400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш сыныпта білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылы

Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Рыскулова Эльмира Эмирасановна

«Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш сыныпта білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері»

Қазақстан Республикасының болашағы – білімді ұрпақ. Оқушыларды білімді етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сондықтан да ең әуелі біздің яғни мұғалімдердің білім деңгейіміз, біліктілігіміз жоғары болуы керек. Ол үшін мұғалімдер заман ағымынан қалып қоймай, өз жұмыстарында ізденіп, білімдерін толықтырып, кәсіби шеберлігін жетілдіріп, жаңартып отыруы қажет. Оқып-үйренуден жалықпай, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір сабақтарын қызықты және де жаңаша түрде өтуі керек. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Шәкірттерді инемен құдық қазғандай білім нәрімен сусындату – ұстаздардың міндеті. Сондықтан технология дамыған уақытта теория мен тәжірибені тоғыстыра білуі керек. Сондай- ақ сапалы білім негізі жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдармен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Алға қойылған мақсат - 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасының негізгі идеяларын ашу және оның 12 жылдық мектептегі   оқыту әдістерінің бағыты үшін потенциалдық маңыздылығына көз жеткізу.

XXI  ғасыр мектебі  жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді,  өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог  қалыптастырады.

Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл-зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып  табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді қолданып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) жобасы мазмұны жағынан оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы мұғалімдерді оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Сонымен қатар жобаның ішінде және оның теориялық базасы негізінде мұғалім әдіс-тәсілдерді таңдауға, қолдануға, қиыстырып қолдануға, тіпті  жаңалықтар енгізуге мүмкіндік алады. Бұл мұғалімге өз оқушыларының ерекшеліктерін байқап, ескере отырып білім беруіне мүмкіндік туғызады. Бастапқы сатыда оқушының даму деңгейі анықталғаннан кейін, мұғалім кімнің сыныптастарына көмектесе алатынын, қайсылары олардың жауаптарын толықтыра алатынын байқап алады. Оқушылардың білім мен білік  қоры әртүрлі болғанмен, оқытудың да түрлі стильдері мен ыңғайы бар. Оқытудың  түрлі әдістерін қолдану мұғалімге әр оқушының қалауын және даралығын ескеруге мүмкіндік береді.

Мұғалім оқушыларына қалай көмектесе алады?  Оқу материалы және оқушылардың өз тәжірибелері мен білімдері арасындағы қажетті байланыстарды анықтауға көмектесуі жетістіктің, сәттіліктің кілті болып табылады. Сонымен бірге оқушылар өз мақсаттары мен қажеттіліктерін анықтай алу және өз көзқарасын білдіріп, оны дәлелдей алу мүмкіндігіне ие болулары қажет. Еркін пікірталасты қолдау - СТО жобасының негізгі мақсаттарының бірі. Берілген сұрақты талқылау мүмкіндігіне ие болған жағдайда оқушылардың мәселеге деген көзқарасы мен берген бағаларының алуан түрлілігі байқалады. Мұғалім «тек бір ғана дұрыс көзқарас бар» деген ойдан бас тартса болғаны, сыныпта қанша бала болса, сонша пікір пайда болады. Балалардың білімдеріндегі, дүниетанымдарындағы айырмашылықтар бірден айқын бола бастайды. Алуан түрлі пікірлер мен көзқарасты қабылдап, бағалай білу – бағдарламаның айнымас шарты және оның негізгі принципі. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының әдістері сыныптағы үйреншікті жағдайды өзгертіп, балаларды жұппен, үлкен және кіші топтарда жұмыс істеуге қызықтыруды көздейді.  Сыныптың ұжымдық білімі кең, ал сыныптастардың бір-біріне берген көмегі өте тиімді, нәтижелі екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Білімпаз оқушылар оқытушы рөліне ие болып, өз білгендерімен бөлісіп, оқуға деген қызығушылығы және өздігінен жаңа білімді игеруге деген ықыласы арта түседі. Ойдың тәуелсіздігін қолдау үшін мұғалім оқушыларға олардың әрқайсысының пікірі мен ойы құнды екенін жеткізе алуы керек. Ойды білдіру еркіндігін шектеу ойлауды шектеу деген сөз. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы мұғалімге нақты техникалар мен әдістерді таңдауда және оған шығармашылықпен қарауына ешқандай шектеулер қоймайды. Мұғалім оқулыққа тым тәуелді болмай, стратегияларды оқу материалына және оқушылардың ерекшеліктеріне бейімдеуге көп көңіл бөлуге тиіс. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2. 
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. 
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. 
Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. 
Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты жәнедарынды.оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. 
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
7. 
Білім беруді басқару және көшбасшылық. Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру.

Қорытындылай келе мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір міндет оқушылар алған білімдерін керек жерде қолдана алатын, озық ойлы, өзге өркениетті елдермен бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, Отанын шын сүйетін айбынды азамат қалыптастыру болып отыр. Ұстаздық жолдағы бар күш жігерімді осыған жұмсаймын.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі