400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласындағы болып жатқан жаңартулар- ұстаз тұлғасына түбегейлі сапалық қасиеттерін жаңа қырынан қарастыруды көздеп отыр. Жаңартылған білім мазмұнында оқушының өз бетімен ізденіп, алған білімдерін тікелей практикада қолдануға болатынын ойланауға мүмкіндік беріп отыр.осы тұрғыда жаңартылған білім мазмұнын жүйелі жүргізіп, нәтижеге жететін, сапала білім мен тәрбиені ұштастыра отырып білім беретін ұстаздың ролі зор.яғни, ұстаздан жаңашылдықты, тың көзқарастары мен кәсіби және сапалық қасиеттерінің қайта қарап, тұлғалық жаңғыруды талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек екенін айтқан болатын.

Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.

Қазіргі кезде бастауыш сатыда білім беру  21-ғасырдың өмір талаптарына сай балаларды сапалы даярлауға бағытталған. Демек, білім беру жүйесінің түлегі қызметтік жағынан функционалды сауатты болумен қатар кез келген өмірлік мәселені шешу барысында, қойылған мақсатқа жету үшін құрал, әдіс пен жол таңдауда рухани және адамгершілік қуатын көрсетуге қабілетті болуы тиіс.

Жаңа мазмұндағы білім беруде мұғалім мен оқушы үшін ортақ мақсат көзделеді:

  • жеке және топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың негізі ретінде жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне сай ақпаратты іздеу, сараптау және талдау дағдыларын дамыту;

  • адам, табиғат және қоғам туралы алғашқы білімін қалыптастыру;

  • рухани-адамгершілік құндылықты дамыту;

  • оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын логикалық тұрғыда жеткізе білу, себеп-салдар байланысын орнату.

Жаңартылған білім беру бағдарламалары құзыреттілік әрекетке бағытталған. Яғни, оқушылардың табысты әлеуметтенуіне қажеттілік үшін салынған функционалдық сауаттылық негізінде құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Құзыреттілік бірінші орынға оқушының ақпараттық сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтің құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз қазіргі уақытта кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік, интеллектуалдық-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырамыз.

Shape1


Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі бес критерийге бөлінеді:

1) жалпымәдени критерийі;

2) жалпыкәсібилік  критерийі;

3) коммуникативтік критерийі;

4) тұлғалық критерийі;

5) өзіндік даму және өзіндік білім алу критерийі

Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практикалық жұмыста мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын білді. Жұмыс түрлерін атап өтсем: «Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал», «Стоп-сұрақ» стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық оқушылардың санасына сіңіруге болады деген ойдамын.

Бүгінгі күні дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Курс аясында жоғарыда айтылған міндеттер мен мәселелер өз шешімін табуда. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын. Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді меңгеруде.

– Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты қандай?

Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Аталмыш міндет орындалу үшін білікті маман «қарулану» қажет. Өтіп жатқан курстың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

– Курстың маңыздылығын атап өтсем.

Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.

– Неліктен енгізілген жүйе тіл мамандарынан бастау алды?

Жаңартылған білім беру бағдарламасы Тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу көзделген. Тілдік мақсат үш тілде оқытудың коммуникативті дағдыларын дамытуды қолдау болып табылады.

– Мен үшін бұл курстың маңыздылығы өте жоғары. Курс оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды үйреніп жатырмыз.Педагогикалық шеберлігімді ұштайтын мазмұнды әдістермен қаруландым. Менің оқу үдерісіне жаңаша көзқарасым қалыптасты.

-Үйреніп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері көп екен.

Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі