жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі»
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Мерзімі: 01.11.2019ж.
Қызылорда қаласы №171Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп |
||||
Өткізген бастауыш сынып мұғалімі |
Файзуллаева Фарида Бекеновна |
|||
Оқыту семинарының тақырыбы:
|
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі» |
|||
Мақсаты |
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды терең меңгеру Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеру |
|||
Міндеттері |
Бағалау алгоритімі туралы біле отырып ой бөлісу және тапсырмалар құрастыру; Топтық жұмыстар арқылы өзара іс-тәжірибе алмасу. |
|||
|
Бағалау алгоритімі туралы біледі, ой бөліседі және тапсырмалар құрастырады; Топтық жұмыстар арқылы өзара іс-тәжірибе алмасады. |
|||
|
АКТ, презентация, А 3, маркерлер, стикерлер, |
|||
|
Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасы, Жаратылыстану пәнінен жиынтық бағалау жинағы. |
|||
|
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Қазіргі таңда ата-анаға артылған жүктің салмағы да үлкен жауапкершілікті талап етеді.Ата-аналар жоғары сапалы тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады. |
|||
Мазмұны |
||||
Кезеңдері |
Жұмыс кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
Ой қозғау 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Танысу
«Менің көршім» «Тіәлек жазу» |
1.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызады. Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бір бірімізді жақын тану үшін жасалынып отыр. Қазір орындарыңыздан тұрып өздеріңізге серік көрші таңдайсыз. Бір-біріңізбен танысуға 3 минут уақыт беріледі, сосын біртіндеп көршіңізді таныстырасыз және көршіңізге комплимент айтасыз. Ортаға шығып, бір-бірлеріңіздің арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар |
Мұғалімдер өздерің көршілерін таныстырады. Мысалы, «Менің көршімнің аты Бағым, ол ас бухгалтер, Бағым бүгінгі шаш үлгіңіз өте әдемі екен». Музыкамен билеп жүріп арқаларындағы қағазға тілек жазады. |
|
Топқа бөлу: |
1топ «Формативті» 2 топ «Суммативті» |
Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4,5,3 сандардың суреті) |
Ата-аналар суреттер арқылы екі топқа бөлінеді. |
|
3 мин |
«Көпір тапсырмалары» |
«Мұғалімге тікелей қолдау көрсететін – ата-ана, бұл жаңалықтың ойдағыдай жүзеге асуы үшін ата- аналардың қолдауы да қажет. Жаңартылған бағдарлама біздің балаларымызға қиындықтан шығатын жол табуға да, оны жеңуге де, түрлі-түрлі адамдармен қарым - қатынас орнатуға да, оларға не қажет екенін түсінуге де, ол үшін қандай қызмет атқару керектігіне бейімдейді. Ал біз балаға қалай қолдау көрсете алатынынымызды білуіміз керек» Кездейсоқ есімдер арқылы «20 секунд» әдісімен сұрақтар қойылады.
|
Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді. |
|
5 мин |
Топтық жұмыс 1 тапсырма |
Алманың суретін салу (ата-аналарға парақшалар үлестіріліп беріледі) Келесі топтағы ата-аналарға салған суреттерін ауыстырып бағалау тапсырылады. Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады. Бағалау критерийі: Алманың суретінің парақшаның
|
Алманың суретін салады, бағалайды
|
|
5 мин
|
Таныстырылым |
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. «Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында таныстырылым көрсету Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы. Жиынтық бағалау-оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару. Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. |
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады. Өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады Таныстырылымды көріп, ой түйіндейді Өздеріне белгілі мәліметтерімен топта талқылап отырады |
|
5 мин |
Топпен жұмыс «Стикердегі диалог» |
Оған қосымша дескриптор, рубрика құрастырады |
Постерге түсіріп , өз ойын анықтайды. Тапсырманы орындайды. Ол тапсырмаларға дескриптор құрады. Өздерін –өздері дайын жауабы бар нұсқа арқылы тексереді. Ата-анаға рубрика жазады. Алынған нәтижені электронды журналға салады. |
|
2 мин |
Бағалау |
2-жұлдыз,1 тілек |
2-жұлдыз,1 тілек |
|
5 мин |
Жұптық жұмыс |
А4 парағын тарату Тапсырма, аттың суретін салу
|
Берілген тапсырма бойынша, бағалау критерийлеріне сүйене отырып сурет салады |
|
2 мин |
«Айналмалы бекет» әдісімен топтар бір-бірінің жұмыстарына баға береді. |
Бағалау критерийлерін жазу
Сыни ойдың болуы |
|
|
3 мин |
Жеке жұмыс «Стоп-кадр» әдісі
|
Сағат тілімен оқу бағдарламасында бағалаудағы өзгерістер туралы өз пайымдауларын айтуды ұсыну . « Стоп-кадр» дегенде келесі топ ойды жалғастырады. Қайталау болмауы тиіс! |
Сағат тілімен оқу бағдарламасында бағалаудағы өзгерістер туралы өз пайымдауларын айта бастайды. «Стоп-кадр» дегенде келесі топ ойды жалғастырады. Қайталау болмауы тиіс! |
|
2 мин |
Бағалау «Алтын жүзік » |
Әр топтан «Мен өзгерген ата-анамын деген бір ата-ана шығару, оған алтын жүзікті сыйға тарту. |
өзгерген 2 ата-ана өз тобынан өзгерген ата-ана деп таныған бір-бір ата-ананы шақырады. Таңдалған 2 ата-ана келісе отырып көшбасшы деп танылған адамға қолдарындағы жүзікті сыйға тартады . |
|
Қорытынды 3 мин |
Рефлексия «Глобус» Кері байланыс "5 саусақ" |
Парақтар таратады. "Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым. Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны Аты жоқ саусақ– мен психологиялық ортаны қалай бағалаймын. Шынашақ– мен үшін жеткіліксіз болды |
Ата- аналар өздерінің тәжірибелері мен алған әсерлерін, ойлаған ойларымен бөліседі.
|
|
|
|
– «Өрмекші торы» әдісі - «Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата–ана.
Ата-аналар ортаға шығып, жіпті бір-біріне ұсына отырып, жақсы тілек тілеп өрмекші торын құра отырып, бірлігіміз жарасып жүре берейік |
|
|
Қызылорда қаласы
№171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі»
Ата-аналармен жүргізілген тренинг семинар
2 «Б» сынып жетекшісі: Файзуллаева Фарида
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген