400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы проблемалар және оны шешу жолдары Оқу үдерісін ұйындастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы проблемалар және оны шешу жолдары

Оқу үдерісін ұйындастыру

Пәндердің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.

Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016).

Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу

Мұғалім орта мерзімді жоспар бойынша қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған жеке сабақтың жоспарын дайындайды.

Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.

Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

  • сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу;

  • сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

  • орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

  • мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.

Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.

Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы,

«Математика» (1-сынып) пәні бойынша «Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімшесіндегі ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:

  • сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;

  • сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;

  • оқуды бағалауды жеңілдетуге;

  • оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.

Сабақты жоспарлау

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, тұлғалық дербестігін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.

Мысал ретінде математика бойынша жоғарыда қарастырылған оқу мақсатына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады:

  • оқушылар сызғыштың көмегімен сантиметр арқылы нені өлшеуге болатынын қарастырады;

  • жұмыс дәптерінің ұзындығы мен енін өлшеп, парталас көршісінің нәтижесімен салыстырады ;

  • өзі отырған партаның ұзындығын өлшеп, қандай қиындыққа кездескенін айтады (партаны сантиметрмен өлшеу қиын), дециметрге көшеді;

  • қасықтың ұзындығын және өшіргіштің биіктігін өлшейді;

  • жасыл және қызыл баудың ұзындықтарын өлшеп, қайсысы ұзын екенін жұпта талқылайды;

  • сызғыштың көмегімен ұзындығы 1 см және 1 дм жолақтар сызып, бірін-бірі бағалайды.

Мұғалімдер барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескергені жөн:

  • Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.

  • Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.

  • Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады.

Сабақ жоспарында мұғалім:

  • сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;

  • сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);

  • логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;

  • мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;

  • қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.

Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:

  • Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге жетелей ме?

  • Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?

  • Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?

  • Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?

  • Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?

  • Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын?

Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:

  • Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?

  • Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?

  • Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа қандай әдістер қолдануым керек еді?

  • Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?

  • Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?

  • Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба?

  • Оқушыларым сабақта бірігіп жасаған қорытындыларымызға қалай қарады? Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма?

  • Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді?

  • Сабақта менің көңіл-күйім біркелкі болды ма? Мен өзімді ұстай білдім бе? Болашақта нені ескеуім керек?

  • Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?

  • Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек?

  • Бұл сабақты басқаша өтуге болатын ба еді? Қалай? Сабақтың қандай жағына көбірек көңіл бөлу керек: мазмұнындық, әдістемелік, эмоциялық?

  • Сабақта мен оқушыларымды ынталандыра алдым ба? Оқушылардың ішкі уәжін ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар?

  • Бағалауда мен қаншалықты шынайы болдым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?

  • Оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік болды ма? Бұл қайдан, калай көрінді?

  • Сабаққа дайындалғанда оқыту теорияларына сүйендім бе? Өткізген сабағым таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды?

  • Осы сабақтан кейін мен өзіме қандай жаңалық аштым, нені жетік түсіндім? Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі