
2.Шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді жетелейтін оқу :
А.Бірлескен оқу
В.Инклюзивті оқу
С.Сындарлы оқу
Д.Белсенді оқу
3.Бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары?
А.Оқылым, жазылым, көрсетілім, айтылым
В.Оқылым, жазылым, көрсетілім,тыңдалым
С.Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым
Д.Айтылым, тыңдалым, жазылым,түсіндірілім
4.Сапалы ұйымдастырылған біліктілікті арттыру шарасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі (Schlager and Fusco 2003)
А) ынтымақтастық
В) үйлесімділік
С) кешендік
Д) құзыреттілік
5.Мәтіннің мағынасын түсіну немесе анықтау (Муни,1995)
А) тестілеу мақсаты
В)тыңдалым мақсаты
С)оқылым мақсаты
Д)жазылым мақсаты
6.Алда күтілетін шараны тұжырымдау
А)болжам
В)ойлау
С)түсіну
Д) бағамдау
7.Ұжымдық дәлелдеу
А)Ақпаратты талдап,талқылауда және өз нәтижелерімен таныстырарда бірлескен тұлға аралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал
В) Ақпаратты талдап,талқылауда және өз нәтижелерімен таныстырарда ойлау дағдыларын өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал
С) Ақпаратты талдап,талқылауда және өз нәтижелерімен таныстырарда пікірталас пен келіссөзді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал
Д)Ақпаратты талдау,талқылау,өз нәтижелерін таныстырарда жеке тұлғаның әрекеттесуін өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал
8.Дәлелдеу кезеңін қамтитын тәсілдер
А) елестету, дәлел келтіру, және түсіндіру
В)салыстыру ,мақұлдау және дәлел келтіру
С)елестету, салыстыру,түсіндіру және көрсету
Д) елестету,салыстыру, түсіндіру және дәлел келтіру,мақұлдау
9.Оқушылар өздерінің тапқандарының негізінде мәселеге түсініктеме беруді, талдауды, қорытынды жасауды күтетін оқыту мен оқуға арналған әдістің бірі
А)құрылымдалған зерттеу
В)ашық зерттеу
С)мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу
Д)аралық зерттеу
10. Өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы?
А)Ұжымдық және дәлелдеу
В)Стандарттау және модерация
С)Монологтік және диалогтік
Д)Тұжырымдау және сипаттау
11.Заттарды абсолюттік материя ретінде түсіну және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасатын сала?
А)Диалогтік
В)Ұжымдық
С)Дәлелдеу
Д)Монологтік
12. Ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі?
А)Тұжырымдау
В)Дәлелдеу
С)Ұжымдық дәлелдеу
Д)Сипаттау
13.Оқушыларға басқатырғышты шешу жөніндегі өте қызықты жаттығу беріп, кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін сый беруді ұсынған
А)Химменес-Алейхандре
В)Поля
С)Деки
Д)Муни
14. Уәжді өсіретін фактор
А). Оқушылар сабақтың мақсатын және өзінен не күтілетінін білмейді
В). Оқушылар мұғалімнен көмек күтеді
С).Оқушыларға ойлануға уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту
Д). Негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім
15. Біз қандай қортындыға келдік ? сұрағы қарастырылған модельдің кезеңі
А). Зерттеу
В). Байланыс орнату
С) Ретке келтіру
Д). Шара қабылдау
16. Төмендегі нұсқалардың қайсысы рухани құндылықтың аспектісі болып табылады?
А) Бір оқу мақсаты оқу жоспарының бірнеше жерлерінде қолданылуы;
B) Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу;
C) Білім беру бағдарламасының «үйлесімділігі»;
D) Қадағаланатын нысандарды ауызша сипаттау.
17.Әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша оқушыға балл және баға қою арқылы бағалау
А) жиынтық бағалау
В) қалыптастырушы бағалау
С) қорытынды бағалау
Д) ынталандырушы бағалау
18. Оқушылардың нені білу керек екендігін айқындайтын критериалды бағалауға негізделген, сынып сайын күрделеніп отыратын оқу мақсаттарынан тұратын құжат қалай аталады?
A) білім беру стандарты
B) оқулық
C) оқу бағдарламасы
D) әдістемелік нұсқау
19. Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» деген ұғым нені білдіреді?
A) бағдарлы білім беру жүйесі
B) дəстүрлі оқыту мендәстүрлі емес оқудың байланысы
C) модульдік оқу жүйесі
D) барлық компоненттердің бірлесіп әрекет етіп, бірін-бірі толықтыруы
20. Білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем
А) бағалау критерийі
В) модерация
С) тапсырма
Д) мұғалім портфолиосы
21. Оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым төмендегі қай нұсқаға қатысты айтылған?
A) спиральді оқыту
B) оқытуды бақылау
C) оқытуды саралау
D) оқытуды талдау
22.Тапсырма бойынша орындаған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы
А) кері байланыс
В) оқу мақсаты
С) модерация
Д) дескрипторлар
23.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын анықтайтын құжат
А) тест спецификациясы
В) модерация
С) тапсырма
Д) мұғалім портфолиосы
24.Оқушының пәндер мен бағалаудың әр түрлері бойынша оқу жетістіктерін жеке белгілеу, жинақтау формасы
А) бағалау критерий
В) оқушы портфолиосы
С) тапсырма
Д) мұғалім портфолиосы
25. Қоршаған әлемде болып жатқан үдерістерді тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан ақпараттық контентті дамытуға бағытталған бағдарлама
A) математика пәні
B) дүниетану
C) сауат ашу
D) қазақ тілі мен әдебиет
26. Бастауыш білім беру аясындағы спиральді білім беру бағдарламасы қалай ұйымдастырылады?
A) бөлімдер нақты бір пәннің кезеңдерін бейнелейтін ішкі тәртіп бойынша орналасқан
B) бөлімдер әрқилы орналасқан
C) қалыптастырушы бағалауға негізделген тапсырмсалар жүйесі қарастырылады
D) өзін-өзі бағамдай алу дағдылары қарастырылған
27. Оқыту мен оқудағы пәнаралық байланыс мәселесі қандай тәсілмен байланысты?
A) оқытудың сындарлы тәсілі
B) бірізділік тәсілі
C) зерттеушілік әрекеті
D) модельдеу тәсілі
28. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі ненің көмегімен өлшенеді
A) тапсырмалар негізінде
B) оқу мақсаттарының негізінде
C) алдын ала белгіленген критерилердің көмегімен
D) ұзақ мерзімді жоспар негізінде
29.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы келесі ұстаным:
А)қателерін түзету үшін оқыту.
В) өз еркімен оқыту
С) мәжбүрлеп оқыту
Д) өз ойын еркін айтуға оқыту
30. Белгілі оқу мерзімінде оқу блогін оқып бітіргені үшін:
А) қалыптастырушы бағалау.
В)жиынтық бағалау
С)критерийалды бағалау
Д)өзара бағалау
31. Бағалаудың нәтижелері тіркеліп, тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаны
автоматты түрде санап шығаратын электронды құжат түрі
А) электронды журнал
В) сынып журналы
С) тәрбие журналы
Д) оқуының үлгерімі туралы табелі
32. Дағдыларды атаңыз?
А) 1)сын тұрғысынан ойлау; 2)білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;3)проблемаларды шешу қабілеті; 4)ғылыми-зерттеу дағдылары; 5)қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); 6)жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; 7)АКТ саласындағы дағдылар.
Ә) 1)Оқу бағдарламасы, 2)Оқу жоспары, 3)Бағалау.
Б) 1)әдістемелік нұсқау, 2)бағалау, 3)оқу мақсаттары, 4)оқу жоспары.
В) 1)Ой бөлісу, 2)тыңдау, 3)ой қорыту
33. Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі кімдердің кітаптарында талданған?
А) Марзано, Пикеринг және Поллок
Ә) Джером Брунер және Блейзер
Б) Пикеринг мен Л.Гумилев
В) Блум мен Пикеринг
34. Модель қанша және қандай кезеңдерді қамтиды?
А) 7түрі және ретке келтіру, зерттеуге дайындық, зерттеу, сұрыптау, алға ілгерілеу, байланыс орнату, іс-әрекет.
В) 4түрі және жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым
С)5 түрі және оқумақсаттары; оқуресурстары; оқулық пен оқушыларға арналған жұмыс дəптеріне айқышсілтеме; мазмұнға арналғантəсілдер;
сəйкес базалықақпарат; пəнаралықбайланыс; дамытушыжаттығулар.
Д) 3 түрі және сұрыптау, алға ілгерілеу, байланыс орнату
35. Пән бойынша оқу жылдамдығының нормативі І-ж.ж. 55-60 сөз қай сынып?
А)1
В)2
С)3.
Д)4
36. Пән бойынша оқу жылдамдығының нормативі ІІ-ж.ж. 80-90 сөз қай сынып?
А)1
В)2
С)3
Д)4.
37.Ғылыми –танымдық шығармалар
А) мақала,очерк,естелік, өмірбаян
В) әңгіме,мысал,ертегілер
С) өлең мақала,мысал
Д)ертегі жаңылтпаш,жұмбақ
38. Қазақ тілі пәні бағдарламасы бойынша сағат саны
А)201 В) 203 С)202 Д)204
39.Сауат ашу пәнінің мақсаты не?
А) айтылым,тыңдалым, жазылым, оқылым және дағдыларын қалыптастыру
В) айтылым,тыңдалым үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап,білім алуға ынталандыру
С)айтылым,тыңдалым,жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығын негізін қалап білім алуға ынталы және тұлғаның білім алуына мүмкіндік жасау
Д) тілдік бірліктер (дыбыс,буын,сөз,сөйлем,мәтін) және орфография пунктуация қарапайым түсініктерді меңгерту.
40. Сұрақтың қандай түрлерін білесіз?
А) Ашық және жабық
В) Тұйық, жоғары деңгейлі
С) Түйінді, төмен деңгейлі
Д) Ашық, жоғары деңгейлі
41. «Сауат ашу » пәні неше кезеңнен тұрады?
А) 5 кезең
В) 2 кезең
С) 3 кезең
Д) 4 кезең
42.Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі қандай оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады?
А) Тәжірибе жасауға негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен
Ә) Дамытуға негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен
Б) Шыңдауға негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен
В)Зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен
43. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін ата?
А) - оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру; сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру; қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту; ауызша, жазбаша тілін дамыту.
В) Оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;
С) Сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;
Д)Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
44.Жаратылыстану пәнін оқу және меңгеру нені түсіндіреді?
А) өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну, жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктерін түсіндіру.
В)Қоршаған әлемнің күрделілігін,байланысын,өлі және тірі табиғаттағы құбылыстарды,жаратылыстану бағытындағы білімнің маңыздылығын түсіндіреді.
С) Әлем жайлы ой-өрістің кеңеюін, қоршаған әлемді тұтастай қабылдауын,жай білуін түсіндіреді.
Д) Табиғат заңдарын тану, күнелікті өмірде тіршілік қауіпсідігін қамтамасыз етуді,құбылыстарды талдауды түсіндіреді.
45.Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнінен оқу бағдарламасы қандай дағдылар мен біліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған?
А) Эксперимент жүргізу, сипаттау, зерттеу.
В) игеру, бағалау, іздеу.
С) Зерттеу, ойлау, коммуникативтік.
Д) қорытынды жасау, бағалау, таным.
46. Жаратылыстану пәні бойынша негізгі мектептің қандай пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған?
А) Биология, география,химия, физика
В) Тарих, биология, физика, әдебиет.
С) география, қазақ тілі, алгебра, тарих.
Д) Физика, музыка, химия, биология.
47. Мұғалімдер атаулы пәнге тән ғылыми тілді дамытқанда сабақтың несі анықталады?
А) Сабақтың тақырыбы
В) Сабақтың түрі
С) Сабақтың тілдік мақсаты
Д) Сабақтың әдісі
48. Жаратылыстану пәні оқу бағдарламасында .... қамтылған?
А) Ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену, мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу, ақпараттарды өңдеу.
В) Экскурсия бойынша әңгімелесу, тапсырмаларды бөлу, өзара оқу
С) Белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің пікірін тыңдау және ойын айту
Д) Белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолдану, ауызша әңгімелеу.
49.Л.Выготский негіздеген ұғым
А) Метаталдау
В) Қолданбалы зерттеу
С) Жада
Д) синтездеу
50.Өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдаған кім?
А) Л.Выгодский 1978
В) Рата 2012
С) Хэтти 2009
Д) Девид Колб
51.Мұғалім «сыныптағы ахуалды жақсы білуге тиіс» деп кім айтты?
А) Джерм Бруннер
В) Е.Аронсон, Д.Бриджмен
С) Б.Ф.Скиннер 1953
Д) Hatte 2012
52. Критериалды бағалау ұғымын кім және қай жылы енгізді?
А) Глейзер, 1963
В) Дарлинг- Хэммонд және Печеон, 2010
С) Хетти, 2011
Д) Рама, 2012
53. Модерация дегеніміз не?
А) Тапсырма бойынша орындалған жұмыс деңгейінің немесе сапасының сипаттамасы.
В) Оқушының жұмысты қаншалықты дұрыс орындағанын бағалайтын тұжырым
С) Білім алушының оқу жетістігі деңгейін анықтайтын белгі немесе өлшем.
Д) Мұғалімдердің бағаларды стандарттау мақсатында бағалаудың әділ және шынайы болуын қамтамасыз ететін бір пән және сынып бойынша оқушылардың жұмыстарына талқылау жасайтын үдеріс.
54. Бастауыш сынып пәндерін оқытуды жоспарлауда қандай құжаттарды басшылыққа аламыз.
А) ОМЖ, ҚМЖ, ҰМЖ
В) Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.
С) Оқу мақсаттарын, оған негізделіп ұсынылған жаттығулар, қалыптастырушы бағалау.
Д) Мұғалімнің біліктілігін арттыру бағдарламасы
55.Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі
А) Бағалау критерийлерін анық жазады
В) Әрекеттестік стилін өзгертеді
С) Оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетеді
Д) Тұжырымға негіздетеді
56.Мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарына не дайындайды
А) ҚМЖ
В) ОМЖ
С) ҰМЖ
Д) Сабақтың мақсатын
57. ҚМЖ жасауда мұғалім сабақтың қай бөлігін басшылыққа алады
А) Тақырыбы
В) Мақсаты
С)Бөлімі
Д) Бөлімшесі
58. Оқытудың нәтижелерін жіктеу,сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару қандай бағалау деп айтылады
А) Жиынтық бағалау
В) Қортынды бағалау
С) Қалыптастырушы бағалау
Д)Критериалды бағалау
59. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алатын тәсіл
А) Белсенді оқу
В) Инклюзивті оқу
С) Бірлескен оқу
Д) Ынтымақтасты оқу
60. Мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы қалай аталады
А) Қалыптастырушы бағалау
В) Критериалды бағалау
С) Сыни бағалау
Д) Жиынтық бағалау
61.Оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір пән аясында оқытылатын оқушылардан күтілетін білім,дағдылар,түсінік және біліктерін көрсететін тұжырым.
А) Оқу мақсаты
В)Оқу жоспары
С)Оқушылардың қажеттіліктері
Д) Оқу үдемелілігі
62. Хэтти(2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60 155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса қандай әдісті пайдаланды?
А)Сұрақ-жауап әдісі
В) Метаталдау әдісі
С)Түсіндіру әдісі
Д)Ойын әдісі
63. Тыңдау арқылы түсіну;хабарланып жатқанды естіп,естігенімізді түсіну.
А) Түйіндеме
В) Түсіну дағдылары (тыңдалым)
С) Ұжымдық диалогтық оқыту
Д) Қарым-қатынас дағдылпары (айтылым,жазылым)
64. «Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты-
А) оқушылардың таным негіздерін меңгеруіне жəне тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау
В) «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат əлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру.
С) оқушылардың тілдік жəне əдеби құзыреттіліктерін дамыту, көркем сөздің құдіреті мен əсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым-қатынас жасау əрекеттерін меңгерту
Д) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қағамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
65. «Дүниетану» пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қандай пәндерді игеруге негіз болады?
А) математика
В) жаратылыстану
С) қоғамдық-гуманитарлық
Д) ақпараттық
66. «Құқық және міндет» бөлімшелері қай бөлімде қамтылған?
A) Мен және қоғам
B) Елімнің табиғаты
C) Тарих беттерінен
Д) Мерекелер
67. Оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның қандай қандай іс – әрекетін ұйымдастыру қажет?
А) оқу жобалау іс – әрекет ұйымдастыру
В) белсенді іс – әрекет ұйымдастыру
С) тілдік іс – әрекет ұйымдастыру
Д) зерттеушілік іс – әрекет ұйымдастыру
68. Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты:
А) білім беру бағдарламасының оқу жоспары болып табылады.
В) білім беру бағдарламасының бағалау қағидаттары болып табылады.
С) білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
Д) білім беру бағдарламасының пәнаралық байланыс болып табылады
69. «Математика» пәнінің оқу бағдарламасы қандай мәселелерді қамтиды?
А) іс-әрекетін ұйымдастыру
В) бірін-бірі оқыту
С) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету, ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту
Д) барлық жауап дұрыс
70. Математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері.
А) талқылауларға қатысу
В) тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру
С) компьютерлік бағдарламаны қолдану
Д) қарым-қатынас ортасын құру керек
71.Оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндігіне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны, білім, білік дағдыларының көлемін анықтайтын құжат:
А) оқу бағдарламасы
В) нұсқаулық
С) оқу мақсаттары жүйесі
Д) қысқа мерзімді жоспар
72. «Санды және әріпті өрнек» бөлімшесі қай бөлімге жатады?
A) геометрия элеметтері
B) Жиын. Логика элементтері
C) сандар және өлшемдер
Д) алгебра элементтері
73.Математика бойынша бастапқы білім қандай қабілетін дамытады?
А) коммуникативтік
В) сын тұрғысынан ойлау
С) әлеуметтік
Д) модельдеу
74.«Математика» пəні бойынша оқу құралдары қандай?
А) «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Математика» оқулығы жəне «Оқушыға арналған жұмыс дəптері»
В) «Орта мерзімді» , «қысқа мерзімді жоспарлау»
С) «Оқу бағдарламасы», «Оқу жоспары»
Д) «Оқушы портфолиосы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық»
75.Оқыту үдерісінде оқушының қай жерде екенін, жетістікке жету үшін қай бағытқа бағдар алуы керек жəне жетістікке қалай қол жеткізуге болатыны туралы шешім қабылдау үшін қолданатын дəлелдемелерді іздестіру жəне түсіндіру үдерісі.
А) Өз бетінше оқу
В) Оқыту үшін бағалау
С) Бірлескен оқу
Д) Əдістерді зерделеу
76. Нунс пен Брянттың (2006 ж.) пайымдауынша, оқушыларға оқу мен дұрыс жазуда үздік болуға көмектесудің ең жақсы əдістерінің бірі:
А) Оқушылардың қабілетін дамытуға ықпал ету
В) Өз ана тілінің морфемалық жүйесімен толық таныс екендігіне көз жеткізу
С) Таным негіздерін меңгеруіне жəне сəйкес дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау
Д) Оқушылардың қажеттіліктеріне назар аудару
77. Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну:
А) Модельдеу
В) Оқу диалогтері
С) Пəнаралық байланыс
Д) Бірлескен оқу
78. Оқыту мен оқу əдіс-тəсілдерін көрсет:
А) Бүкіл сынып орындайтын жұмыс, шағын топтардағы жұмыс, жеке жұмыс,
ширату жаттығулары, жалпы сабақтар
В) Топ болып талқылау, жұп болып талқылау, нұсқау беру жəне айту
С) Көрсету жəне модельдеу, түсіндіру жəне сипаттау
Д) Сұрақ қою жəне талқылау, зерделеу жəне зерттеу, бекіту жəне қолданысқа енгізу
79. Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы неше негізгі пәндерді қамтиды?
А) Бағдарлама алты негізгі пəндерді қамтиды
В) Бағдарлама бес негізгі пəндерді қамтиды
С)Бағдарлама төрт негізгі пəндерді қамтиды.
Д)Бағдарлама сегіз негізгі пəндерді қамтиды.
80. Есеп шығару жоспарын көрсет
А) Есепті түсіну; жоспар құру; жоспарды орындау; өткенге көз жүгірту;
В) Жаттығу туралы сұрақ қою; оларға жауап беру;
С) Шешімді үнемі жеке бағалау; топтан көмек сұрау;
Д) Шешімін сынап көру; жоспарды орындаңыз;
81. Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қандай бағалау түрлерін қамтиды?
А) Қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау
В) Қалыптастырушы бағалау
С) Ішкі жиынтық бағалау
Д) Топтық, жұптық бағалау
82. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасының авторы:
А) Гриффин
В ) Блейзер
С) Л.Гумилев
Д) Джером Брунер
83. ХХІ ғасыр қандай дағдыларын қамтиды?
А) Ғылыми ізденістер, проблеманы шешу, сын тұрғысынан ойлау,
В) Ақпаратты іздеу және табу, қабілеті жобалау, тәжірибелік дағдылар.
С) Ғылыми ізденістер, проблеманы шешу, сын тұрғысынан ойлау, тәуелсіз оқу, серіктестік, ақпаратты іздеу және табу, қабілеті жобалау, тәжірибелік дағдылар.
Д) серіктестік, ақпаратты іздеу және табу, қабілеті жобалау, тәжірибелік дағдылар.
84.Бастауыш сыныпта тілді оқыту бағдарламасы өзара байланысқан неше пəннен тұрады:
А) Сауат ашу; Қазақ тілі; Əдебиеттік оқу;
В) Əдебиеттік оқу; Математика; Жаратылыстану;
С) Математика; Жаратылыстану; Дүниетану.
Д) Сауат ашу; Қазақ тілі мен Əдебиеттік оқу;
85. Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі бойынша «Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?» - сұрағы қарастырылған кезең:
А) Зерттеуге дайындық
В) Əдістерді зерделеу
С) Саралау үдерісі
Д) Ұйымдастыру
86. Барлық пəндердің бөлімдері өз ішінде нелерге бөлінеді?
А) Барлық пəндердің бөлімдері өз ішінде бөлімдерге бөлінеді.
В) Барлық пəндердің бөлімдері өз ішінде тармақтарға бөлінеді.
С) Барлық пəндердің бөлімдері өз ішінде тарауларға бөлінеді.
Д) Барлық пəндердің бөлімдері өз ішінде бөлімшелерге бөлінеді.
87. Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі:
A) Жоғары деңгейлі есте сақтау дағдыларын қалыптастыру
В) Жоғары деңгейлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
С) Жоғары деңгейлі түйсіну дағдыларын қалыптастыру
Д)Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру
88. Қалыптастырушы бағалау, бағалаудың қандай бөлігі болып табылады?
А) Күнделікті сабақ беру барсында жүйелі жүргізіледі және бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Ә)Маңызды бөлігі болып табылады.
Б)Тоқсанына бір рет бағалау болып табылады.
В) Барлық тоқсанда аптасына бір рет бағалау болып табылады,және бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
89. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары жеке тұлғаны қалыптастыруда қандай бағытталған қағиданы ұстанады»
А) жеке пікірді тыңдай білетін
В) проблемаларды шешу жолдарын білетін
С) арифметикалық алгоритмдерді пайдалану
Д) «қалай білім алу керектігін білетін»,дербес,ынталы, ой-өрісі дамыған
90.Мұғалімнің пайдалана алатынына аса бір тиімді әдісінің бірі
А) Мысал келтіру
В) Дауыстап ойлану
С) Мақұлдау
Д) Түсіндіру
91. Мұғалімнің сабақты жоспарлауының бірінші қадамы
А) Сабақ мақсатын анықтау
В) Қысқа мерзімді жоспар
С) Ұзақ мерзімді жоспар
Д) Тапсырма ұйымдастыру
92.Математика адамзатқа əлемді танып білуде қандай әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар қорытындылардың шынайылығын дəлелдеуге мүмкіндік береді.
А)жинақтау және талдау абстракциялау мен айқындау тəсілдерін жүргізуге
В) анализ жəне синтез, математикалық индукция мен дедукция, абстракциялау мен айқындау тəсілдерін жүргізуге
С) синтез және талдау абстракциялау мен айқындау тəсілдерін жүргізуге
Д) Құру мен қолдануға байлаысты тәжірбие
93. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары ненің негізін қалыптастырады?
А) Үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін , тілдік пәндердің рөлдерін.
В) Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен білім негіздерін қалыптастыру.
С) Денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін ғылымдар ойынша білімдерін қолдануды
Д) Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзіреттіліктің негізін қалыптастырады..
94.Бағалау қандай түрде жүргізіледі
А) қолжетімсіз, марапатсыз
В) жабық, асыра
С) қолжетімді, анық, ашық
Д) ашық, мадақтау
95.Оқушыларды уәждеудің түрлерін ата?
А). Қалыптастырушы және жинақтаушы
В). Негізгі және туынды С) Сыртқы және ішкі
Д) Түсіндіру және ескерту
96.Математиканы оқу үдерісінде оқушылар қалыптастыратын талпыныс түрлері?
А) критикалық ойлауды, зерттеу жəне қарым-қатынас дағдыларын дамытады, математикалық білімді өмірде жəне шығармашылықта қолдану қабілетін тұрақты дамытуға жəне жетілдіруге талпыныс қалыптастырады
В) білімді өмірде жəне оқуда жазуда қолдану
С) ойлау сөйлеу, шығармашылықта қолдану
Д) Тәжірибиелік, шығармашылық.
97.Қазақ тіліндегі оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы неге бағдарланған?
А).Оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіріп,жаңа түсініктерді қалыптастырып,қабілеттерін дамытуға
В).Дағдыны дамытуға
С).Оқылымға
Д).Сыныпта проблеманы шешуге
98.Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалім неге көбірек көңіл бөледі?
А). Мәтінге
В). Тура нұсқау беру,қолдау көрсетуге
С).Тақырыпқа
Д).Тәртіпке
99.Диалогтік көзқарас нені қарастырады?
А) Проблеманы
С).Монолгтік көзқарасты
Д). Дәлелдеу барысында ,яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білімді
100.Бастауыш сынып оқушыларының қай кезде оқуға деген ынтасы артады?
А)Жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде
В)Ойнағанда
С)Сабақ оқығанда
Д)Топтық жұмыста

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген