400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жолдары.

Султанова Айгуль Сартаевна

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

физика-математикалық лицейі» ММ

Ұсынып отырған тақырыбым – Жаңартылған білім беру аясында бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жолдары.

Мақсатым: Жаңартылған білім беру аясында бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту арқылы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

Құзіреттілік  дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Қазақ тілі сабақтарында Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында айтылған тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор.


Оқушылар осы 4 дағдыны қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өздеріне қажетті мәліметті ала алады.

Өз сабақтарымда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін келесі жұмыс түрлерін өткіземін:

Сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу, не байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлем, мәтін құрастыру, Рөлге бөліп оқу, Берілген тақырып бойынша диалог құрастыру, Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну, сұрақ қою, сұраққа жауап беру, Суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу,сипаттау.



Жұмыс нәтижесінде оқушылардың қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге  болады.

Өз іс-тәжірибемде Сабақ үстінде коммуникативтік құзіреттілігін дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмысын өткіземін.

Нәтижелері келесі:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Менің ойымша, интербелсенді оқыту әдісі де оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулиды..

Сабақ барысында оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде «Постер жасау», “Фишбоун”, “ Өрмекші торы”,“ЖИГСО”, “Ассоциация”, “Кластер”, “Семантикалық карта”, «Рөлдік ойын», Ыстық орындық”, “Венн диаграммасы, «Автор орындығы», «Миға шабуыл» - белсенді әдістері көп көмегін тигізеді. Оқушылар белсенділік танытып, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Қорыта келгенде, коммуникативтік құзыреттілік арқылы жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, өмірге икемделген тұлғаны дамыту - ұстаздың қолында деп ойлаймын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі