Ақтөбе өнеркәсіптік
технологиялар және
басқару
колледжі
Даулетова Гульдана
Жанабаевна
Өндірістік оқыту
шебері
Жаңартылған білім беру мазмұны
– сапалы білім
Қазақ еліміздің түркітанушысы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсынұлы:
«Білімдіден не пайда, білгенін
көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»-деген екен.
Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып, жаңашылдыққа ұмтылған
педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем
таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу
қажет.
Заман талабына сай
жабдықталған әр ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға
бетбұрыстары айқын көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі,
тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның
сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды
меңгерген мұғалім болып, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай
алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған,
зерделі, жан-жақты тұлғаны
қалыптастыруда.
XXI ғасыр жедел
өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі
өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды
талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,
өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты
педагог қалыптастырады. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы
білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті
қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу,
функционалды сауаттылықты, шы- ғармашылықты қолдана білуді және оны
тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді
стратегиялары) болып келеді. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра
тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз
жеткіздік.
«Білімді болу деген сөздің
мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген
Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен
ғана өлшенбек. Бағдарлама оқушының төрт
тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге
бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен»
орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні
барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені
қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен
оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу
қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Зерттеулік білік пен
дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен
бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік
ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда.
Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің
біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің
маңызды міндеті болып отыр.
Бүгінгі күн білім беру
мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген
көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең.
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің
стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық
деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Біліктілікті арттыру жүйесінде
мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі
жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді
білдіреді.
Осыған орай, қазіргі кезде
білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі
білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге
бағытталған. Білім беру әдісі өзгереді, білім беру мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болады. Жаңартылған
Бағдарлама жаңашыл ой тудырды. Себебі әр жаңашылдық, біріншіден,
стандартты іске асыруда мұғалімнен кәсібилік, екіншіден, одан әрі
сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі іс-әрекеттерді талап етеді.
Білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін
ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
бойынша жұмыстар атқарылды.
Білім беру бағдарламасының
негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ
ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті
дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын
шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей
алады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей
алады.
Қорыта келе, мен мақаламды ақын
Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда.
Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы
орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа
бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі
— тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым
ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе.
Ал жаңа білім беру — жеке тұлғаның жан-жақты дамуына
әкелетін бірден-бір жол!