жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 5-7 сыныптарда қалыптастырушы бағалау үдерісін ұйымдастыру
«Табысты болудың ең іргелі,басты факторы
білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз
басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым
бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»
Н.Ә.Назарбаев
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
5-7 сыныптарда қалыптастырушы бағалау үдерісін ұйымдастыру
Аңдатпа
Сапалы білім беруде бағалау үдерісін ұйымдастыру маңызды рөл алады.
Көркем еңбек пәнін оқыту әдістемесі мәселелеріне, оның ішінде оқушылар бойында заманауи дағдыларын қалыптастыру үшін, қалыптастырушы бағалаудың маңызына байланысты мәселелерді қарастырады. Оқушылар мен мұғалімдерді тақырып бойынша оқу мақсатына жету үшін өз іс-әрекеттерін мақсатқа сай ұйымдастыруға бағыттайтын қалыптастырушы бағалау әдіс-тәсілдері, құралдары көрсетілген. Нәтижеде оқушының білім деңгейін нақты анықтайтын оқу критерийлері бойынша оқу мақсаттарына жету жолдары қарастырылған.
Жоспар
1.Көркем еңбек пәндеріне ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың ролі
-
Қалыптастырушы бағалау стратегиясының дамуы
3.Көркем еңбек сабағында қалыптастырушы бағалауды қолданудың тиімділігі
-
Көркем еңбек пәндеріне ұсынылған
қалыптастырушы бағалаудың ролі
Оқушылардың білімі мен білім сапасын қалып тастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Жаңа тақырыпты оқуға дейінгі және оқу барысында жүргізілетін бағалау түрлері қалыптастырушы бағалау болып табылады, өйткені ол оқу барысын түсінуді қалыптастыруға көмектеседі.
Қалыптастырушы бағалауды қай кезде қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі, және ол оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін қалыптастырушы бағалау жүргізген де болуыңыз мүмкін.
Мысалы, оған оқушыларды бақылау, оқушылардың жетістігі үшін мадақтау, оқушылардың жұмысын талдау. Қалыптастырушы бағалауды мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін өзі бағалау арқылы және бірін бірі бағалау арқылы жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалауды не үшін қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау білім сапасын жоғарылатады, өйткені мұғалім оқушының нені білетінін немесе білмейтінін анықтап, келесі іс-әрекетті жоспарлай алады. Оқушылардың білім дәрежесін нақты біле отырып, ары қарай дамыту үшін және оқу мен оқытудағы білім сапасын арттыру мақсатында мұғалім оқытудағы әдіс-тәсілдерін өзгерте алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс жасай алады.
Қалыптастырушы бағалауды дамыту жоспары
Берілген тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында, бағалау арқылы қалай мұғалім алға қойған мақсатына жете алады?
Оқушылардың білім алу үдерісін бақылау.
Оқушының білім алу үдерісінде үнемі талдау жасап, мотивация беріп отыру үшін, мұғалім оқушының жетістігі жайлы күнделік арнай алады.
-
Кері байланыс орнату.
Мұғалім оқушылардың алған білімін формальді түрде бағалап, оларға кері байланыс беріп, дамуын үзіліссіз бақылай алады.
-
Оқушылардың тапсырманы сапалы орындауына көмек беру.
Мұғалім оқушылардың тапсырманы сапалы орындауы үшін жетістік критерийлерін өзі ұсынады немесе өздеріне құрғыза алады (жетістік критерийлерін дұрыс құруына бағыт береді).
-
Оқу материалын түсінгендігін тексеру.
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінгенін білу үшін сұрақ қоюдың түрлі әдістерін қолдана алады.
-
Оқушыларға тәуелсіз жұмыс жасауға үйрету.
Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушыларға еркіндік береді және өздігінен орындауына мүмкіндік орнатады (тапсырманы орындау барысында бір қағидамен шектелмеуі тиіс).
-
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылау.
Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушылардың зерттеушілік қабілетін бақылайды, дұрыс бағыт береді (дұрыс дерек көздерді қолдануына көмектеседі).
-
Қалыптастырушы бағалау стратегиясының дамуы
Дәстүрлі бағалау әдіс-тәсілдерінен жаңаша бағалау әдістеріне көшу қазіргі уақытта қойылған талаптардың негізгісі екені белгілі. Тиімді бағалау стратегиялыраның негізгі компоненттерін түсіну мақсатқа жетудің жолы болып табылады.
Оқушылардың білім алу үдерісін дұрыс жолға қою үшін мұғалімдер белгілі бір мақсатқа ие бағалау стратегиясын қолданады, одан кейін нақты тақырыпқа және мақсатқа сай бағалау әдістерін таңдайды. Соңында, мұғалім оқушылардың оқу үдерісі жайлы қажетті ақпарат алу үшін бағалау құралдарын таңдайды немесе өзі құрастырады.
1.Бағалау максаты
2.Бағалау әдістері
3.Бағалау құралдары
Бағалау мақсаттары
оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу оқуға шығармашылықтың енуі
жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы
тақырып мақсатын жете түсінуі
оқу үдерісін бақылау
білімін тексеру және мадақтау
білімін демонстрациялау
оқушылардың өздігінен және бірлесіп жұмыс жасауын мадақтау
Бағалау әдістері
Оқу тапсырмалары: дискуссия, конспект, жоба және т.б
Сыныпта талқылау: демонстрация, жоба қорғау
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау: бағалау парақтары, жетістіктер критерийлері
Портфолио
Бағалау құралдары
1.Бағалау парағы,бағалау критерийлері
2.Графикалық органайзерлер
3. Сұрақтар
Көркем еңбек пәнінде қалыптастырушы бағалауды қолданудың нәтижесі.
Бағалау мақсаттары.
Оқушылардың қажеттіліктерін бағалау. Сабақтың соңында оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетінін немесе нені білуге қызығушылығын анықтау мұғалімге сабақ жоспарын құруға, оқушылармен тиімді қатым-қатынас жасауына және оқушылардың тақырыпты толық түсінуіне көмектесті. Мысалы: оқушылар тарапынан сабақ соңында алынған кері байланыс мұғалімге келесі сабақты дұрыс жоспарлауға көмектеседі.
Оқушылардың өздігінен және бірлесе жұмыс жасауын мадақтау. Білім сапасын жүйелі түрде бағалау оқушыларда стратегиялық ойлауды қалыптастыратындығы анықталды. Нәтижесінде, оқушылар өздігінен немесе бірлесе жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, алға мақсат қоюға және өз іс-әрекетін түзетіп отыруға алып келді. Мұғалім тарапынан оқушылардың жетістігін мадақтап, қолдап, кері байланыс орнатуы қалыптастырушы бағалаудың бір тәсілі болып табылады. Мысалы: 11 сынып оқушыларының сабақта бір біріне қолдау көрсетуі, топтық жұмыста кері байланыс беруі білім алу барысында өзін өзі жетілдіруге деген ынтасын арттырды.
Оқу үдерісін бақылау. Мұғалім үнемі оқушы білімінің талапқа сай, дұрыс бағытта дамуын бақылауы тиіс. Қалыптастырушы бағалау арқылы оқу үдерісіндегі туындаған қиындықтар анықталды және оны шешу жолдары қарастырылды. Бұл іс-әрекет оқушы мен мұғалімнің тығыз қарым-қатынаста болуына жетеледі.
Білімін тексеру және мадақтау. Білім алу барысында оқушыға өзінің білім алу бағытының (шығармашылық әдістері, ақпараттық сауаттылығы) дұрыстығын бағалау үшін мүмкіндік беріліп отырды. Бұл мұғалімге оқушымен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Білімін демонстрациялау. Жаңа тақытып соңында оқушылар алған білімін демонстрациялайды. Ол постер түрінде, жоба, презентация, баяндама т.б түрде болуы мүмкін. Бұл оқушылардың білім дәрежесін, 21 ғасыр дағдыларын бағалауға көмектеседі. Информатика сабағында жаңа тақырып бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, постер немесе жоба жұмысы, презентация түрінде демонстрацияланып отырды.
Оқу тапсырмалары. Сабақтың басында оқушыларды өткен тақырыптан алған білімін қайталау үшін дискуссия жүргізу оқушының білімнін жетілдіреді, сонымен қатар оқушыны түсінігінің қателігін анықтауға көмектеседі. Үй тарсырмасына берілген конспект, жоба құру оқушының 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруда өзіндік жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар орындайды. Мысалы: 7 сынып оқушылары «Кішкентай факс» тапсырмасын орындауда, бұл тарсырма факс жұмысын толық түсіну үшін кодтау жұмысын жүргізді. Бұл оқушының алған білімін қолдану дағдысын қалыптастырады.
Сыныпта талқылау. Оқушының өзіндік жұмысын сыныпқа жариялау, қорғау, сыныпта талқылау өз көзқарасын дәлелдеуге, жіберілген қателіктерді түзетуге, сонымен қатар білім алу бағытын дұрыстауға дағдыландырды. Оқушылар сыныптастарының, мұғалімнің пікірін ескере отырып, өзінің білім алу бағытын дұрыстап отырды.
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау. Оқушы жұмысының нәтижесін жетістік критерийлері арқылы бағалау оқушының білімінің нақты дәрежесін бағалауға және сыныптасына пікір, ұсыныс айтуға көмектесті. Мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын, бірін-бірі бағалауын бақылай алады. Мысалы: жоба қорғаған оқушының идеясын, пікір айтқан оқушының толықтыруларын бақылай отырып екі жақтама бағалайды.
Портфолио. Оқушылардың тақырып бойынша жасаған жұмыстарының нәтижесінің жиынтығы. Мысалы: Жоба жұмысы, бағалау парағы, жетістік критерийлері, презентация, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы және т.б.
Көркем еңбек сабағында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданылатын Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі бағалау критерийлеріне бағытталған екені белгілі. Оқушы бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру қазіргі уақыттың негізгі талабы болып табылады.
Бағалау парағы, бағалау критерийлері. Бағалау парағына оқу жоспары бойынша оқу мақсаты анықталып, оған орай бағалау критерийлері құрастырылып отырды. Бағалау критерийлеріне сай оқушылар тапсырма орындады. Бағалау критерийлері арқылы оқушының нақты жетістігін бағалау қарастырылды.
Бағалау критерийлерінің артықшылықтары:
-
Бағалау критерийлерін қалыптастырушы бағалау үшін және қорытынды бағалау үшін де қолдануға болады.
-
Бағалау критерийлерін негізге ала отырып басқа да бағалау құралдарын құрастыруға болады.
-
Оқушылар бағалау критерийлерін өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалау үшін де қолдана алады.
Бағалау критерийлері оқу үдерісін тиімді етуі мүмкін.
Төменде 7 сынып оқушыларына арналған «Типы данных» тақырыбында қалыптастырушы бағалау үшін оқу мақсатына сәйкес тапсырма берілген. Тапсырмада оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейіне, бағалау критерийлеріне сай берілген. Дескрипторлар тапсырма мазмұнына негізделіп құрылған. (
Сұрақтар. Сабақтың басында немесе соңында оқушылардың алған білімін сұрақ қоюдың түрлі стратегияларын қолдана отырып білімі тексеріліп отырды. Мысалы: «Ыстық орындық» ойыны, ауызша диктант, тест сұрақтары және т.б.
Графикалық органайзерлер. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған, оқушылардың жаңа шығармаларын жариялау үшін тиімді көмекші құрал болып табылады. Графикалық органайзерлер оқушыларға пән бойынша алған білімін пән аралық байланыста көрсетуге, өмірмен байланыстыра алуға, мысал келтіруге мүмкіндік береді. Мысалы: Көркем еңбек сабағында оқушылар «Техника қауіпсіздігі» тақырыбына постер құрып, өмірмен байланыстыра мысалдар келтірді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген