Материалдар / Жаңартылған білім - заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жазылған дүние ұстаз қауымы үшін өте маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2019
179
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңаша мазмұны



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев



«Білім – теңіз, мектеп - кеме». Біз, ұстаздардың басты міндеті – 50 елдің қатарында керегесі мен терезесі тең дәрежеде еңсесін тік ұстап, білім деген ұшан қиыры жоқ әлемде биік белестерді бағындыра алатын жас ұрпақты кәміл, жетік тұлға ретінде тәрбиелеу.

Қазіргі таңда бала тәрбиесі өзекті мәселе. Әр баланың бойында ерекше қасиет, дарын бар. Оқушының жан әлемін ұға білу, оның бар болмысын барынша зерттеу – мұғалім тарапынан атқарылатын жауапты іс.

Тәрбие мен білім алу – ұшан теңізде жүзіп бара жатқан қайықтың екі ескегі сияқты егіз құбылыстар. Оларды бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Адам баласын ол екеуінсіз елестете алмаймыз. Демек бала тәрбиесі бесіктен басталса, ал білім баланың екінші үйі мектеппен тікелей байланыста жалғаса бермек. Педагог- ғалым А.Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама және оқулықтар керек» - дегендей, ұстамы мықты шәкірт , қорғаны бекем қоғам – жаңа өмірдегі өзгерістермен бірге қадам басатын білікті ұстаз тәрбиесінің бейнесі. Қазақтан Республикасының алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар , 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» - деп мұғалімдердің біліктілігін арттыруды талап және міндет етіп қойды.

Ендеше білім беру жүйесінде қарқынды үдерістер болып, салмақты жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – жаңартылған білім беру бағдарламасының енгізілуі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4- бет)

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағдарламаның педагогикалық аспектілері сындарлы оқыту теориясына негізделеді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушының алғашқы білімідерін жаңа білімдерімен ұштастыру болып табылады. Сындарлы оқыту тәсілдері тұжырымдамасына негізделген оқыту оқушыны жоғары нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Білім беру процесіндегі жаңашылдық – үнемі ізденісте болу, өз үстінде көп жұмыс жасау.

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білудің бірден-бір жолы. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Осы бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.

Жаңаша стандарт негізінде білім беру – бағдарламаның міндеттері мен мақсаты жаңаша әдіс-тәсілдер, табиғи және коммуникативті әдіс, белсенді оқыту әдісі техникалары тәсілдері ж.т.б. Атап айтқанда «Ауадағы сұрақтар», «Уақыт шеңбері», «Тыңдап отырған үштік», «Джигсо», «Қабырғадағы рөл», «Ақылдың алты қалпағы», «Серіктеспен сөйлесу» т.б. көптеген әдістерді тиімді пайдалану арқылы өз мақсатымызға жетеміз..

Жаңартылған білім беру бағдарламасын күнделікті өмірімізге енгізе алсақ қана халықаралық стандартқа ілесіп, еліміздің іргелі мақсаттарын, міндеттерін орындай аламыз. Сонда ғана болашақ жастарымыз Отансүйгіш, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болып өспек.

Қорыта келе айтарым әлем аренасында білімнің мықты қамалын тұрғызатын бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін функционалды сауатты, білікті маман сапын көбейтсек алдағы анық мақсатқа жететінімізге сенімім мол.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!