400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақты қысқа мерзімді жоспарлауда белсенді әдістердің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақты қысқа мерзімді жоспарлауда белсенді әдістердің рөлі

Білім  беруді  жетілдірудің  жаңа  парадигмаларына  жаңаша  үлгідегі сабақтар жатады.

Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді.

Біріншіден,  оқушы  өзінің  не  істеу  керектігін,  яғни  сабақ  соңында  нені  біліп 

шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. 

Екіншіден,  ұжым  болып  жұмыс  істеу  дағдысы  қалыптасады.  Онда  оқушы  өз пікірінің  дұрыстығын  дәлелдеп,  қателігін  мойындап  және  жолдасының  пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалайалады.   

Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі 

жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.  

Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі 

деңгейде алуға болады.

Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, ілімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз. 

Жаңашыл, ізденімпаз ұстаздың міндеті – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана отырып күнделікті сабақты жаңарта білу- оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы.


Соның бірі – графикалық органайзерлерді қолдану.

Графикалық органайзер – білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек   Оларды педагог қызметкерлер меңгереді, оқыту үдерісінде қолданады, бірақ оқушыларға аса көп, шектен тыс әдістерді қолдану кедергілері аз емес. Сондықтан оқушының уәжін қалай арттырамыз, мектепте Smart-оқытуды қалай жүзеге асырамыз деген сұрақтар туады. Оқыту мен оқу жеке дара екі іс-шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элемиенті екенін білген маңызды.

Бірінші жол – тақырыпты айқындайтын бір сөз (зат есім); Екінші жол – тақырыпты айқындайтын екі сөз (екі сын есім); Үшінші жол – тақырып бойынша әрекетті білдіретін үш сөз (етістік немесе ырықсыз есімше); Төртінші жол – тақырыпқа көзқарасты білдіретін төрт сөзден тұратын сөйлем; Бесінші, соңғы жол – бір сөз – тақырыптың мәнін тағы бір анықтай түсетін синоним сөз.

«Қабырғадағы рөл» әдісі

Оқу мәтінінен кейіпкерлердің пішіндік бейнесін постерге салып, «кейіпкер туралы не білесіз? сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақтарға жауап беріп, постерді қабырғаға апарып іледі7

«Уақыт тізбегі» әдісі

Берілген мәтіннің оқиға желісін мазмұндап, баяндап жазып шығу.

«Сұрақтар жаңбыры»

Оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.


 «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, 

сол арқылы оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. Оқушылар  мәтінді оқу барысыңда бөліктің сол жағына мәтіндегі атты әсер еткен тіркестерді, үзінділерді жазды да, ал оң жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы  өз пікірлерін  жазды. 

«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл. Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.


«DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).







































Дәстүрлі сабақ үрдісінде — өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.

1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.


1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.



Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады. Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысытап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.

        Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

• Білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі