400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жаңартылған бағдарлама. Дос болайық бәріміз. Ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Нурманова Назгул

ТАҚЫРЫБЫ:

«Дос болайық бәріміз» (сахналау)

Күні 28.11.2018ж

Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар?

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсаттары

0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

0.2.1.1 Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлау (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында

қозғалу.

0.3.1.4. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Күтілетін нəтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;

дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады;

кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында

қозғалады;

командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады;

басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.

Кейбір тәрбиеленушілер:.

ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар

негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасайды.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

театрланған қойылымдар арқылы тілін дамытады;

кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді;

байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

сөздік қоры жинақталады.

Көптілділік:

достық – дружба – friendship

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

қаумалап, алқымға алып, найза.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме?

Қандай жағдайда?

Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Өткен ҰОҚ

бойынша алған

білімі

Ертегі туралы білімдері. Театр туралы түсініктері.

Түрлі екпінде сөйлеу, дауыс екпінінен көңіл күйді ажырата білу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.






II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3–5 мин.

Педагог Айсұлу мен Қуаныштың қонаққа келгенін айтып, оларды

достық шеңберіне шақырады.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз шыншыл дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз қайырымды дос болып.

– Балалар, Қуаныш пен Айсұлу сендермен дос болғысы келеді.

– Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

– Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді

ме? Қандай жағдайда?

Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас.

Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап,

оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды

мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне

көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.















ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 21мин.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру.

Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.

(Ұ) Ойын: «Достасу»

Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады.

Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған бала

досына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп

оралып біткенше жалғасады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады? Солардың

дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет.

– Достық туралы қандай ертегі білесің?

«Достық» ертегісін ұсынады.

Педагог ертегіні суреттер көрсетіп баяндайды (Қосымшаны

қараңыз).

– Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.

– Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?

– Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады?

– Балара оларға не деді?

– Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па?

– Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Педагог ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне

көмекке келгенін айтады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың? Досыңмен бірігіп ым-

ишара арқылы көрсет.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.

Сергіту сәті.

Достар бірге жүреміз (қол ұстасып айнала жүру),

Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу).

Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу),

Қуанамыз, билейміз (би қимылдарын жасау).

Бөлінбейді іргеміз (қол ұстасып, жоғары созу),

Әрқашанда біргеміз (иілу, қол шапалақтау).

Осыдан кейін «Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның

достығы жайлы әңгімелеседі.

(Т) Топқа тапсырма:

Педагог балараның айтқан сөзінен үзінді оқиды. Топтан бір бала

шығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды (сыбырлап және

ақырын).

(Ұ) Жұмбақ-ойын: «Айна».

Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір

бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал

басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай

кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады.

Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады.

Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап

алуды тапсырады.

Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап

рөлдерге бөлінеді.

Педагог тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай

ұстайтындары туралы түсіндіреді.

Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады.

Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды.

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Досымызға үнемі жақсы,

жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі.

Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал

болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.__


Әліппе-дәптер










Әліппе-дәптер


Суретті

плакаттар














Әліппе-дәптер


















Сиқырлы қор-

жын, текшелер,

Сахна қойылы-

мы


Атрибут,

киімдер


Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

22-25 мин.

(Ө, Қ) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге өз жұмыстарын

бағалауды айтады.

Көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Әліппе-дәптер

Қосымша ақпарат

Жіктеу –тәрбиеленушілерге

көмектесуді қалай

жоспарладыңыз?

Қабілеттірек балаларға

қандай тапсырмалар беруді

ойластырдыңыз?

Бағалау – тәрбиеленушілердің

білімін бақылауды қалай

жоспарладыңыз?

Пәнаралық

байланыстар:

«Өзін-өзі тану», «Тіл

дамыту және көркем әдебиет»,

«Қоршаған ортамен таныстыру»

Педагог қажеттілігіне қарай

мөлшерлеу көмегін көрсетеді.

Қабілеті жоғары балалардың

қызығушылық деңгейін

көтеру.

Назар салу мен бақылау.

Ақыл-ой қабілеттері айқын

көрінген балаларға арналған

ашық сұрақтарды пайдалану.

Топтағы тәрбиеленушілердің

жұмысын, олардың өзіндік

жұмыстарын қадағалап отыру.

Қосымша сұрақтар.

Әліппе-дәптердегі жұмыстарын

(қорытынды, тапсырмалар) қарау.

Оқушы рефлексиясының

қорытындыларын талдау.

Құндылықтар:

рухани адамгершілігін, шағын

қойылымдар арқылы актерлік

шеберлігін, қимыл үйлесімділігін,

бейне жасау қиялын дамыту.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1:

2:

Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі

сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі