Материалдар / жаңартылған білім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жаңартылған білім

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Тақырыбы:


«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»


«ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ»




























14.09.18ж 10 сынып

Отаным – тағдырым

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол  тәуелсіз Қазақстан.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуді ұғыну.



Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.

Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.

Білімнің салтанат құруы.

Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты.

Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір адамзат өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын білімді ұрпақ дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жас ұрпақтың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

Өз ойымды қорыта келсем, ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отаным – тағдырым
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен саналар,
Талапты бол, талантты
Бүгінгі сабақ елімізге арналар
Біз бүгін Отаным –тағдырым тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Осындай мемлекетте өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз деп айта аламыз ба
Олай болса келіңдер шаттық шеңберіне тұрайық
Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз
Өсіп өніп аламыз
2030 жылдары
Бізде азамат боламыз деп тілек тілейік
- Аспанымыз ашық болсын
- Көк туымыз биік болсын
- Әке - шешеміз аман болсын
- Деніміз сау болсын
- Еліміз тыныш болсын
Осы тілектеріміз қабыл болсын
Ал. ендеше Қазақстан туралы кім өлеңдер, тақпақ тар біледі екен
Мен бастайын
Мұғалім: Қазақстан дейтін менің елім бар
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанған
Бұл далада көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

2. Сұрақ жауап Кім көп біледі?
Қазақстан қандай мемлекет? - Көп ұлтты, тәуелсіз, егеменді, демократиялық, гүлденген, зайырлы
Қазақстанның рәміздерін ата - көк туымыз, елтаңба, әнұран
Н. Ә. Назарбаев кім?- Президент
Қазақстан неше елмен шектеседі? – 5
1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?- Ақмола
Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі?- шаңырақ
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі - қазақ тілі
Қазақстан халқының ұлттық валютасы - теңге
Елтаңбаның авторы кім? Жандарбек Мәлібеков. Шота - Аман Уәлиханов
Мемлекетіміздің астанасы қай қала? – Астана
16 - желтоқсан қандай мереке?- Тәуелсіздік күні
Ұлттық мереке?- Наурыз
Алтын адам табылған жер - Есік
Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков
Әнұранның авторы - сөзін жазған; Жұмекен Нәжімеденов. Н Назарбаев
Әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов
1995 жылы 30 тамызда не қабылданды? – Конституция
Биыл Ата заңымызға неше жыл? – 20
Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан - Еуразия

3. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1.Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
5. Отан – оттан да ыстық.
6, Отан от басынан басталады
7. Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл
8. Арың үшін алыссаң - өлмейсің
Отан үшін отқа түс – күймейсің
9. Ердің көркі – ерімен
Отан көркі - жерімен

4. Өлеңдер оқу
Мұғалім: Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын. деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!