400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру жағдайында балаға психологиялық қолдау көрсету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру жағдайында балаға психологиялық қолдау көрсету жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру жағдайында балаға психологиялық қолдау көрсету жолдары .


Адамның сана сезімі дамыған сайын техникалық прогресс те дамиды. Осының салдарынан жаңа білім мен жаңа мамандықтар қажеттілігі туындайды. Жылдам өзгеріп жатқан әлемнің жаңа көзқарас, техникалық өсу қарқыны дамуының жаңа түрленулерін ала келуі заңдылық.Бұл, өз кезеңінде білім беру мен оқыту үрдісі үнемі дамып, жетілдіріліп отыратын процесс екеніне көз жеткізіп отыр.

Білім – толассыз дамитын үрдіс болғандықтан «Білім беру» ұғымының қaзіргі таңда бұрынғыға қарағанда мағынaсы да, қолданылу aясы да  кеңіді.

ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және са маңызды және ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада, көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту, табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгерту, жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. ҚР Президенті өзінің кезекті жолдауында Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды роль атқарды.

ҚР-ның мемлекеттік саясатын іске асыру Білім беру саласындағы – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін дамыған мемлекеттердің білім беру кеңістігіне кіріп,олардың озық тәжірибелерін қолдану арқылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Жаңартылған білім беру Бағдарламасы қалыптасты. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, білім беру қызметі субьектілерінің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы бағдарлама жасақталып, еліміздің мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығының қалыптасуы барысында оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ұстаздарға білім жоғарылату курстары ұйымдастырылды. Және күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.

Осы бағытта Отанымызда орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа бағдарламаны меңгеру үшін мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында біз өз білімімізді шыңдау үстіндеміз. Бұл бағдарлама оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу,алған білімін қолдану сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады.Сондай-ақ өз сабақтарын жоспарлау мен өткізуі барысында мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасып рефлексия жасауға, бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейді.

Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге,алынған ақпаратты өңдеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерден тұрады. Бұл, мұғалімдер үшін білім берудегі жаңа идеяларды талқылап, ол идеялар туралы ақпарат алмасуға мол мүмкіндік берсе, оқушыларға олар үшін қызықты тақырыптарды талқылауға және топтық жұмысқа қатысуға мүмкіндік береді. Бұл – оқушыларға ішкі уәжді қалыптастыруға, алған білімін тәжірибеде қолдану мүмкіндігін тудыратын, көмектесетін ерекшеліктер.

Қазіргі заман талабына сай баланы тәрбиелеп, ұлтымыздың ұрпақ болашағын ойлайтын маңызды шақта ұстаздың мәртебесін көтеру мәселелері нақты шешімдермен қолға алынып жатыр. Бұл - мұғалімнің өз ісін сеніммен, жауапкершілікті қолына алып атқаруына жетелейтін, жігерлендіретін іс.

Мұғалім – адам жанының инженері, мінез – құлық сәулетшісі, ауру шипагері, жас бүлдіршінді баптайтын бағбан.Ол әр оқушының мінез – құлқын зерттеу арқылы онымен тіл табысу жолын табады.

Ұстаз - өзінің білімділігі, шеберлігі, зерттеушілігі, өз ісіне шын берілгендігі, алдында тұрған міндетінің жай жапсарын жетік түсініп шәкірт алдындағы жауапкершілігін,оның жан-дүниесін түсіне білуі мен ұйымдастырушылық қабілеті басты қызмет атқаратынын түйсінетіні сөзсіз. Әр сабағын тыңғылықты, тиянақты жоспарлау арқылы өткізуге машытанады.

Білім беру форматының өзгеруі бағалау жүйесінің өзгеруін де қарастырады. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің қойған бағасын ғана көретін. Ал, критериалды бағалау жүйесі оқушының өз білімін, сыныптасының жұмысын бағалауға мүмкіндік алуында. Және тек қана бағалап қоймай, өзінің білімін жетілдіру, сын тұрғысынан ойлану, жауапкершілікті сезіну, жіберген қатесі негізінде, пікір айту кезінде дәлелді дәйектер келтіруге мүмкіндік туындауында.

Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта, тілге орамды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі болса, шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды.

Өз заманының ойшыл – жазушысы М.Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе»,- деген. Болашақ ұрпақты этномәдениетімізді сақтай отырып, ата салтын бойына дарытып тәрбиелеу отбасы үлесінде. Ұстаз - баланың екінші анасы. Еліміздің ертеңі – білімді жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Сондықтан біз, ұстаздар, ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтере отырып, алдымызға қойылған үлкен жүктің салмағын үнемі есте ұстағанымыз абзал.

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады және әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні - баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына психологиялық -рухани тұрғыдан көмектесу. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі, қиын сәттерде оңтайлы шешім таба білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген астарлы сөзі бүгінгі күн үндеуі іспетті. Білім мен ғылымның мәртебесі әрқашанда ерекше биік. Еңсесі биік, озық та озғыр, абыройлы буын қалыптастыру - баршамыздың міндетіміз. Олай болса, бүгінгі жас буын  ұстаздардың қолдарында Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,өзінің уәжіне сенімін ұялатып, оны алға жетелеу – болашақтың кепілі.


.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі