Жаңартылған
жаңа бағдарламаның тиімділігі
Мемлекетіміздің
білім беру үдерісіне енген жаңартылған
білім беру бағдарламасы – заман талабына
сай тың бағдарлама.
Білім
беру бағдарламасының негізгі мақсаты
– білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу
және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді.
Білімдіден
не пайда, білгенін көпке айтпаса
Үйреткеннен
не пайда, қайырымды болмаса
(халық
даналығы)
айтқандай
Қазақстан Республикасының білім беруді
дамыту тұжырымдамасы білім берудің
негізгі жүйесі үлкен жаңалықпен салмақты
жауапкершілікке жүктеліп отыр. Білім
берудің негізгі өзекті мәселесі жан-жақты
заманауи тұлға тәрбиелеу.
Жас
ұрпақтың ұлттық дүниетанымын әлемдік
мәдени құндылықтармен жетілдіріп
отыруға, ұлттық құндылықтарды сақтай
білуге, өркениетті дүниеде болып жатқан
өзгерістерді ескере отырып, тарихи
экономикалық ахуалын терең танытуға
жете назар аударуымыз қажет. Қашанда
ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ
ұстаған шақта ғана өркениет алға қарай
дамымақ. Ол үшін қазіргі таңда жеке
тұлға өзіндік дәлел нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, көңілді,
белсенді, сыни пікір-көзқарасты жүйелі
дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын оқушы ретінде
қалыптасуын қамтиды.
ХХІ
ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына
қатар ілесу үшін, өзара тығыз оқушылардың
өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса
маңызды болып табылады. 5, 7 сынып пәндеріне
арналған оқу бағдарламаларындағы оқу
мақсаттары оқушылардан шынайы
проблемаларды анықтап зерттей білуді
талап етеді.
Мектеп
әкімшілігі мен білім беру жүйесін
басқару органдарының мұғалімдерді
тиісті ресурстармен қамтамасыз ету
қызметінен гөрі оқушыларды тәрбиелеу,
дамытуға бағытталған мұғалімнің
сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту
үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді. Соның ішінде
белсенді оқыту оқушылардың белснді
қызметпен айналысуы арқылы мұғалім
берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған
білімдерін есте сақтап, оны қолдана
алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы,
Хэттидің мидың қызметін талдай отырып
жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі
тек белсенді қызмет арқылы жүзеге
асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай,
білім алуда белсенді әрекет етуі керек
екендігін көрсеткен. Сондықтан, мұғалімнің
сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік
құралдар немесе оқулықтардан гөрі,
пәннің қалай оқылуы керектігі жөнінде
ойлағаны шарт. Дегенмен «Маған айт –
мен ұмытып кетемін, Үйрет маған – менің
есімде қалады, Өзіме істет – мен
үйренемін» деген қытай мақалын ұстанған
жөн.
Сабақ
барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік
оқуда маңызды рөл атқарады. Тақырыпты
мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі
бірігіп топпен оқу тиімді деген, яғни
Мерсер құрдастар тобындағы өзара
қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл
атқаратынын атап көрсетті. Оқушылар
жұпта немесе топта жұмыс істегенде,
олар «мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы»
өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше
«симметриялы» болып келеді. Баланы
оқытудың мақсаты – оны әрі қарай
мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамытуға
қабілетті ету деп атап көрсетті Эльберт
Хаббарт.
«Жаратылыстану»,
«химия» пәндері бойынша оқу бағдарламасының
негізгі бөлімі мынадай екі нәрсеге
көңіл аударады:
1.
Зерттеу жүргізу дағдыары;
2.
Біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат
және оның қыр-сырының неден құралатыны
туралы мағлұмат алу болып табылады.
Негізінен
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке
және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы
– оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы
білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмысын
жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,
жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу,
функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті тиімді оқыту
әдіс-тәсілдерді қамтиды.
Бағалау
жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап,
критериялық бағалау жүйесіне өтеді.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың
үлгерімі алдын ала белгіленген
критерилердің нақты жиынтығымен
өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша
үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау. Бұл баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады. Осы бағалау жүйесінің
артықшылығы, баланың ойлау қабілетін
дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын
туғызады.
Қорыта
айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні,
баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде
қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де
бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен
байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға
үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Оқушының бойындағы қабілетті жетілдіріп,
оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы
істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған
білім – болашақтың кепілі.
Астана
қаласы
№14
мектеп-гимназияның
химия
пәні мұғалімі
Сексенбиева
Зинат Канатовна