400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңартылған білім беру аясында инновациялық тәжірибенің білім берудегі тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жаңартылған білім беру аясында инновациялық тәжірибенің білім берудегі тиімділігі»

Қоғам дамып, уақыт алға жылжыған сайын адамзат баласы үшін өз маңызын сезіндіре түскен құндылықтардың бірі – білім. Әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалы бастауыш сынып оқушыларына да ерекше әсерін тигізуде. Бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім беру аясында бастауыш сынып оқушыларын оқытуда инновациялық тәжірибені ұтымды қолдану арналған. Оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, бір-бірі оқыту арқылы білім алуына жағдай жасауға, құнды идеяларымен алмасуға бағытталған түрлі үлгілері ұсынылған. Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» атты мақаласында : «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» Бүгінгі күні білім беру саласы түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген жаңа білім мазмұнына қадам басты. Жаңартылған білім беру мазмұны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін әр уақытта көрсете білетін тұлғаны қалыптастыру. Оқушының зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру болып табылады. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторларының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігінде. Жаңартылған білім беру жаңа білім стандарты мен жаңа формация мұғалімін талап етеді. Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - сыни олай алатын, кері байланыс жасауға қабілетті, зерттеушілік, шығармашыл ұстаз. Яғни, бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру аясында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, оқушыларың дамуына, мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын іздеуіне, алынған білімдер- ді сын тұрғысынан талдай білуіне орта құру. Жаңартылған білім беру мазмұны бастауыш сынып мұғалімдері оқушы -лардың мүдделері және қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде оқытуда инновациялық тәжірибелерді қолдануды жоспарлауы қажет. Инновациялық әдіс-тәсілдер оқушыларды оқу процесінде белсенді тарту- ды, талқылауға қатысуды, оқу материалдарын талдау және қорытуды, зерттеу жүргізуді, білімді шығармашылық тұрғыда қолдануды сын тұрғысынан ойлауды көздейді. Оқыту мен оқудағы инновациялық әдіс -тәсілдер оқушылардың алға жылжуына септігін тигізеді. Жаңа дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді. Бұл жерде мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, оқушылардың өздері-нің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Жаңартылған бағдарлама берудің ең басты аспектісі оқушылардың сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс әрекетінен анағұрлым басым түсуін қамтамасыз ету керек. Оқу процесін жандандыру мақсатында жаңартылған білім беру аясында инновациялық стратегиялар арқылы оқушылардың белсенділік қабілеттерін ашатын тапсырмалар ұсынып, анағұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет етуге бағыттау керек. Белгіленген оқу мақсат -тарына бүкіл сынып қатысатын, топтық, жұптық,жеке жұмыс түрлерін қамтуды көздейтін инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы тиімді сабақты жоспарлау маңызды болмақ. Оқыту мен оқудағы инновациялық әдіс -тәсілдер оқушылардың алға жылжуына септігін тигізеді. Жаңа дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді. «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» Инновациялық әдістерді пайдалану кезінде кезінде оқушылар толыққанды қатысушылар болады. Мұғалім дайын білімді бермейді. Бірақ оқушылар өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі түрімен салыстырғанда, инновациялық әдістер оқытуда қолдануда мұғалім мен оқушылының өзара әрекеттестігі ауысады. Мұғалімнің белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді. Ал, мұғалімінің оқушыларға ұсынған тапсырмалары олардың инициативасына жағдай жасаушы болады. Жаңа мазмұнда білім берудің ерекшелігі нәтижелерге бағытталған сындарлы оқыту моделін қалыптастыруға бағытталған. Сындарлы оқыту тәсілдері арқылы оқушылар оқу процесінде «білетін адамнан», «шығармашылықпен ойлауға, әркет етуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті» көшуді іске асыру негізінде мақсат ретінде қойылады. «Балалар ХХІ ғасырда табысты болуы үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сұрақ туындайды. Жаңа білім парадигмасы мұғалімдерге жаңа талаптар қойып отыр.Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу, білім беру, ойлау дағдалыран қалыптастыру, оқушының шыңдай түсу. Оқушыға табысты оқу ортасын құру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылығын шыңдау, сыни ойлауын, сыни көзқарасын қалыптастыру, көшбасшылығын дамытуға бағытталған белсенді оқуды іске асыруда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі көрсетілді. Жаңартылған білім беру аясында үздік білім беру, барлығына бірде қолжетімділікті қамтамасыз ету,жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады. Ел болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені баршаға аян. «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да, дамыған елдердегідей Республикамызда білім беру жүйесі сапасын дамыту ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына, үйлесімді дамуына ұстаздардың жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруінің, кәсіби дамуының маңызы зор. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін әрбір ұстаз үздіксіз ізденуі, сонымен бірге кәсіби білікті маман болуы тиіс. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Білім беру мазмұнын өзгерту не үшін қажет? Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін маңызды салаларда өзгерістер орын алды: -экономика;-адамдардың өзін-өзі басқаруы;-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;-еңбек нарығының құрылымы;-шекарамыздың ашықтығы;-оқыту мен үйретудің нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларға тоқталар болсақ, олар: – әлем стандартына сай білім беру;– бәсекеге қабілетті тұлға дайындау;– тәжірибелік дағдыларды дамыту – функционалдық сауаттылықты арттыру;– ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі: 1.Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі. 2.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы; 3.Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі. 4.Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 5. Оқытудың  тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру. 6. Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7. Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8. Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)          Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі: 1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым); 2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану,  талдау, салыстыру, бағалау); 3.Шығармашылық ойлау дағдысы 4.Логикалық ойлау дағдысы. 5. Сыни ойлау дағдысы. 6. Алгоритмдік ойлау дағдысы. 7. Критикалық ойлау дағдысы. 8.Проблемалық ойлау дағдысы. 9.Технологиялық ойлау дағдысы. 10.Тілдік құзіреттілік дағдысы. 11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;        Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі? Ықтимал себептері  Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін; Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;       Бағалау үшін;Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін; Тақырыпты қайта қарау үшін;Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;Күрделендіру үшін;Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;Түсінуге көмектесу үшін;Бағамдау үшін. Білім берудің жаңарту жолдары Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер: 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Бағалау жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалауда оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. .  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.Қорыта келе айтарым, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.  ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі