Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Мақала
авторы: Мағауина Гүлнұр
Ерболқызы
Жұмыс
орны: ЖББ М.П. Русаков атындағы №2
мектеп- интернат КММ
Лауазымы: бастауыш сынып
мұғалімі
Бастауыш білім беру
мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды
дағдыларға:
-
білімдерді функционалдық және шығармашылық
қолдану;
-
сыни ойлау;
-
зерттеу жұмыстарын
жүргізу;
-
ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды
пайдалану;
-
әр түрлі коммуникация тәсілдерін
пайдалану;
-
топта және жеке жұмыс істеу
ептілігі;
-
проблемаларды шешу және шешімдер
қабылдауға
ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы
мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін
құру.
Педагогикалық
әдіс-тәсілдер
оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды,
машықтарға үйренеді:
-
терең ойлану, жеке рефлексиялық
қабілеттерді дамыту;
-
— өз идеялары мен әрекеттерін талдау және
оларға баға беру;
-
— ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты
талдап, таңдап алу;
-
— өздігімен жаңа түсінік пен білім
құрастыру;
-
— пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін
дәлелдеу;
-
— шешім қабылдау және қиын мәселелерді
шешу;
Сол себепті оқытуда оқушылар келесі
әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
Жұмыс түрлері мен
әрекеттері:
-
— бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық,
ұжымдық),
-
— рөлдік және іскерлік ойындар,
пікірталастар,
-
— ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау
(кітап, лекция, интернет,
-
құжаттар, мұражай
т.б.)
-
— презентациялар,
-
— тренингтер,
-
— интервью,
-
— сауалнама т.б
Әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте
сақтау қажет:
-
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен
қатысуы керек.
-
Екінші ереже. Балаларды психологиялық
тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды
белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне
жол беру.
-
Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай
болуы қажет .
-
Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару
қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін,
көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы
қажет.
-
Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға
және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан
асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның
ар-ожданын сыйлау.
-
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу
барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Педгогикалық
әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде :
-
Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына
жауап берген кезде);
-
Өзге балалармен (қосақталып жұмыс
істеу барысында)
-
Шағын топтармен (3-5
баламен);
-
Балалардың үлкен тобымен (көбіне
пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау
барысында);
-
Балалардың тобымен және халықпен (топ
әлеуметтік сауалнама
жүргізеді);
-
Кейбір техника түрлерімен (мысалға ,
компьютермен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың
сындарлы т әсілімен тығыз байланысты, себебі
оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің
аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған дәлел:
Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым
қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)Оқыту тәжірибесі барысы
пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын
дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану
тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар
оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып,
алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын
барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау,
яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің
атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында
байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс
пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі
байқалады.Өз тәжірбиемде төмендегі көрсетілген әдіс-тәсілдерді
пайдаланамын.
«Маршрут»
ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді.
Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі –
ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі,
кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына
бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер
толтырады.
Мысалы,
Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз
т.б.
«Дұрыс-дұрыс емес»
ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды
бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі
орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші
орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір
оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш
мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез
барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп
санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші
барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз
болады.
“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған
сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық
ыстық.
“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін
оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде
тиімді.
«Миға шабуыл»
стратегиясы
(Мұғалімдермен
жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек
жазыңыз.Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея
қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз.
Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу
керек?”
“3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту
туралы”
«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен
жұмыс)
Лотоға
түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу,
салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»
«Өзіңізді тексеріңіз»
әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу
кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын
анықтайды.
Ширату ( Оқушыларға ширату түрлерін
жасату)
«Он сұрақ!»
әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу
сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз
жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады,
оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп
беріледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне
белсенді қатысқанда ғана
материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ,
оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім
оқушылардың сыныпқа келген
кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және
өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын
жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен
оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе,
онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер
көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.
Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және
нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың
қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін
және не істегісі келетінін түсінуге
тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға
сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз,
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,
білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,
оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді
сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа
пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын
айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты
дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани
бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз
мол.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 .Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық 3
деңгей
2. Портал
материалдары
3.Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы
3-деңгей
4.К. Дайрабаев,
А. Дайрабаева Педагогика
негіздері
5.Интербелсенді
әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы
2013
6.Мирсеитова
С.Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы.-1998