400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы және география сабақтарында ашық сабақтар өтіп оқушылардық қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарыдай боп кіріп ем,

Таудай болып шығамын

                                                     «Жаса сен мәңгі!

Жаса сен мәңгі!

                                                                                                       Жарық күн!»

М.Мақатаев

 Мұқағали Мақатаев  ақының    поэзиясын дәріптеуге География сабағында мүмкіндігінше өз үлесімізді қосып,  11А сыныпта өткізілген «Табиғи жағдайлар» тақырыбын қайталау сабағының жоспары.

1. Тақырыбы: Табиғи жағдайлар

2. Мақсаты:

а) Таиғат құбылысы және ауа-райын сипаттайтын фактілерді қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

ә) Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есеп шығару дағдысын дамыту.

б) М.Мақатаев поэзиясынан үзінділер келтіру арқылы кәсіби бағдар беру,ұкыптылыққа,ыңтымақшылдыққа,ізденуге тәрбиелеу.

3.Типі:Білімді жинақтау,жүйелеу сабағы.

4.Түрі: Жарыс сабақ.

5. Әдісі:жарыс, оқытудың инновациялық технология элементтерін қолдану.

6.Формасы: топпен жұмыс, жекелей жүмыс.

7. Көрнекілігі:кұралдар, ралиометр, сызбалар,карточкалар, кодоскоп, слайдқа жазылған сызбалар.

8.Эпиграфы:

«Жаса сен маңгі!

Жаса сен маңгі!

Жарық күн!»

                               М.Мақатаев

1-ші жүргізуші:

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен гой

Тымшыдай ғана нұрына,міне зарықтым

Өмір осы екен сарыңа, міне қанықтым

Жаса сен мәңгі

Жаса сен мәңгі жарық күн!

Осы өлең туралы оқушылар пікірін айтады.

Күн-тіршіліктің көзі, жарықтың көзі, өмірдің өзі- жарық екенін қорытындылайды.сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан, әр жарыстың өз шарты болады.

Шартым осы

Осыған шыдайсың ба?

Шыдамасаң, тынасың, құлайсың да

Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.

Шыдайсың ба?

Бағыңды сынайсың ба?

Оқушылар 2 топқка бөлінді.

 Бірінші топ «Жалын»

Танысуы:   Армысың жиналған топ бұл саыйсқа

                     Келдік біз сәлем беріп алдыңызға.

                     Шыққан тегім оптика патшалығы.

                     Құрметтейді ғалымдардың барлығы

                     Әкеміз Христиан Гюйгенс

                    Толқындардан алдық біз үлкен жеміс.

Екінші топ «жел»

Танысуы:  Жаныма жақсылықты жиып келген

                     Көрінген әрқашанда биіктерден.

                     Достықтың туын тіккен «Квант» тобының

                     Түлегіміз осындай  сүйікті елдің.

Сабақты қай топтан бастауды анықтау үшін жұмбақты шешкен топ сұрақтарға жауапты бірінші болып бастайды.

Жұмбақ: «Нені сандыққа тыға алмайсың?»

(«Күн сәулесі»)

№1 тапсырма: «Сырлы сандар» ойныны арқылы оқушылардың теориялық білімдері сыналады.Бұл тапсырма сұрақтары суретгідей баспалдақ түрінде орналастырылады.Әр баспалдаққа карточкаға сұрақтар жазылып ілінген.

Shape1 Көк баспалдақпен «Жалын», қызыл баспалдақпен «Жел» тобы жүріп отырады. Өз карточкасына жауап беріп болған оқушы, оның екінші жағын аустырып, орнына іліп кетіп отырады. Сонда суреттегідей сандар шығады.Жауап берген әрбір оқушы үстел үстінде тұрған құралдарды, сызбаларды пайдаланады. Оқушыларға сұрақ: Бұл сандар  нені білдіреді?

 Ол сандар ақынның туған,қайтқан және ғасыр атағын алған жылдар. Келесі баспалдақтағы сандар мектептің ашылған, оқушылардың тарыдай болып бірінші сыныпқа келген, енді таудай болып мектепті бітірейін деп отырған жылдары көрсетілген.

№2 тапсырма:

I-деңгей. «Жалын» тобына: Экономикалық жағдай

«Жел»тобына: шаруашылық салалары

II- деңгейлік тапсырмаларәр оқушыға бөлек жеке карточкаларға жазылып үлестіріледі.Бұл оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.Оны орындаған оқушы үшінші деңгейлік тапсырманы орындайды.

III- деңгейлік тапсырмаерекше құрылған.Ондағы сұрақтар күрделілеу және әр карточка сыртына  сөздер жазылған.Тапсырманы орындап болған оқушы өз карточкасының сыртындағы сөзді тақтаға жазып кетіп отырады.

Сөздерді ретімен қойғанда ақынның:«Тарыдай боп кіріп ең, таудай болып шығасың»  -деген сөздері шығады.

Сол арқылы сабақ қорытындылады.

Мұғалім сөзі: «Жалын»  «Жел» тобымыз

                          Жарысып та болдық -  біз

                          Аяқтайық осымен 

                          Жарық әрі «Жалын»  әрі«Жел» сонымен

                          Келісейік айтыспай

                          Бірігейік ренжіспей

                          Бөлінгенмен жан-жаққа

                          Мақсатымыз бір жақта

                          Оптиканың заңдары

                          Табиғатта, ғылымда

                          Осы алған біліміңді

                          Өз бойыңа жинақта

                         Дәріс берген ұстаздарды

                         Әрқашанда  ардақта.       

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

Shape2

 Оқушылардың білімі төменгідей бағаланады: 3-ші деңгейлік тапсырманы орындап, саббақа белсене қатысқандарға «өте жақсы», 2-ші деңгейлік тапсырманы орындағандарға «жақсы», ал қалғандарына «орташа» деген баға қойылып, оқушылар түгелдей бағаланады.

Соңынан жұмыс корытындысы шығарылып, озған топ басшысына алдын-ала қойылған «Жарық тәжі» кигізіледі.

 

Графия пән мұғалімі:           Турсунбаева К.М

 

 

 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі