400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұны - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұғалім» деген жауапкершілігі мол мамандық өмір бойы ізденісті талап ететіні белгілі, ал жас маман үшін бұл талап артпаса, кемімейді. Жас маман болып мектепке келген біздерге ұжымның тәжірибелі ұстаздары тарапынан педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдаудың ауадай қажет екені сөзсіз. Осындай қолдауды оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сезіндірген, қазіргі таңда өзім жұмыс жасап жатқан Талғар ауданы, Жалқамыс ауылындағы №15 орта мектеп ұжымына алғысымды айтқым келеді.

Жас мамандардың кәсіби тұрғыда өсуі, қызметіне табысты енуі үшін мектебімізде арнайы «Ізденіс» жас мамандар мектебі жұмыс жасайды. Мектепке келген жас мамандар жаңа технологияны меңгерген, теориялық білімі жақсы болғанымен, еліміздің білім саласындағы жаңа реформалардың жүзеге асырылу барысын жетік түсіне бермейді. Осы мақсатта 7-қыркүйек күні директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп координаторы Мамбетбаева Гүлжанар Әкімханқызы арнайы жас мамандар үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» тақырыбында семинар өткізді.

Бүгінгі, біздің, ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеп, дамыту. Мұғалімнің мәртебесіне лайық болу мақсатында, өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдау мақсатында қатысқан бұл семинардан жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көптеген жаңа ақпараттар алдым.

Семинар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бағалаудың түрлері, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі, білім алушы жұмысына кері байланыс беру үлгілері көрсетіліп, жан-жақты түсіндірілді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың талаптарымен таныстық. Білім алушылардың тоқсандық және жылдық бағасын есептеу үлгісі, электрондық журналда нәтижелерді тіркеу шарттары, журналды толтыру талаптары сынды бірқатар тақырыптар қозғалды.

Мұндай семинарлардың ұстаздық жолын енді ғана бастаған біздер үшін пайдасы мол. Қазіргі таңда білім жүйесінде пайда болған жаңа үдерістермен таныс болдық. Атап айтатын болсақ, «модерация» ұғымы. Модерациялау үдерісінің мүмкіндіктері:

  • балл қою кестесі ескерілмегендіктен дұрыс жауап қабылданбаған, балл қою кестесінде қате жіберілген, жалпы балл дұрыс есептелмеген,және т.б. жағдайларды анықтау;

  • әріптестердің бағалауды қалай жүргізгенін көру;

  • бағалаудағы өз тәжірибесімен бөлісу;

  • жиынтық бағалаудың дұрыс өтуін, білім алушылардың барлық жауаптарының есептелуін, мұғалімдер арасында бағалаудың айырмашылықтарын талқылау және түсіну;

  • балл қою кестесіне өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі және білім алушылардың алған балдарын қайта қарау туралы шешімдер қабылдау.

Сонымен қатар семинарда оқу жоспарлары, соның ішінде қысқа мерзімді жоспар құрылымы жайында айтылды. Қысқа мерзімді жоспар құрудың шарттары арнайы үлгілер арқылы көрсетіліп, түсіндірілді.

«Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» тақырыбында арнайы жас мамандар үшін өткізілген бұл семинардың нәтижесінде, жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсат-міндеттерін айқын түсіне бастадым. Бұл бағдарлама оқушы, мұғалім, ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауына бағытталған. Білім алушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – білім алушыны оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Ендігі мақсатым, соны әрі қарай өз тәжірибемде жетілдіру.

Мектебімізде жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған осындай семинарлардың жиі өтуі, біздің заман талабына сай, тәжірибелі ұстаз болып қалыптасуымызға зор ықпалын тигізері сөзсіз.




 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі