Бүгінгі таңда еліміздің білім
беру жүйесінің ең басты міңдеті – білім берудің
ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін
халықаралық дәрежеге көтеру. ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес
мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа
жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін
қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі жүзеге
асып жатқан басты өзгерістердің бірі –білім мазмұнын жаңарту болып
отыр. Жалпы алғанда, білім мазмұнын жаңарту – білім беру
бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің
әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез
келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге
қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және
зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған
білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Қазіргі уақытта
қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және
оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан
талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану
жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі болып
табылады.
Сабақ – мұғалімнің
шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың
біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.
Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ
сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі
болады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында оқу
жоспарын саралаудың мынадай қағидалары бар: үдету; күрделендіру;
тереңдетілген мазмұн; проблемалық тегеурін;
жасампаздық.
Осы қағидалардың ішінде үдету
стратегиясы – оқу мазмұнын өзгертпей, оқу
қарқынын өзгерту, яғни оқу материалын қысқа уақыт аралық ішінде
немесе оны әдеттегі жасқа қарағаннан гөрі ертерек уақытта өту болып
табылады.
6 «А» сыныбында ерекше
қабілетті оқушылар көбірек болғандықтан, «Рационал сандарды
көбейту» және «Рационал сандарды бөлу» тақырыптарға берілген
сабағымды үдету стратегиясын пайдаланып
өткіздім.
|
Күні: 28.11.2017 ж. Пәні:
Математика 6 «Б» сыныбы
№19 орта
мектеп
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Рационал сандарды көбейту.
Рационал сандарды бөлу
|
|
Жалпы
мақсаты:
|
Тақырып бойынша білім мен
білік дағдыларын бекіту және бақылау; Тақырыпты тереңірек
меңгеруге бағыт беру, проблемаларды анықтау және оның шешілу
жолдарын таба білу, мақсатқа жете
білу.
Рационал сандарлы көбейту және
бөлу ережелерін есептер шығаруда
пайдалану.
|
|
Сілтеме:
|
6-сыныпқа арналған
«Математика» оқулығы (Алдамұратова Т. А.),
слайд
|
|
Оқыту
технологиясы:
|
СТО, АКТ, Диалогтік оқыту,
Бірлескен және топтық жұмыс
|
|
Оқыту
нәтижесі:
|
Рационал сандарлы көбейту және
бөлу ережелерін біледі.
Рационал сандарды көбейту және
бөлу ережелерін есептеулерде пайдалана
алады.
Белгісіз көбейткіші, бөлгіші
немесе бөлінгіші бар теңдеуді шеше
алады.
|
|
Түйінді
идеялар:
|
1) Тақырыппен жұмыс жасау
оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік
түсініктеме беру қабілетіне ықпалын
тигізеді.
2) Сыни тұрғыдан ойлау
балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға
көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік
береді.
3) Балалардың жауабын бақылау,
жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал
етеді.
|
|
Тілдік
мақсат:
|
Қазақ тілінде Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Сан Число
Namber
Рационал
Rational
Рационал
Көбейту
Умножение Multiplication
Бөлу
Деление Division
Оң сан Положительное
число Positive
number
Теріс сан Отрицательное
число Negative
number
Есеп
Задача Problem
|
|
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер:
|
«Миға шабуыл»,
«Фишбоун», «Кім алғыр?»
|
|
Қолданылатын
ресурстар:
|
Слайд, таратпа қағаздар,
плакат, бағалау парағы
|
|
Ұйымдастыру
бөлімі:
|
1) Оқушылармен амандасып,
сынып оқушыларын түгендеу.
2) Сыныппен жылы атмосфера
орнату.
3) Сабаққа дайындығын
тексеру
|
|
«Миға
шабуыл»
|
-
Көбейтудің қандай қасиеттерін
білесіңдер?
-
Көбейтудің ауыстырымдылық
қасиетін тұжырымда;
-
Көбейтудің үлестірімділік
қасиетін тұжырымда;
|
|
Білу
|
І. Таңбалары әр түрлі
сандарды көбейту және бөлу
Көбейткіштердің таңбалары әр
түрлі болса, көбейтіндінің мәні теріс сан болады. (-) ˑ (+) = (-)
(+) ˑ (-) = (-)
Бөлінгіш пен бөлгіштің
таңбалары әр түрлі болса, бөліндінің мәні теріс сан болады. (-) :
(+) = (-) (+) : (-) = (-)
Таңбалары әр түрлі сандарды
көбейту үшін:
-
Көбейткіштердің модульдерін
көбейту керек;
-
Шыққан көбейтіндінің
алдына « – » таңбасын қою
керек.
Таңбалары әр түрлі сандарды
бөлу үшін:
-
Бөлінгіштің модулін бөлгіштің
модуліне бөлу керек;
-
Шыққан бөліндінің алдына « – »
таңбасын қою керек.
ІІ. Теріс санды теріс санға
көбейту
Көбейткіштердің таңбалары
бірдей болса, көбейтіндінің мәні оң сан
болады. (-) ˑ (-) = (+) (+) ˑ (+) =
(+)
Теріс санды теріс санға
көбейту үшін, көбейткіштердің модульдерін көбейту
керек
Теріс санды теріс санға
бөлу
Бөлгіш пен бөлінгіштің
таңбалары бірдей болса, бөліндінің мәні оң сан
болады. (-) : (-) = (+) (+) : (+) =
(+)
Теріс санды теріс санға бөлу
үшін, бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу
керек
|
|
Түсіну
|
«Кім
алғыр?» Cәйкес санды
табу

|
|
Қолдану
|
Оқулықтан № 516, №519,
№ 609, № 612 -есептерді тақтада
орындау.
|
|
Талдау
|
Тест тапсырмасын
орындау

|
|
Жинақтау
|
Венн диаграммасын
пайдаланып салыстыру:
Рационал сандарды көбейту мен
рационал сандарды бөлудің ұқсастығы мен айырмашылығы
неде?
|
|
Бағалау
|
«Рухани жаңғыру» -
болашаққа бағдар.
«Біздің мақсатымыз айқын,
бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына
қосылу»
Фишбоун әдісін қолданып,
өтілген сабақты бағалау.
Тақырып бойынша оқушылардың
тілдік қорын молайту.

Оқушыларды
бағалау.
|
|
Рефлексия
|
Кері байланыс
орнату.
Не білдім? Не үйрендім? Не
ұнамады? Сабақ несімен
ұнады?
|
|
Үйге
тапсырма
|
«Рационал сандарлы
бөлу» және
«Рационал сандарлы бөлу»
тақырыбын өз бетінше оқу. № 610,
613-есептер.
Оқушылардың шығармашылық
қабілетін арттыру мақсатында рационал сандар туралы және оның пайда
болуы жайында тарихи деректерді тауып, презентация дайындап
келу..
|
Бұл сабақты өткізгеннен
кейін мынадай қорытындыға келдім. Үдету стратегиясын пайдаланып
өткізілген сабақтың, яғни оқу мазмұнын өзгертпей, оқу
қарқынын өзгерту, оқу материалын қысқа уақыт аралығында өтудің
ұтымды тұсы өте көп. Алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында
шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне
жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ.
Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме
пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп
ойлаймын.