Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге сабақ барысында оқушыларды бағалауда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Балаларды күнделікті жалықтырмай, әртүрлі әдіс бойынша бағалауда өте тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
1824
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы

бағалау түрлері мен әдістері

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»А.БайтұрсыновҚазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табыладыБүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев : «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде? 1. Ен бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді. 2. Оқу мақсатарына жету.3 Ортақ тақырыптардың берілуі. 4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді , орта мерзімді , ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. . Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. 1. Қалыртастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.Қалыптастырушы бағалаудың шарттары : 1.Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі; 2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы ; 3.Оқушылардыңөзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы; 4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі; 5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі; Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады: 1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды; 2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін. Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: -Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;-Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді; -Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары,рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жекежұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар1-кесте математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау үлгісі, 1 сынып

Бөлім

1А «Сандар мен цифрлар»

Бөлімше

1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»

Оқу мақсаты:

1.1.1.1Натурал сандар және нөл санының құрылужолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау;натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы:10 көлеміндегі сандардың құрылу жолынтүсіндіреді.10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.Сандардың натурал сандар қатарындағы орнынанықтайды.

1-тапсырмаСурет бойынша 3 саныныңқұрылу жолын түсіндіріңіз.



Дескриптор:

Білім алушы- 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.

2-тапсырмаГүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.


Дескриптор:

Білім алушы- гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санменбайланыстырады;- 10көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру дейн тіркеу, анықтау үшін жүзеге асырылады.Жиынтық бағалау тоқсан барысында, тоқсан соңында, және білім беру деңгейін аяқтағанда жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл қойылады. Баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады.Әр білім алушының жұмысы бойынша дискрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына сәйкес тоқсан барысында бөлім немесе ортақ тақырыптар аяқталған кезде жүргізіледі. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрылады. Жиынтық бағалауда мұғалім тек өтілген тақырыптарды алу қажет. Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалім өзі қолдануына болады немесе әдістемелік ұсыныста берген тапсырманы ала алады. Тоқсандық жиынтық бағалау спецификацияға сәйкес болу керек. Спецификация тапсырмалары әдістемелік ұсыныста берілген.Күнтізбелік жоспарта тақырып бойынша сағат қарастырылмаған. Себебі жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі. Жиынтық бағалауда бал қойылады. Жиынтық бағалау қалай ұйымдастырылады.?Оған арнайы сағат бөлінбеген. Жиынтық бағалау тоқсан барысында , бөлім аяқталғанда, тоқсан аяғында өткізіледі. Оқу бағдарламаласы-бөлімдер,оқу жоспары- оқу мақсаттары, Сабақ жоспарлары-жетістік критерийлері, тапсырмалар.2-кесте математика пәні бойынша жиынтық бағалау үлгісі, 1 сынып

Бөлім



Бөлімше

«4А Күнделікті өмірдегі есептеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты:

1.1.3.6. 1тг, 2 тг, 5тг,10 тг, 20 теңгелікмонеталарментүрліше төлем жасау.1.5.1.6 Қосу меназайтуға берілген есептерге қатыстытаңдағанамалдарын негіздеу, шығару әдісінтүсіндіру.

Ойлау дағдыларыныңдеңгейі:

ҚолдануАнализ

Бағалау критерийі:

Монеталар мен олардың тобын салыстырады.1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік монеталардықолданып, қажеттісоманы жинақтайды.Қосындыны және қалдықты табуғаберілген есептішығарады.Кері есеп құрастырады жәнешығарады.

Орындау уақыты:

15 минут

1-тапсырма Салыстырыңыз.


2-тапсырмаСәкен анасына арнап гүл шоғын сатып алды. Гүл шоғы 20теңге тұрады.Сәкен бұл соманы қандай монеталармен төлейалады?Екі нұсқасын жазып көрсетіңіз.Бірдей монеталарды бірнешерет қолдануға болады.Төмендегідей монеталардықолданыңыз.20 теңге = ____________________________20 теңге = ___________________________


3- тапсырма .Есепті шығарыңыз.Анам себетке 4 алма және одан 3-еуі артық алмұрт салды. Анам себетке нешеалмұрт салды?


4-тапсырма Алдында берілген есепке кері есеп құрастырыңыз және шығарыңыз.




Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Балл





Білім алушы



Монеталар менолардың тобынсалыстырады.

1

>, <, = таңбаларын қолданаотырып, екі монетаныңноминалды құнын салыстырады;

1





>, <, = таңбаларын қолданаотырып, монеталардыңтобынсалыстырады;

1

1тг, 2тг, 5тг, 10тг,20теңгелікмонеталардықолданып,қажеттісоманы жинақтайды.

2

қажетті соманы жинақтаудыңбірінші нұсқасын жазады;

1





қажетті соманы жинақтаудыңекінші нұсқасын жазады;

1

Қосындыны жәнеқалдықты табуғаберілген есептішығарады.

3

есептің қысқаша шартынжазады немесе сызбасын сызады;

1





есептің сұрағын жазады;

1





амал таңбасын таңдайды жәнеөрнек жазады;

1





өрнектің мәнін табады;

1





есептің жауабын жазады;

1

Кері есепқұрастырады жәнеоны шығарады

4

кері есептің қысқаша шартынтолықтырып жазады;

1





амал таңбасын таңдайды жәнеөрнек жазады;

1





өрнектің мәнін табады;

1





есептің жауабын жазады.

1

Барлығы

13



Бағалау әдістері . Бағалау әдістерінің бірнеше түрлері бар.«Бас бармақ» әдісі. 1. Мен ... түсініп жатырмын және оны түсіндіре аламын (бас бармақ жоғары қарай көтерілген) 2. Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр); 3. Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр). «Бағдаршам» әдісі . Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушылардан материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендер (барлығын түсіндім); «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды . Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру , пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.«Индекс карточкалары» әдісі. Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады. 1-ші беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтау. 2-ші беті: өтілген материал бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарын жазу.«Температураны өлшеу» әдісі. Бұл әдіс оқушылар тапсырманықаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардын «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды.Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе орындау ретін түсінгенін анықтай алады. «Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісі. Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды.: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алу ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. 1. Мен бүгін....білдім. 2. Маған....қызықты болды. 3. Маған....қиын болды. 4.Мен келесі тапсырмаларды орындадым..... 5.Мен енді... жасай аламын. 6. Мен .... жасап көремін. 7.Мен ..... таңқалдым. 8. Мен өмірде ..... қолданамын. 9. Маған .... ұнамады. «Шеңбер бойынша жазу» әдісі. Топтағы әрбір оқушының өз парағы болу керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарынатақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады.Солай парақтар бір-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келу керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Бір маңызды мәлімет қалып қойса, жазулар толықтырылады. «Сауалнама» әдісі. 1. Сабақта мен белсенді болдым/ белсенді болмадым. 2. Сабақтағы жұмысыма –қанағаттандым/қанағаттанбадым. 3. Сабақ мен үшін-жылдам аяқталды / аяқталмай кетті. 4. Сабақта мен- шаршадым / шаршамадым. 5. Менің көңіл-*күйім –жақсарды / нашарлады. 6. Сабақтағы материал- түсінікті/ түсініксіз «Сұрақ конверті» әдісі. Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Бүгін сабақта не білдің? Немесе жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды? Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды. «Желкенді кеме» әдісі.Желкенді үш түске бояу қажет. 1. Егер сабақ саған ұнаған болса, бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түске боя. 2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. 3. Егер саған сабақ барысында тапсырмалар қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері бастауыш сыныпта қолдану жүзеге асуда.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!