Жаңартылған бағдарламаға сәйкес "Күн тәртібі" сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған бағдарламаға сәйкес "Күн тәртібі" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, студенттерге керекті жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: дүниетану

Тірек сөздер:Күн тәртібі,демалыс күні

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.Мен және қоғам

Бөлімше: 1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Практикант:Құдайберген А.М

Практика жетекшісі:Ташиева Э.А

Күні: 21.12.2020

Сынып: 1 б

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Күн тәртібі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өздерінің күн тәртібі туралы айтады.

Көпшілік оқушылар:

Күн тәртібін құрастырады.

Кейбір оқушылар:

Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлайды.

Ойлау деңгейлері

Түсіну, білу, ойлану

Бағалау критерийлері


1. Күн тәртібі туралы білу

2.Күн тәртібін құрастыру

3.Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлау

Тілдік мақсат

(тілдік емес пәнге)

Оқушылар:

- басқаларды тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап бере алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.

Пәндік лексика және терминдер

 Күн тәртібі – распорядок дня, working day; тәулік – сутки, eartday,демалыс күні,выходной день,weekend


Талқылауға арналған сұрақтар:


  • Күн тәртібі туралы не білесің?

  • Күн тәртібін сақтаудың маңызы неде деп ойлайсың?

  • Сендердің күн тәртіптерің қандай?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық, құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

математика «Менің бір күнім» жұмыс дәптері

АКТ қолдану дағдылары

видеоролик

Бастапқы білім

Оқушылар ата- аналардан және оның алдында өткен тақырыптарынан алған білімдері арқылы пәннің мақсаты мен ерекшеліктерін ашудағы алғашқы сатысымен таныс.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дерексөздер/

Ресурстар

Сабақтың басы


1. Шаттық шеңбері

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

Шарты: Оқушылар шеңбер бойында «Гүл кестесін ұстап,бір біріне жыллы тілектерін білдіріп,қолдарындағы гүлді береді,кезек кезегімен.

Тиімділігі: Оқушының сабаққа қызығушылығы,белсенділігі артады, оқушыларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн,олардың бір біріне деген сыйластығын түзеп,жылылық орнату керек.


2. «Кіріспе сұрақ» әдісі (ұжымдық жұмыс)

Мақсаты: Оқушылар «Күн тәртібі туралы не білесің? сұрағы аясында өз ойларын білдіреді, сабақтың тақырыбын болжайды, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді.

3.Сабақтың тақырыбын хабарлап, түсіндіру
















Гүл кестесі

 Сабақтың ортасы




































Бағалау критерийі

Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлау

1.«Суреттерге қарап әңгіме құрастыр»  (бүкіл сыныппен орындалатын жұмыс)


Жұмбақ шешу;

Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат.

(Сағат)

Күн тәртібі деген не екенін түсіндіру

Күн тәртібі – бір тәулік ішіндегі іс-әрекеттердің дұрыс реті. Онда демалуға да уақыт бөлінеді. Күн тәртібін сақтау маңызды. Ол уақытты дұрыс пайдалануға көмектеседі.


2.Сұрақтарға жауап бер

1.Оқулықтың 10 бетіндегі суретке қара. Асланның күн тәртібін әңгімеле. Ол таңертең, кешке және түнде не істейді?


Өз күн тәртібіңді құрастыр,өздік жұмс


3.Кеңес бер (жұптық жұмыс)


1.Оқулықтың 11-бетіндегі сурет бойынша жұмыс; сұрақтарға жауап алу

Неліктен бала сабақта ұйықтап отыр деп ойлайсың?

Оған қандай кеңес бересің?

2. «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқу

Ұйқы – адамның демалу сәті. Түнгі ұйқы кезінде миымыз тынығып, күш жинаймыз. Ұйқысы қанған баланың оқуға да қабілеті артады.


ҚБ «Смаилик»


4.Видеоролик

«Күн тәртібінің пайдасы»

туралы

Сен демалыс күніңді қалай өткізесің,жалпы алдын ала жоспарлайсың ба?

ҚБ «Бес саусақ»


Демалыс күніңнің саған тигізер үш пайдасын айтып өтсең

Дескриптор. Күн тәртібінің қажеттілігін

түсіндіреді (1 балл).

Демалыс уақытын жоспарлайды

(1 балл).

ҚБ «Баспалдақ»


6. Дәптермен жұмыс

4-жұмыс парағы. Менің бір күнім

Оқушылар тәулік мезгілдерімен сол уақытта жасалатын іс-әрекеттің суретін сәйкестендіреді.

сәйкестендіру























Оқулық (10-бет)














Оқулық (11-бет)













сурет




видео













Сабақтың соңы

( 5 минут)

1 . «Бір минуттық әңгіме» әдісі (1 минут)

Иен Майлс бойынша

Мақсаты: Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Шарты: Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа білімді бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.


2. Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі бойынша білім алушылар тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін айтады.Жасыл түс-түсіндім, сары түс-орташа, қызыл түс-маған көмек қажет.



















Бағдаршам суреті бейнеленген үлестірме

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

5-тапсырманы белгілі бір уақыт шеңберінде қарқынмен орындайды; қолдау көрсетемін.

Бағалау-оқушы

білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


ҚБ «Смаилик», «Бағдаршам», «Бармақ» әдістері







Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығы, достық көмек беруі




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2020
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі