жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – ЖАҺАНДАНУ НЕГІЗІ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – ЖАҺАНДАНУ НЕГІЗІ
Дауренбекова Айгуль Талгатовна
Исмагулова Кулпараш Ауезхановна
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімдері
E- mail:аigul_d1985@mail.ru
Аннотация
Мақалада қазіргі заман талабына сай жаңартылған білім берудің маңыздылығы айтылған. Білім берудегі ұстаздардың алдындағы міндет - олардың осы жаңаша білім беруге дайындығы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен сабақ жүргізу, ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру. Оқушының математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақта әр түрлі стратегияларды қолдану арқылы олардың пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылырдың мектептегі алған білімдерін өмірде қолдана алу, осыған орай білім сапасын арттыру жолдары көрсетілген.
Аннотация
В статье говорится о важности обновленного образования в соответствии с современными требованиями. Задача педагогов в образовании - их готовность к новому образованию. Проведение занятий с помощью информационно-коммуникационных технологий, формирование информационной компетентности. Повышение интереса учащихся к предмету через использование различных стратегий на уроке для формирования математической грамотности учащихся. Расширить и закрепить знания, полученные в школе, применять в жизни, в пути повышения качества образования.
Abstract
The article talks about the importance of updated education in accordance with modern requirements. The teacher’s task in education is their readiness for a new education. Conducting classes with the help of information and communication technologies, the formation of information competence. Increasing students' interest in the subject through the use of various strategies in the classroom for the formation of mathematical literacy of students. Expand and consolidate the knowledge gained in school, apply in life, in the way of improving the quality of education.
Түйінді сөздер: рухани жаңғыру, математика, математикалық сауаттылық, ұлттық құндылық, ақпараттық технология, стратегия, жаңартылған білім
Ключевые слова: духовное обновление, математика, математическая грамотность, национальные ценности, информационные технологии, стратегия, обновление образования
Keywords: spiritual renewal, mathematics, mathematical literacy, national values, information technology, strategy, education renewal
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру
өте қажет.» Н.Ә.Назарбаев
Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге – Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу». Өйткені, ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек».[1] Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру, әлеуметтік өзгерістер, ауа райының өзгеруімен байланысты мәселелер, бүкіл әлемдегі халықтың қарқынды өсуі, заманауи әлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті және келешек күннің әлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп бітіруші түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңартылуда. Математика сабағында оқушының әрбір тапсырманы орындау алдында сол тапсырманың мазмұнына терең мән беруі қажет. Мұны қалыпты жағдайға айналдыру үшін оқушылардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру – әрбір пән мұғалімінің міндеті. Мұғалім оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жасай отырып, білім игерудегі дағдыларын тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлау негізінде қалыптастыруды, ойланып шешім қабылдауға дағдыландыруды өзіне мақсат етіп қояды. Яғни оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, оларға нақты білім беру үшін сабақта заманауи әдіс – тәсілдерді қолдануымыз керек. Ал заманауи сабақ дегеніміз не? Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан ерекшелігі көп. Заманауи сабақ – инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заманауи сабақта мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыруы керек. Сабақты дұрыс жоспарлау, сабақтың тақырыбына байланысты тиімді стратегияны анықтау керек. Яғни, оқушы еңбек жасап, іздене отырып өз жұмысына баға береді, әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Математика сабағында барлық оқушылар бірдей деңгейде сабақты меңгере алмайды. Әр оқушының ойлау қабілеті әр түрлі. Сондықтан матьематика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыпты игеруді мақсат ету керек. Есептер мен жаттығулардың қызықты болуы, оқушылардың өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, үзінің алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге қызығушылығын арттырады.[3] Яғни, білім сапасының артуына ықпал жасайды. Әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс – тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыруға міндетті. Қазіргі таңда математика сабағында жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа әдіс – тәсілдерді қолданудамыз. «Блум түймедағы», «Фишбоун», «Миға шабуыл», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Фильворд», «Аяқталмаған сөйлем», «Джигсо», «Блум таксономиясы», «Мозайка», «Еркін талқылау» т.б стратегияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу, оқушылардың қызығушылығын тудыруда.[4] Компьтерлік сауаттылыққа бүгінде 75 % мұғалімдер сауатты деп ойлаймыз, математика сабағында эдектронды оқулықтар мен bilimland.kz сияқты сайттарға кіріп, математика, алгебра, геометрияның әрбір сабағына теориялық материалдар, видеолар, тестер, тапсырмаларды орындап, өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беретін тапсырмаларды орындатуға болады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.[2] Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген.
Мұғалімдер
пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне
елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық
әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу
бағдарламасын өзгерту білім беру
стандарттарына қатысты реформалау
шараларының мүмкіндіктерін және
нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған
бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей
нәтижелерге қол жеткіздік:
•
жаңартылған оқу бағдарламасының
құрылымына;
• жаңартылған оқу
бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
•
оқу бағдарламасының және оны іске
асырумен байланысты құжаттамалардың
мақсаты мен рәсімделуіне;
• білім
беру бағдарламасын іске асыруға
көмектесетін тиісті педагогикалық
тәсілдерді меңгеруге.
Өркениетті
дамудың өзегі білім, ғылым, тәрбие
екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кезінде
ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім
қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы,
яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен
балалар көбірек білім алып шыкпақшы.
Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі – білімді, педагогика, методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» –
деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым
ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға
дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы
жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа
білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына әкелетін бірден-бір жол!
Ұстаздардың шығармашылық қабілеті,
жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі,
физиологиялық және психикалық сапасы,
педагогикалық кәсіптік біліммен
сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта
оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара
дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке,
дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні
зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қостанай таңы» газеті
2. «Математика және физика журналы» №5, 2017 жыл.
3. «Математика Қазақстан мектебінде» №3, 2017 жыл.
4. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана, 2014 жыл.
5. Интернет ресурстары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген