Материалдар / Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2018
311
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері «Әріптер мен сандар»Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.«Əріптестер»Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

«Әуенді атаңыз – әуен тақырыппен қалай байланысқан?»Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушылардан талқылап, өз бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?

«Әуенді өрімдер» Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру – тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.«Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.Немесе:





«Байланысқан оқу»Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесіоқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды пайдаланады.



«Балалар философиясы»Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады. «Балық, құс, аң»Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. «Барлық оқушылармен жұмыс»Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.«Бас бармақ»Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

«Батискаф» (Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.) Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.

«Баяндама» Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.«БББ»Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?Олар нені білгісі келеді? Олар нені білді?Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!