Жаңартылған
бағдарламаға жаңаша көзқарас
Қазақстан
2030 стратегиялық бағдарламасы білім
берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен
және Қазақстанның білім беру жүйесін
әлемдік білім беру кеңестігіне
кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда
қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас
тілі – орыс тілі және ағылшын тілі
–жаһандық экономикаға кірігу тілін
оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта
жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың
тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану-заман талабы болып отыр.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін,
заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына
жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың
күн санап өсуіне байланысты педагогика
ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған
орай оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
көзқарас пайда болды. Осыған байланысты
ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жаңартып отыру және технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Білім
беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың
әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.
Бағдарламаның міндеттері:
Бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасының
құрлымымен, ондағы материалдардың
күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен
және мақсаттарымен таныстыру;
Бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасына
сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерін
түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз
ету:
Бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасындағы
оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында
критериалды бағалау жүйесін түсініп,
қолдана білуін қамтамасыз ету;
Мұғалімдердің бойында орта білім
мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш
сынып пәндері бойынша жаңартылған білім
беру бағдарламасын іске асыру үшін
қажетті дағдыларды қалыптастыру.
«Бастауыш
сынып пәндері бойынша критериалды
бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында
бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері
анағұрлым толық қарастыратын болады.
Сонымен қатар педагогиканың түрлі
аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас
жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен
жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу),
белсенді оқу, зерттеуге негізделген
оқу.
Бастауыш
сынып мұғалімдерінің біліктігін
арттыру курсы аясында қолданылатын
тағы да бірқатар тәсілдер:
*Мұғалімнің
жетекшілігімен жүретін оқылым мен
жазылым;
*Қарым
– қатынас жаттығуларын пайдалану;
*Проблема
шешу мақсатында жеке және топта жұмыс
істеу;
*Орындау
арқылы білім алу (әрекет ету арқылы)
*Ашық
сұрақтарды пайдалану;
*Дәлел
ұсынуға ынталандыру;
*Зерттеу
барысында бірлесіп жұмыс істеу;
*Зерттеуге
негізделгеноқу, оның барысында оқушылар
мәселеніжеке өздері зерделейді.
Бағалау
жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап,
критериялық бағалау жүйесіне өтеді.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың
үлгерімі алдын ала белгіленген
критерийлердің нақты жиынтығымен
өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша
үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа
балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың
жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Критериялық бағалау жүйесі Филиппин,
Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия
сынды дамыған елдерде пайдаланылады.
Мұның артықшылығы, баланың ойлау
қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына
ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан
қалған бес балдық бағалау жүйесі
жойылады.
Қалыптастырушы
бағалау күнделікті оқыту мен оқу
үдерісінің ажырамас бөлігі болып
табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде
өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау
үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар
мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл не баға
қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді.
Жиынтық
бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін
(ортақ тақырыптарын және белгілі бір
оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім
деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі
туралы ақпарат алу мақсатында балл және
баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау барлық
пәндер бойынша қолданылады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне
енген жаңартылған білім беру бағдарламасы
— заман талабына сай келешек ұрпақтың
сұранысын қанағаттандыратын тың
бағдарлама.
Ұстаздарға
үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің
барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер
тынымсыз еңбектену керек.
«Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
№1арнайы (түзету) мектеп –интернаты»
КММ
Жаңартылған
бағдарламаға жаңаша көзқарас.
Эссе
Орындаған
:
Андамасова Гулмира Сериковна
2018-2019
оқу жылы