400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" (баяндама)
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • Мақалада білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында облыс педаготерінің біліктілігін арттыру институтында курс тренерлерінің оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алатын педагогикалық тұрғылар қарастырылған.

  • В статье рассматриваются основные педагогические подходы к организации учебного процесса тренерами курсов повышения квалификации педагогов области, в рамках обновленного содержания образования.

  • In the article the basic pedagogical approaches to the organization of the educational process by the trainers of the courses for the improvement to the qualification of the teachers of the region are examined in the framework of the updated content of education.

Қазақстандағы жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайымен сәйкес педагогтерге қатысты жүзеге асып жатқан реформалар біліктілікті арттыру мазмұны мен оқу процесін қазіргі андрогогиканың теориялық талаптарына сай жасақтау қажеттілігімен, мұғалімдердің қабілеттері мен икемділіктеріне сәйкес ересектерді оқытудың жаңа формаларын қалыптастырумен сипатталуда. Яғни қоғамның мектепке деген тапсырысы педагогтердің білім жетілдіруге деген қажеттіліктеріне трансформацияланды. Нәтижесінде бүгінгі білім арттыру субъектілері педагогтерге көрсететін білім жетілдіру қызметтерін алдын-алуға жұмыстануда. [1]. Өйткені білім беру саласындағы реформаның сәтті жүруіне әсер ететін факторлардың бірі – оны жүзеге асыратын мұғалімдердің әлеуетіне, олардың енгізілгелі отырған жаңалықтың мәні мен идеясын қаншалықты түсінгендігіне, қабылдай алғандығына, практикада жүзеге асыруына байланысты. Әрине, қазіргі педагогтердің жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру әрекеттерінің бірден оңай болмайтыны анық. Оны сәтті жүзеге асыруға, біріншіден, мұғалімдердің өз ізденістері мен талпыныстары, екіншіден, оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесінің барлық тектіктерін оңтайлы қолдану икемділіктерінің қабыптасуы, үшіншіден, мектептердегі және қала, аудан деңгейіндегі әдістемелік қызметтің жүйелі қолдауы, төртіншіден, біліктілікті арттыру курстары жүргізетін тренерлердің Бағдарлама мазмұнын сапалы меңгертуді ұйымдастыруы үлкен ықпал етеді.

Сондықтанда орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтер өздерінің кәсіби біліктіліктерін, функционалдық және технологиялық сауаттылықтарын, құзыреттіліктері мен жалпы мәдениеттерін арттыруға ынталы. Өйткені, жаңартылған білім беруге көшу білім берудің мазмұнын, оның базалық әдіснамалық негіздерін өзгертті. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын өзгерту білім мазмұнын оның барлық деңгейлерінде – білім беруге деген жалпы тұрғылардан бастап, оны бағалау жүйесіне дейін жаңа мазмұнда даярлаумен өзектенді.

Ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, интеллектуалды, рухани-адамгершілік және физикалық тұрғыда дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Сондықтанда жаңа формациядағы педагог жаңартылған мазмұн бойынша жалпы орта білім беруді ұлттық тәрбиемен ұштастыруы тиіс. Бүгінде мұғалім ролі өзгерді, ол бұрынғыдай балаға білім берудің бірден-бір көзі болып есептелмейді, оның негізгі міндеті оқушыға білімнің өзін емес, өз бетімен білім алудың жолдарын, алған білімін өз бетімен пайдалана білу әдістерін көрсетуші, өзіндік әрекеттерге бағыттаушы болып табылады. Сондықтанда ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған білім берудің жаңартылған мазмұнының оқу бағдарламасындағы өзгерістер негізінде педагогтердің біліктіліктерін арттыру саласы көздейді: жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының әдіснамасы мен мазмұнын игертуді; педагогикалық қызметтің жаңа мақсаты мен тәсілдерін меңгертуді; білім берудің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдану икемділіктерін қалыптастыруды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы орта білім беру құрылымының әрбір деңгейге сәйкес мақсаты белгіленген. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына бағытталған. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселесі шешіледі. Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді [2].

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруда өздігінен білімді игеруге жағдай жасауды негізгі талаптардың бірі ретінде қарастырылады. Мұндай тәсіл оқушының пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Сонымен қатар пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасау керек [3].

Аталған дағдыларды оқушыда қалыптастыру үшін алдымен педагогтің өзі құзыретті болуы керек. Жалпы ересек адамның бұрынғы біліміне сүйеніп әртүрлі ақпаратты білім, білік түрінде алып, білім беру әрекетінің нақты формаларында меңгеретін икемділігін Г.С.Сухобской, ересек адамның білімділік феномені ретінде қарастырады. Бұл феномен педагогтің тұжырымдамалық, функционалдық (функционалдық сауаттылық) білімінде және олардың біртұтастығында, яғни кәсіби мәдениетінде көрініс табады [4]. Бүгінде мұғалімдер бұл икемділіктерді білім берудің жаңартылған мазмұның меңгертуге негізделген біліктілікті арттыру курстарында теория мен практиканы ұштастырып ұйымдастырған тренердің әрекетінен үйренуде. Институтымызда орта білім мазмұнын жаңартылған мазмұны бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курс жүргізіп жүрген тренерлер өз іс-әрекеттерін сындарлы оқыту теориясына сәйкес орта білім берудің «білім» және «білік» атты педагогикалық категорияларын «ақпаратты өңдеу», «проблеманың шешімін табу» сияқты сыни негізде жүзеге асырады. Курс сындарлы оқыту теориясының талаптарына сай мұғалімнің өзіндік дамуын қамтамасыз ететін практикумдар мен тренингтер арқылы жүзеге асырылады. Тренерлер Бағдарламаның ғылыми зерртеу нәтижелерімен таныстыруда мұғалімдердің жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Яғни жаңа білімді педагогтерде бар тәжірибемен кіріктіреді. Бұл жағдайда мұғалім өз қызметінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезініп, өзіндік әрекетінің жаңа талаптарға сәйкес келу дәрежесін ұғынады және оқыту үрдісінде оқушылардың шаршамауын ескеру қажеттілігіне көздерін жеткізеді. Нәтижесінде орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша курсынан өткен мұғалімдер құзыреттілік тұрғыда әрекет етіп, жаңалықтар ендіруге ұмтылып, тәжірибеде бар жаңалықты өз ұстанымынан өзгерте алуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның басты идеяларын меңгерту – диалогтік оқытудағы топтық жұмыс негізінде жүргізіліп, мұғалімдердің сыни ойлауына жағдай жасалып, әрекеттерінің формативті бағалануы жүреді. Осы арқылы мұғалімдер нәтижелі жұмыс жасауға үйреніп; өз-өздерін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік алады; жеке педагогикалық көзқарастарымен кәсіби ортада бөлісуге әрі өзара, өзін-өзі объективті бағалауға үйреніп, қалыптастырушы мен жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін ұғынады; өзара пікір алмасып, өзінің ойына қайшы келетін пікірлердің болатындығына және ол пікірлердің болуына толыққанды құқықтын бар екендігіне көздері жетеді. Диалогтік оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлері арқылы мұғалімдер әріптестерімен пікір алмасып, әртүрлі проблемаларға қатысты талдау жасап, өзіндік тәжірибелерін курс мазмұнындағы теориямен байланыстыруға мүмкіндік алады [5].

Сонымен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үздіксіз, кезеңдік, қайталанбалы үдеріс екендігін естен шығармаған жөн. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру процесі әлеуметтік ортаға тәуелді. Сондықтанда кез-келген орта маманның кәсіби өзіндік дамуын ынталандыруы қажет. Өйткені педагог тиісті кәсіби ортада  өзіндік тәжірибесін жаңа ақпаратпен байланыстырып, рефлексия жасап, өз оқушыларының сыни ойлауын дамытуға, олардыңбұрынғы өмірлік тәжірибесін қоршаған ортадан алған білімдермен толықтыруға құзыретті болады.  

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Педагогика кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары. Жалпы ереже. ҚР БҒМ №18 бұйрығы. Астана, 18.01.2017.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже / Ресми басылым. Астана, 2012. (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысы бойынша)

3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Астана: «НЗМ» ДББҰ, ПШО. 2017.

4. Змеев С.И. Андрагогика: основы теории и технологии обучения. - М.: Просвещение, 2002. - 256 с.

5. Кулюткин Ю.Н. Диалог как предмет педагогической рефлексии. СПб., 2001. - 75 с.

6. Ларионова М.А. Профессиональная самооценка учителя: структура, особенности формирования. Омск: ОмГПУ, 2001.

7. Митина Л.М. Психология труда и профессионального развития учителя. М., 2004.

8. Щербакова Т.Н., Ганиева Р.Х. Педагог как носитель и транслятор субъектности. Ростов н/Д., 2006.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі