400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру аясындағы сабақтарға кері байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
білім беру барысында сабақта кері байланыс беру туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы












Озіндік жұмыс





Такырыбы:Жаңартылған білім беру аясындағы сабақтағы кері байланыс.












Орындаған:«Малыбай орта мектебі»КММнің

Математика пәні мүғалімі Илишева Р.М

















Жоспары:


1.Кіріспе


2.Негізгі бөлім


2.1 Критериалды бағалау жүйесі



2.2 Қалыптастырушы/формативті бағаның түзету мүмкіндіктері бар.


2.3 Критериалды бағалаудың пайдасы.

2.4 Қорытынды


5. Қолданылған әдебиеттер




































Кіріспе

Жаңартылған білім беру аясында сабақтағы кері байланыс.

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты- жан – жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой- толғамы адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудың тиімді жолдарын іздестіріп , шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми- әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалым дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі - оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлыған айқындау бағытындағы әдістәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастырушы үшін оқушылармен кер байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр. Кер байланыс оқуышының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой – пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыру керке. Рефлекция мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс – әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалым оқушының кез келген кері байланыс парағы оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс- әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын – ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне қүлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түртік болды.

2.1Кері байланыс дегініміз не? -бұл қазіргі кезде білім саласындағы өзекті мәселе болып тұр. Кері байланыс - мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі.

Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы , оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.

Дәстүрлі сабақтарда біз үнемі кері байланыс жүргізіп келдік. Сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегіндей сұрақ қоятынбыз.

  • Бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?

  • Кім түсінбеді?

  • Кімнің сұрақтары бар?

Бұл, әрине, ауызша кері байланысқа жатады. Алайда, осындай кері байланыс тиімді болды ма? Оқушылар не деп жауап беретін еді? Түсіндік, сұрақ жоқ деген бірсарында жауап алатынбыз.

Қазіргі тәжірибеде мұғалімдер кері байланыс парақшасын тартып, қайтадан жинап алады да, мен кері байланыс үйымдастырдым дейді.

Бұл кері байланыс не мақсатпен алынды?

Одан әрі қарай не істеу керек?

Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарын талдай келіп, кері байланыс тиімді болады деп айтуға бола ма?

Тақырыпты түсінгенін тәжірбеде қолдана алады ма?

Түсінбеген жағдайда не үшін түсінбеді?

Түсіну үшін не істеу керек?

Оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды?

Міне, осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қоя отырып, оқушының берген жауаптары арқылы өзінің іс әрекетін бағалайды. Қолданған әдістерінің тиімділігі туралы ойланып, келесе сабақты жоспарлауда осы. Кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзара бағалау жасауға, өзін- өзі реттеуге, білім алудағы жауапкершілікті өз мойына алуға дағдыланды.

3.1Кері байланыс не мақсатпен алынады?

  • Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою.

  • Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.

  • Үдеріс субъектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағаттау.

  • Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру .

  • Рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу.

  • Оқушылардың табысқа ұмтылу сезімдерін ояту.

Сонымен, кері байланыстың мақсаты:

Мұғалымның ақпататтың мазмұнын, оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Кері байланыс арқылы кім не алады?

Оқушы: өзінің оқудағы кемшеліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады.

Мұғалім - оқытудағы жіберілген олқылықтар мен өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс – тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақыты тиімді пайдалану тағы бақалар) өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады. Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері.

-кері байланыстың уақытылы болуын қадағалау.

- кері байланыс үдерісінің қатысушыларға мәселені жан – жақты талқылауға жеткелікті уақыт беру керек.

-мұғалым беретін кері байланыс оқуышы жасаған жұмыс шеңберінде болу керек.

- сөйлеп турған адамға кері байланыс бергіңіз келсе, қысқа сөздерді (реплика ) пайдалану керек реплика алаңдаушылық туғызбау керек. Олай болмаған жағдайда сөйлеуші ойын шашыратып алуы мүмкін.

- сыни ескерпенің мәнін асыра айтудың қажеті жоқ.

- сыни ескерпе нақты жағдайға көрсетілу керек.

- кемшілікті көрсеткенде сыналған жұмыстың оң жақтарын көрсетуды үмытпаңыз.

- адамның жеке басына, намысына тимеу керек.

- сыни ескертуге фактилер келтере отырып тоқталу керек.

Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.

4.1Кері байланыстың түрлері:

Жағымды және жағымсыз.

Кері байланыстың формалары мен әдістері көп.

Ауызша талдау, талқылау, жазбаша сауаламалар алу, графикалық суреттер, смайликтер тағы басқалар.

Ұйымдастыруға болады .

Кері байланыстың түрін, формасын таңдау мұғалім құзіретінде. Қандай кері байланысты жақсы кері байланыс дейміз ?

  • Ол оқу мақсатына бағыталады.

  • Оқышы өзінің дұрыс бағытта екенін біледі.

  • Оқушы өз қатесін түсінеді, оны жақсартуға ынталанады.

  • Оқушы өз бетінше ойланып, ойын ашық айтуға дағдыланады.

  • Оқушының жетістігін үнемі хабардар етуіміз керек .

5.1Кері байланыс беру:

кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзге асыруға нәтіжесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге

  • Білім алуышылардың жақсы жақтарын ескеру.

  • Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндермей түрып «ондай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау.

  • Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудың жолдарын үсыныс беру:

  • Кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды ескету , келемсждсуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап» , « осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсыналды.

Кері байлану кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2- кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.

Бірінші - көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс.

Көңіл күйді әр түрлі суреттер, смайликтер, және бояу түстерімен анықтау.

Мысалы: « алма ағашы» деп алайық. « Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі – түсті алма беріледі.

Сабақ соңында оны алма ағашы шына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйем көтерінкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйем жоқ дегінді білдіреді. Ал « Бір сөзбен» әдісі барысында оқущылар берілген сөздердің ішінен сабақтағы жағдайын сипатайтын қуаныш, немұрайлылық, шабыт, зеругі, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау сияқты сөздерден үш сөзді таңдайды.

6.1Екінші, сабақтағы іс әрекетке қатысты кері байланыс .

Мысалы: « Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.

1 –ші баспалдағы мен ........түсінемін. 2- ші баспалдағы мен...... білемін. 3 –шінші баспалдағы мен....... жасай аламын.

Үшінші , оқу материалының мазмұнынына берілетін кері байланыс.

« Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой пікірлерін білдіру болып табылады.

Мысалы : «Плюс, минус, қызықты.» « Плюс» - оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады.

«Минус» - қолымнан келмей жатыр. Немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

Қортынды: кері байланыс әрекетін ұсымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлекциясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілеті болу, алғырлық сияқты қабілетерін дамыту.





























Пайдаланған әдебиетері

  1. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж

  2. « Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

  3. 2.     Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И «Оценивание учебных достижений учащихся» Методическое руководство. Бишкек 2012г

  4. 3.     Б.М.Дүйсембаев. Г.З.Байжасарова. А.А. Медетбекова  8 сынып «Физика және астрономия-8» оқулығы,  Мектеп 2012ж


  1. 4.     Л.А.Кирик «Өзіндік және бақылау жұмыстар - 8» Москва Илекса 2012г



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі