15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім – заман талабы
Жаңартылған білім – заман талабы
Қазақтың ұлы ақыны-Абай
Құнанбаев өзінің бірінші қарасөзінде былай дейді.
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір
жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам,
тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының
жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
Қазіргі таңда бүкіл әлем даму
үстінде. Жаһандық даму барысында білім беру жүйесі де күн сайын
болып жатқан өзгерістерге бейім болуды қажет етеді. Елбасы
Н.Назарбаев өз жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да
болар.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел
дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.Ал
бұл азаматтарды тәрбиелеп, білімді етіп шығару ұстаздардың
еншісінде.
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, әрбір пән мұғалімдер үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.
Алдымен, «Жаңартылған» деген сөзге түсінік бере кетсем...
Бұл жаңа емес, яғни бұрынғы бағдарламаны, жан-жақты зерделеп, әбден пісіріп, толықтырып, жаңартып әкелген бағдарлама. Қарапайым мысалмен айтсақ, аулада жаңа үй салмай, бұрынғы үйімізді заманауи талапқа сай өзгертіп, сәндеп, әдемілеп кіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптеген жағымсыз әңгімелердің жүріп жатқаны баршамызға да белгілі. Бұл бағдарлама дайындықсыз келген. Шетелден ала салған, бізге тура келмейді немесе нағыз қағаз басылыққа жол беретін, өміршеңдігі аз бағдарлама болып тұр деген сыпсың әңгімелерді естіп жүрген боларсыздар. Дегенмен де, осы әңгімені тоқтатып, нүкте қоятын кез келгендей. Себебі, "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығында жаңартылған білім беру бағдарламасы екі кезеңде қарастырылған. Бірінші, 2011-2016 жылдар аралығында осы бағдарламаның моделін құрау қарастырылса, 2016-2020 жылдар аралығында бұл бағдарлама енгізілетіні жазылған.Сонымен қатар, Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылады деп жазылған.Мәселен,
2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар
2017-2018 оқу жылында 2- сыныптар және 5, 7 – сыныптар
2018-2019 оқу жылында 3-сыныптар және 6, 8, 10- сыныптар
2019-2020 оқу жылында 4- сыныптар мен 9.11- сыныптар
Қазіргі уақытта "Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы
күшін
жойды.
Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығы шықты.
Осы бағдарламаны оқуды ұсынамын.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.Онда үш кезең қарастырылған.
бастауыш негізгі жалпы орта білім білім білім
Оқу бағдарламасында, Оқу жоспарларында және Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта бірдей оқу мақсаттары ұсынылған. Сабақ жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылады. Яғни бұл құжаттарды үнемі жадымызда алып жүруіміз керек.
Енді, оқу бағдарламасы дегеніміз не? деген сұраққа жауап іздеп көрсек...
Оқу бағдарламасы - оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат .
Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен бірге сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады.
Оқу жоспарына келсек, ол көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады.
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ
Қысқа мерзімді жоспар - ҚМЖ
Ұзақ мерзімді жоспар – бұл күнде стандарт болып табылады. Оны еш өзгерте алмаймыз. Орындау міндетті болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат. Онда бөлім тақырыбы, кодталған оқу мақсаттары берілген. Бұл оқу мақсатын өзгерте алмаймыз. Оны қатып қалған дүние деп қабылдауға да болады.
Ал, Орта мерзімді жоспар оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтылады. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып немесе мәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы. Орта мерзімді жоспар оқушылардың білім мен түсінік дағдыларын толық қамтуға мүмкіндік береді.Ол сегіз бөліктен тұрады.
Бірінші, ҰМЖ бөлімдері. Онда бөлім тақырыбы жазылады. Екінші,тақырыптар ОМЖ мазмұны беріледі.Егер де тақырыптар кітаппен сәйкес келмеген жағдайда өз бетімізше ізденіп тапсырмаларды оқу мақсатына сай әзірлеу керек. Бұл кезде кітап қосымша материал ретінде, яғни ресурс ретінде қолданылады.Үшінші, Оқу мақсаты берілген, оны қмж-дан алып өзгеріссіз жазамыз.Осы мақсатқа жету үшін тапсырмалар мен әдіс- тәсілдер таңдалады
Төртінші, Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жазамыз.Әрбір тапсырмаға, оқушы деңгейіне, сынып деңгейіне лайықты әдіс-тәсілдерді пайдалану ұсынылады. Бесінші, Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау бөлімі. Онда кері байланыс пен рефлекция жазу түрлері ұсынылады.Ендеше кері байланыс пен рефлекцияның айырмашылығын да түсініп алған дұрыс сияқты.
Кері байланыс-
Рефлекция -
Алтыншы, Негізгі дерек көздер.Мұнда көрнекіліктер мен сілтемелер, ресурстар жазылады. Жетінші, сегізінші графаға сағат саны мен мерзімі жазылады. Орта мерзімді жоспар негізінде ҚМЖ жазылады. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған.
Қорыта келе, біртуар тұлға қаһарман Б.Момышұлы: “Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен өзіңді – өзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық - ерліктің кепілі” деген екен. Сенің алдыңда әдемі болашақ бар. Оған жету үшін тыңбай еңбектен.Сеніміңді серік ет! Ұлағатты ұстаздар қатарынан табылып, өз біліміңмен таныларыңа сенімді болыңдар!
Шаймырзаева Багила Алтынбековна
Шымкент қаласы,
А.Назарбеков атындағы №87
жалпы орта мектебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебі
Баяндама
«»
Баяндамашы: Шаймырзаева Б.А
Шымкент қаласы
2017-2018 оқу жылы
Мәлімет
А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының 30- қазан күні жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде мектепішілік семинар болып өтті.
Семинар тақырыбы: «Жаңартылған білім – заман талабы»
Сеинардың мақсаты: Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі тәсілдерін түсіндіру; Тоқсандық жиынтық бағалау үшін тапсырмалар құрастыру мақсатында тест спецификациямен таныстыру; Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы дегеніміз не? Аталған үдеріске кімдер қатысады? Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну; Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру; Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу; Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау; Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену; Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну; ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру; Бір жүйедегі қысқа мерзімді жоспар үлгісін ұсыну.
Семинардың жоспары:
Қазіргі таңда бүкіл әлем даму
үстінде. Жаһандық даму барысында білім беру жүйесі де күн сайын
болып жатқан өзгерістерге бейім болуды қажет етеді. Елбасы
Н.Назарбаев өз жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да
болар.
Бастауыш сынып бойынша директордың орынбасары, әрі мектеп
үйлестірушісі Х.Қалмырзаева біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға
байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді
және денсаулығы мықты азаматтар.Ал бұл азаматтарды тәрбиелеп,
білімді етіп шығару ұстаздардың
еншісінде.
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, әрбір пән мұғалімдер үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиісті екенін айтып өтті.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Б.А.Шаймырзаева өз сөзінде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптеген жағымсыз әңгімелердің жүріп жатқаны баршамызға да белгілі. Бұл бағдарлама дайындықсыз келген.Шетелден ала салған, бізге тура келмейді немесе нағыз қағаз басылыққа жол беретін, өміршеңдігі аз бағдарлама болып тұр деген сыпсың әңгімелерді естіп жүрген боларсыздар. Дегенмен де, осы әңгімені тоқтатып, нүкте қоятын кез келгендей. Себебі, "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығында жаңартылған білім беру бағдарламасы екі кезеңде қарастырылған. Бірінші, 2011-2016 жылдар аралығында осы бағдарламаның моделін құрау қарастырылса, 2016-2020 жылдар аралығында бұл бағдарлама енгізілетіні жазылған.Сонымен қатар, Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылады деп жазылған.Мәселен,
2016-2017 оқу жылында 1-сыныптар
2017-2018 оқу жылында 2- сыныптар және 5, 7 – сыныптар
2018-2019 оқу жылында 3-сыныптар және 6, 8, 10- сыныптар
2019-2020 оқу жылында 4- сыныптар мен 9.11- сыныптар
Қазіргі уақытта "Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы
күшін
жойды.
Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығы шықты.
Осы бағдарламаны оқуды ұсынса, ағылшын тілі пәні мұғалімі -----------------------
қысқа мерзімді жоспардың жаңа үлгісін ұсына отырып, оның қалай жазылатынына тоқталып өтті. Сонымен қатар 6 қадам мен 7 құндылыққа тоқталып өтті.
Білім игеруге бағытталған 6 қадам
Білі,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады.
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің
бірлігі болып табылады.

Сабақта қолданылатын тапсырмалар
|
Білу |
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. |
1-2 ұпай |
|
Түсіну |
Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз. |
3-4 ұпай |
|
Қолдану |
Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. |
5-6 ұпай |
|
Талдау |
Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. |
7-8 ұпай |
|
Топтау |
Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз. |
9-10 ұпай |
|
Білімді бағалау |
Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? |
11-12 ұпай |
ҚМЖ үлгісі
|
Бөлім: Тақырып: |
Мектеп: |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
|
Сынып: |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|
|
Оқу мақсаты: |
ҰМЖ және ОМЖ алынады |
||
|
Сабақ мақсаттары Блум таксономиясы бойынша |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||
|
Бағалау критериі |
Оқу мақсатынан алынады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдер: |
||
|
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||
|
Құндылықтар |
Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары. |
||
|
Алдыңғы оқу |
Оқушының жаңа тақырып төңірегіндегі алдыңғы білімі |
||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы (10 мин) |
|
|
||
|
Сабақтың ортасы (22-25 мин) |
|
|
||
|
Сабақтың соңы (5-7 мин) |
|
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
||
|
|
|
|
||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген