400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізу.

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі











Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақта қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді жолдары

(коучинг)





Дайындаған: Садыбекова К.А.

математика пәнінің мұғалімі

















Ақтоған ауылы



Сабақтың тақырыбы

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізу.

Мерзімі

5 қаңтар 2019 жыл

Мақсаты:

  • Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру;

  • Қалыптастырушы бағалау нәтижесін талдау;

  • Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша кері байланыс беру.

  • Қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақта пайдалану дағдысын қалыптастыру;

Міндеттері:

1.Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

2.Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

3.Қалыптастырушы бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

4.Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу

Жетістік критерийі:

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан қалыптастырушы бағалаумен  салыстырады, келешекте сабақта қолдануға дағдыланады,  

дескриптор,  рубрикалар құру, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға кері байланыс беру арқылы бағалауды үйренеді.

Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді.

Түйінді идеялар

Қалыптастырушы, жиынтық бағалау түрлері, дискриптор құрады және критерий арқылы оқушының іс-әрекетін бағалауға үйренеді.

Критерий дегеніміз не?, дескриптор дегеніміз не?

Ресурстар

компьютер, проектор, стикерлер, түрлі – түсті үлестірме суреттер, слайд-презентация, стикерлер, шырша.

Сабақ барысы

Сабақтың басы


Ұйымдастыру. /5 мин/

- Жағымды психологиялық көңіл- күй орнату

«Сенімділік» тренингі.

- Топқа бөлу. «Шыршаны безендірейік» шырша ойыншығындағы бағаның түрлері арқылы топқа бөлу (түрлеріне қарай)

Талқылау

Тақырыпты ашу. /5 мин/

Оқу үдерісін бағалау қажет пе?

Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

-Сіз сабақта нені бағалайсыз?

-Сабақтың қай кезінде балаларды бағалайсыздар?

Оқушыға қойған бағаңызды қалай түсіндіресіздер?

- Сіз үшін оқушыны бағалау кезінде ең бастысы не?

- Сіз өзіңіздің бағалау тәжірибеңізге қанағаттанасыз ба?


Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.



Сабақтың ортасы.































« Ой шақыру» /5 мин/

Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?

Ә ріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?

«Басбармақ» әдісімен бағалау


«Мағынаны тану»

Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. Слайд және бейнетаспа арқылы «Критериалды бағалау» бойынша түсіндірме жасау.




«Топтық жұмыс» /10 мин/

І тапсырма. Тапсырмаға дескриптор құрастырып, бағалау критерийлерін айқындаңыздар. Басқа топты бағалау үшін өз қалыптастырушы бағалауларыңызды беріңіздер.


Критерий бойынша топтар бір-бірін бағалауын ұсынамын.

Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар.

Айырмашылық бар ма?

Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз?

Оқушыларға тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.

ҚБ


ІІ тапсырма. «Сәйкестендір»

  1. Қалыптастырушы бағалау


а/ мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барасында өткізіледі.

  1. Қашан өткізіледі?

в/ жеке, жұппен, топпен, ауысатын топтар құрамында

3.Мұғалімнің ролі қандай?

с/ оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрлері?


4.Оқушының ролі қандай?

д/ оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады, тапсырмаға дескриптор құрастырады, оқушыларға тиімді кері байланыс береді, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.


5.Қандай формада өтеді?

е/ оқу үдерісіне белсене қатысады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді, өзін-өзі бағалайды , бірін-бірі бағалайды.



1-С, 2-А, 3-D, 4-E, 5-B

ҚБ:



Топпен жұмыс. Сабақтың соңы яғни сабақты бекітуді қалай бағалайсыз, қалыптастырушы бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз деген тапсырма ұсынылады.

Топ болып тапсырманы орындайды, қорғайды.


Сабақтың соңы.

3 минут

Кері байланыс:«Үш минуттық тыныштық»

Бүгінгі сабақ туралы ойларыңызды жазыңыздар.













Садыбекова Кулзада Аятановна

Математика пәні мұғалімі,

Меркі ауданы,№4 Тілеміс батыр

жалпы білім беретін мектебі



«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақта қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

Қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістер, еліміздің білім беру жүйесіне жаңалықтар енгізілуін қажет етеді.

Коучинг сабақтың тақырыбын таңдау кезінде оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден–бір жолы – жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша заманауи педагогикалық технологияларды сабақта қолдану екендігін ескердім. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек. Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

1.Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы

2.Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар   

3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 

2.анық, айқындылығы;

3.бағаның әділдігі;  

4.өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Осы жағдайларды ескере отырып мен өткізетін коучинг сабағымның тақырыбын «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақта қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» деп алдым.

Коучинг сессияға қатысушыларға жағымды психологиялық көңіл-күй орнату мақсатында «Сенімділік» тренингін өткіздім. Мұғалімдермен топтық жұмыс жүргізу үшін «Шыршаны безендірейік» дей отырып шыршадағы ілінген ойыншақтарды жинау арқылы топқа бөлуден бастадым. Ойыншық сыртынды не бейнеленген? Бұны қалай түсінесіздер? деген сұрақтар қою арқылы коучингтің тақырыбын аштым. Ойыншық сыртында бағалаудың түрлері бейнеленген. / басбармақ, смайлктер, бағдаршам, мадақтау, геометриялық фигуралар/ Содан түрлеріне қарап

5 топқа бөлінді. Осылай коучингтің «Бағалау» тақырыбына байланысты екені ашылды. Мұғалімдерге бірнеше ашық сұрақтар қойып,  Мәселен: Оқу үдерісін бағалау қажет пе?

Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

-Сіз сабақта нені бағалайсыз? -Сабақтың қай кезінде балаларды бағалайсыздар?

Оқушыға қойған бағаңызды қалай түсіндіресіздер? - Сіз үшін оқушыны бағалау кезінде ең бастысы не? - Сіз өзіңіздің бағалау тәжірибеңізге қанағаттанасыз ба? – деген сұрақтарға мұғалімдерді диалогқа тарту арқылы пікірлесе отырып сабақты ашуы көңілімнен шықты.


« Ой шақыру» кезеңінде мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылды. Суретке қарап, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?

Ә ріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? –деген сауалға топтар жауап бере отырып, өзара бағалау жүргізді. «Басбармақ» әдісімен бағалау

«Мағынаны тану» бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. Слайд және бейнетаспа арқылы «Критериалды бағалау» бойынша түсіндірме жасадым.

Тақырыбым толық ашылу үшін  топқа тапсырма бердім. Онда : тапсырмаға дескриптор құрастырып, бағалау критерийлерін айқындаңыздар. Басқа топты бағалау үшін өз қалыптастырушы бағалауларыңызды беріңіздер.

Критерий бойынша топтар бір-бірін бағалауын ұсынамын.

Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар.

Айырмашылық бар ма?

Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз? Бұл жерде өзара бағалау жүрді. Бұл жұмыста кейбір мұғалімдер салғырттық танытты, яғни ол әлі де болса критерий мен дескриптордың айырмашылығын білмеуінен-деп ойлаймын. Менің қол жеткізгенім ұстаздарды өз ойларын ортаға салыпкритеий мен дескриптордың тұстарын ажырата білді және ойларын ашық айтуларына қол жеткіздім. Содан кейін мен білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі, критериалды бағалаудың басты ерекшелігі және критериалдық бағалау жүйесі туралы айтып, таныстырылымды әрі қарай жалғастырдым.

Оқушыларға тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.

Сабақ соңында қатысушылардан «Үш минуттық тыныштық» кері байланыс алынды.

Бұл сабақты өткізгеннен кейін өтілген сабаққа көз жүгірттім. Тақырып дұрыс таңдалған деп ойладым.







Бірақ көбіне өзім бағыт – бағдар беріп, таныстырылымда барлығын нақты етіп бердім. Мүмкін тек жартысын айтып, ой түюді өздеріне қалдыру керек пе еді? Енді бір жағынан қарасам, қатысқан мұғалімдерге ұнады және ата - аналармен өткізуге ұсыныс жасады. Себебі қатысып отырған мұғалімдердің көбісі ата – ана. Олар да балаларының жақсы оқып, жақсы баға алғандарын қалайды. Бірақ кейде оқулықтан барлығын оқып алды, неге «5» алмады деп ойлайтындықтарын жасырмады. Осыдан кейін болашақтағы бір коучинг сабағымның қатысушылары кімдер екенін топшыладым.

Мен жұмыс істейтін мектепте деңгейлік курстан өткен 10 мұғалім бар. Оның 5-і І деңгей, мұғалімдері. Ортамыздан бір мұғалім мектептегі «Таным» шығармашылық тобының жетекшісі. Бұл шығармашылық топтың негізгі мақсаты деңгейлік курс өткен мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасап, практикаларын жетілдіруге ықпал ету. Бекітілген жоспар облыстық педагогикалық шеберлік орталығы берген бағытты басшылыққа алды. Берілген бір бағыты критериалды бағалауды тәжірибеге енгізу болып табылады. Мен өзім 3 коучинг сабақтың тақырыбын осы критериалды бағалау тақырыбына алып отырмын. Себебі, критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:

1.  Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттауға

2. Тұлғаны нәтижеге жеткізуге 

3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтауға 

4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтауға болады.

Егер оқушы сабақта тек мұғалімнің бағалауымен шектелмей, өзі де сол бағалауды ұсынуға өз үлесін қосса, оқушының сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы артып, білім сапасының артуына себепші болады.





«Акула - күш беруші » жаттығуы

Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.


ТМД – елдері іс –тәжірибесіне кейінгі кезде кеңірек енгізуде. Ресейде көбіне оқушының оқу жетістігін «Ғажайып сызғыш» арқылы бағалайды. Белгіленгенөлшемге жұмыс сәйкес орындалса сызғыштың жоғарғы жағына, жұмыс талапқа сай болмаса төменгі жағына белгі қойылады. Белгінің орналасуы жоғарлаған сайын оныңорындаған тапсырмасының деңгейі жоғары. Егер мұғалімнің көзқарасы оқушымен дәл келсе белгіні қызыл сиямен дөңгелектейді, келіспесе жанына өз бағасын қояды. Бұндай бағалау жүйені іс-тәжірибесінде қолданған ұстаздар дәптердің әр бетіне бағалауқойылатындықтан бұл тәсіл тиімсіз дейді. Осындай бағасыз оқытуда қолданылатын тәсілдердің бірі 10 –баспалдақ. Оның жоғары жағына «мен бәрін білемін, меніңқолымнан бәрі келеді», төменгі жағына «мен ешнәрсені білмеймін қолымнан келмейді» деп жазылған. Оқушы өзіне қажетті сатыны көрсетеді. Тәжірибесіндеқолданған мұғалімдер баланың өзі бағалауы мұғалімнің бағалауынан асып кетіп жататын болғандықтан бұл тәсілде тиімсіз.Кейбір мұғалімдер бала білсе «+» таңбасын, білмесе «-« таңбасын қою әдісін пайдаланады. Қойылған таңбаларды санап соныңпайызы есебінде баға қоюды ұсынады.Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ұйымдастырған курсында бастауыш сыныптың мұғалімдері «Оқу жетістігін өзін-өзі бағалау» бетін оқушының оқу жетістігінің динамикасы көрініп тұру үшін әр пәнге жеке арнау идеясын ұсынады. 1- сынып оқушысының оқу жетістігінбағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауынұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуімқажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толықорындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімніңсапасына кері әсер етеді.

•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудыңнегізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларынқалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдыңәдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді
О
қушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерінқалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп,өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?

Ø Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

Ø Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардыңжетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

Ø Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«О
қу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай а
қ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтіндеқарастыра білу керек.
Ø Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Ба
ғалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
Ø Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

М

П

И

-кемшіліктер

+ жақсы

S қызықты жауап

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

Ø Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
Ба
ғалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезіндегі үшінші апта екінші күнде таратылған «Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу» атты қосымша материалды басшылыққа алдым

Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауғақарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістіңмақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

Тәжірибелік бөлім:

• Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;

• Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен Кобдикованыңоқыту технологиясы бойынша бағалау; • Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау;

• Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

• Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.

• Пікірнама жазу арқылы бағалау;

• Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

• Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;

• Портфолио көмегі арқылы бағалау;

• М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

 Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясынқолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну  қолдануталдау  жинақтау  бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардыңбойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшінқойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады

Мысалы–

• Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді? 
• Білімді ба
ғалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. 
• Алда
ғы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету. 
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, алқабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұраққоюға ынталандыру. 
«Басбармақ»
О
қушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). 
•О
қушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. 
•Сыныптастары ба
ғдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. 
Басында балаларды
ң барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. 
Ба
ғалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбенқарайтын болсақ::

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
О
қушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келгенөмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлғақалыптасады.

"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақкейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. Оқушылардыңүлгермеушілігін болдырмау шаралары:

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі – жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп – білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушыныңоқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп – материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға,қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп – пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімніңашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талапқою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп – оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушыныңжақсы оқуына көмектесу.Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді.Баға балаөміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,сыныптағы беделін анықтайды.

**Зерттеу нәтижелері

Сауалнаманың нәтижесі

Білім сапасының мониторингісі нәтиже

Проблема бойынша жұмысқа талдау жасау(SWOT-анализ)

Күшті жағы:барлық жастағы балалардың зерттеу әрекетін қолдайтындар жарыстар , түрлі конкурстар болуы.

Әлсіз жағы:барлық баламен бірге жоба жазу, қатысуының тиімді жолдарын білмеушілік.

Мүмкіндіктер:мұғалімнің дарындылықты дамытудың тәжірибесінің қалыптасуы, жинақталуы, басқа оқушыларды тартуы.

Қауіп:бала бойындағы ерекшеліктерді уақытында қолға алмау, бала қажеттігінқанағаттандыра алмау.

Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
Ба
ғалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Ба
ғалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет 
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп,өзі бағалайды.

Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушыларөздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Жобаның өнімі (бағалаудың стратегиялары)








Оқу мақсаты

Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру

Бағалау критерийлері

Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады

Кері есептер құрастырады


Тапсырма

1. Есепті шығарыңыз.

Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады ?

2. Кері есептер құрастырыңыз.




Дескрипторлар



  • есептің шартын құрастырады;

  • есептің шартына сәйкес өрнек құрастырады;

  • амалдардың ретін сақтайды;

  • қосу және азайту, азайту және азайту амалдарын орындайды.


  • кері есептің шартын құрастырады;

  • есептің сұрағын қояды;

  • амалдардың ретін сақтай отырып, өрнек құрастырады.









Оқу мақсаты

Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру

Бағалау критерийлері





Тапсырма

1. Есепті шығарыңыз.

Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады ?

2. Кері есептер құрастырыңыз.



Дескрипторлар






























Бөлім

Тақырып

Математикалық тіл және математикалық модель



Оқу мақсаты

Түрлі құрама есептерді модельдеу және шешу (бірнеше бірлікке кеміту немесе арттыру, айырмалық салыстыру)


Бағалау критерийлерi






Тапсырма


Сурет бойынша есептің шартын құрастырыңыз. Сұрақ қою үшін «Нешеуі артық?», «Нешеуі кем?» деген тұжырымдарды қолданыңыз. Есепті шығарыңыз.



Дескриптор


























Бөлім

Тақырып

Математикалық тіл және математикалық модель

Оқу мақсаты

Түрлі құрама есептерді модельдеу және шешу (бірнеше бірлікке кеміту немесе арттыру, айырмалық салыстыру)

Бағалау критерийлерi

Талдай отырып, сурет бойынша есептің шартын құрастырады.

Түрлі құрама есептерді шығарады.

Тапсырма

Сурет бойынша есептің шартын құрастырыңыз. Сұрақ қою үшін «Нешеуі артық?», «Нешеуі кем?» деген тұжырымдарды қолданыңыз. Есепті шығарыңыз.


Дескриптор



-есептің шартын құрастырудың түрлі нұсқаларын қарастырады;

-сурет бойынша есептің шартын құрастырады

-есептің шартына сәйкес сұрақ қояды


-есепті шығару үшін тиісті амалды таңдайды

-қойылған сұрақтың жауабын анықтайды










Оқу мақсаты:

1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Ойлау
дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы


Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.
Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ,
жапырақ, гүл, жеміс) атайды.

Тапсырма

1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз. Өсімдіктің негізгі
мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т,
сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс –Ж.



Дескриптор:

Білім алушы



- өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды;

- өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің сабағын «С» әрпімен белгілейді; -

өсімдіктің жапырағын «Ж» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен белгілейді;

- өсімдіктің жемісін «Ж» әрпімен белгілейді.





















Оқу мақсаты:

1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Ойлау
дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы








Тапсырма

1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз. Өсімдіктің негізгі
мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т,
сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс –Ж.



Дескриптор:

Білім алушы
























Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін
шығармашылық деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:


Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы


Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.
Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен
техникалар арқылы көрсетеді.



Тапсырма

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Олар неге ұқсайды? Қалай орындалған деп
ойлайсыз? Жұпта талқылаңыз.




Алақаныңыздың көмегімен кез келген сурет салыңыз.


Ол үшін:

1) Керекті құралдарды (бояулар, қағаз, су құйылған ыдыстар) дайындап
алыңыз.

2) Алақаныңызды суға езілген бояуға батырып алып, қағаздың бетіне
басыңыз.

3) Алақаныңыздың ізін түрлі сызықтармен толықтырып, бөлшектер қосып,
суретке айналдырыңыз

. 4) Салған суретіңіз туралы досыңызға айтып беріңіз.


Дескриптор:

Білім алушы


- суреттердегі бейнелерді атайды;

- суреттің орындалу тәсілі туралы ойын айтады;

- алақан арқылы композиция құрастырады;

- бейнені қосымша элементтермен толықтырады;

- түстердің үйлесімділігін сақтайды; -










Бөлім:

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты:

1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін
шығармашылық деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:


Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы










Тапсырма

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Олар неге ұқсайды? Қалай орындалған деп
ойлайсыз? Жұпта талқылаңыз.




Алақаныңыздың көмегімен кез келген сурет салыңыз.


Ол үшін:

1) Керекті құралдарды (бояулар, қағаз, су құйылған ыдыстар) дайындап
алыңыз.

2) Алақаныңызды суға езілген бояуға батырып алып, қағаздың бетіне
басыңыз.

3) Алақаныңыздың ізін түрлі сызықтармен толықтырып, бөлшектер қосып,
суретке айналдырыңыз

. 4) Салған суретіңіз туралы досыңызға айтып беріңіз.


Дескриптор:

Білім алушы















Оқу мақсаты:

1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтап құрастыру.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы.


Сөздерден сөйлем құрастырады.
Сөйлемнің құрылымын сақтайды.

Тапсырма
Қима сөздерден сөйлем құрастырыңыз және сәйкес суретпен байланыстырып
сызыңыз




Дескриптор:

Білім алушы



- сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастырады;

- сөйлемдерді оқиды;

- сөйлемдерді сәйкес суреттермен байланыстырады.







.



Оқу мақсаты:

1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтап құрастыру.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы.





Тапсырма
Қима сөздерден сөйлем құрастырыңыз және сәйкес суретпен байланыстырып
сызыңыз




Дескриптор:

Білім алушы


















Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда
негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай
алады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы


Негізгі қозғалыс түрлерін атайды.
Қарапайым дене жаттығуларын орындауда
қозғалыс икемділігін сақтайды.

Тапсырма

Топпен бірге қарапайым жарыстардың біреуіне қатысыңыз.






Дене жаттығуларын орындауда жасалған қозғалыс түрлерін атаңыз.


Дескриптор:


Білім алушы




- допты нысанаға басынан асыра лақтыруды дұрыс
орындайды; - белгіленген арақашықтыққа жүгіреді; - ұзындыққа секіруде бас пен кеуденің қалпын сақтайды; - жіппен секіруде қол мен аяқ үйлесімділігін дұрыс ұстайды; - қозғалыс түрлерін атайды.




Оқу мақсаты:

1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда
негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай
алады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы







Тапсырма

Топпен бірге қарапайым жарыстардың біреуіне қатысыңыз.






Дене жаттығуларын орындауда жасалған қозғалыс түрлерін атаңыз.


Дескриптор:


Білім алушы

















Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.


  • Қазір бағалау критериясы туралы көп айтылып жатыр. Ол не үшін керек деген сұрақтар да туындап жатыр. Әрине, жаңашылық көп қиындықтар мен сұрақтар туғызады. Сабақтың әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Бағалау үрдісінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың сабақта алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан сабақ соңында бағалағанда, кейбір оқушылар өз қарсылығын білретін еді. Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.

  • Бағалау критериясы бойынша талаптарды іскеру асыру үшін әр сабақ жоспарлы, мақсатты болу керек. Мұғалім шәкірттеріне критерияның мағынасын дәл, дұрыс түсіндіру керек. Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. /5-слайд/

Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде  сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.
Енді бағалауға келсек,  қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жетімен»  тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді
. /6-слайд/









  • Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін  енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім  алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.
    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  бірнеше  қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса  өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне  жеке жұмыс жасаған тұста  керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.  Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.
    Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.
    Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады.
    Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады.

  • / 7-слайд/

















































































Picture 1 Picture 1 Picture 1

Picture 4 Picture 4 Picture 4

Picture 4 Picture 4 Picture 4

Picture 1





Picture 1 Picture 1

















Shape1

І топ

Оқу үдерісін бағалау қажет пе?

Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?













Shape2

ІІ топ

-Сіз сабақта нені бағалайсыз?

-Сабақтың қай кезінде балаларды бағалайсыздар?













Shape3

ІІІ топ

Оқушыға қойған бағаңызды қалай түсіндіресіздер?






















Shape4

ІҮ топ


Сіз үшін оқушыны бағалау кезінде ең бастысы не?



















Shape5

Ү топ


- Сіз өзіңіздің бағалау тәжірибеңізге қанағаттанасыз ба?


















































Shape6





V топ




























ІІ тапсырма. «Сәйкестендір»

  1. Қалыптастырушы бағалау


а/ мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барасында өткізіледі.

  1. Қашан өткізіледі?

в/ жеке, жұппен, топпен, ауысатын топтар құрамында

3.Мұғалімнің ролі қандай?

с/ оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрлері?


4.Оқушының ролі қандай?

д/ оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады, тапсырмаға дескриптор құрастырады, оқушыларға тиімді кері байланыс береді, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.


5.Қандай формада өтеді?

е/ оқу үдерісіне белсене қатысады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді, өзін-өзі бағалайды , бірін-бірі бағалайды.




ІІ тапсырма. «Сәйкестендір»

  1. Қалыптастырушы бағалау


а/ мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барасында өткізіледі.

  1. Қашан өткізіледі?

в/ жеке, жұппен, топпен, ауысатын топтар құрамында

3.Мұғалімнің ролі қандай?

с/ оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрлері?


4.Оқушының ролі қандай?

д/ оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады, тапсырмаға дескриптор құрастырады, оқушыларға тиімді кері байланыс береді, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.


5.Қандай формада өтеді?

е/ оқу үдерісіне белсене қатысады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді, өзін-өзі бағалайды , бірін-бірі бағалайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі