Жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білім беруді ізгілендіру- бәсекеге қаблетті ұрпақ тәрбиелеу негізі» Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етеді. Егеменді еліміздің алғашқы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін, жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қаблетін көру,оны жетілдіру, ізденгіштік қасиетін дамыту ұстаздың сабақ берудегі ізденушілік,шеберлік қасиеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов: сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер- деген, яғни оқу үрдісін жаңадан ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау қаблетін жетілдіруге, шығармашылық қаблеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас





Еркебаева Ләззат Кеңесқызы

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда

құрылыс және бизнес колледжінің

жоғары санатты өндірістік оқыту шебері



«Білім беруді ізгілендіру-

бәсекеге қаблетті ұрпақ тәрбиелеу негізі»




Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етеді. Егеменді еліміздің алғашқы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін, жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қаблетін көру,оны жетілдіру, ізденгіштік қасиетін дамыту ұстаздың сабақ берудегі ізденушілік,шеберлік қасиеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов: сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер- деген, яғни оқу үрдісін жаңадан ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау қаблетін жетілдіруге, шығармашылық қаблеттерін дамытуға негізделуі қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің» басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, деп көрсеткен. Жаңа технологияның басты міндеттерінің бірі, баланы оқыта отырып,оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Инновациялық технологияны пайдалану өмір талабы. Жаңа нәтижеге бағытталған білім- инновациялық білім. Инновациялық білім беру-іскерліктің жаңа түрі.Оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технология енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияны қолданғанда, біріншіден оқытушы ұтады,яғри ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі,қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді, білім сапасыда арта түседі. «Қазақстан жаңа жахандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңартулардың бес бағытын анықтап, жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қойды. Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде тегін техникалық және кәсіптік білімді енгізу тетіктері туралы мәселелерді талқылай келе іс-шараға қатысушылар нақты ұсыныстар береді.

Қазақстанның жас азаматтарын білімді,еңбекқор,белсенді болуға шеберліктің шыңына жете білуге шақырады.Қазір техникалық мамандықтардың ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен,талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.Осы орайда Жолдау аясында жүзеге асырылатын «Барша үшін тегін кәсіптік техникалық білім» жаңа жобасының мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, техникалық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы.

Кәсіптік білім берудің негізгі міндеті- белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Осы міндетті орындауда инновациялық технологияны пайдалану өмір талабы. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы орайда еліміздің экономикасына елеулі үлесін қосатын ,білікті кәсіп иесін дайындау, экономикалық бәсекелестікке барынша дайын кәсіптік техникалық саланың мамандарын әзірлеу-білім мекемелерінің алдында тұрған маңызды міндет.Бұл міндеттен мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсаты туындады. Ол үшін оқу үрдісіне білім берудің жаңа бағдарламалары мен оқыту технологияларын енгізу қажет. Еліміздің болашағы жастарға техникалық білім беруді жақсарту білім талабы. Егеменді еліміздің кемел болашағы жас ұрпақ қолында. Жас ұрпақ өз ұлтының құндылықтарын бағалай білетін ұстамды, алғыр, жан-жақты, дарынды, шығармашылық ізденіс зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлға болуы тиіс.Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиісті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2022
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі