«Жаңартылған
білім беру шеңберіндегі критериалды
бағалау
жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері»
Бастапқы
кезеңде
менде
сабақ беру барысында қиындықтар
болды және бағалау жүйесінің бастапқы
кезіндегі кемшілітері
деп өз басым есептеймін.
Олар негізінен ұйымдастырушылық
сәттермен байланысты болды. Бөлім үшін
жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық
бағалау, жұмыстарды бағалау, нәтижелерді
талдау, модерация, кері байланыс,
жұмыстарды ресімдеу, журналды енгізу.
Бастапқыда жаңартылған білім беру
бағдарламасы енген кезеде біріншіден,
сыныпта
материалдық-техникалық жабдықтары аз
болуы, білім беруді жаңартуға дайын
емес болды. Кабинеттегі сапалы
демонстрациялық материалдың, интерактивті
жабдықтың болмауы оқушыларға оқытылатын
пән әлеміне толық кіруге мүмкіндік
бермеді. Критериалды бағалауды
енгізілгенне
кейін
келесі мәселе белгілері пайда болды.
Көптеген онжылдықтар бағалаудың негізі
болып "бес" - тен "екіге" дейінгі
төрт негізгі балмен операция жасайтын
қарапайым және түсінікті схема қызмет
етті, олардың әрқайсысы мұғалімнің
оқушы орындаған жұмысына, оның қабілетіне
немесе қадағалауына деген көзқарасын
айқын және түсінікті түрде көрсетті.
Олардың ішінде "үштік жұмыс"
қарапайым анықтамасы қандай да бір
күрделі балл есептеу схемасына қарағанда
әлдеқайда түсінікті. Сондықтан
баға
қоюдың жаңа тәсілі бізге,
яғни мұғалімдерге
қосымша міндеттер жүктеді және елеулі
уақытты талап етті.
Енді мұның барлығы жаңа бағдарламаны
бас кезінде игеру қиын болғандықтан,
оның кемшіліктерін байқадым.
Ал
қазіргі уақытта критериалды бағалаудың
артықшылықтарын сабақ барысында
пайдаланып, толық игергеннен кейін
бағалай отырып, мұндай технология
баланың мазасыздану деңгейін айтарлықтай
төмендететінін, ол бағаны жаза немесе
көтермелеу ретінде қабылдауды тоқтататынын
байқадым. Бағалау объективті мәнге ие
болады: мұғалім мен ата-аналар баланың
білімді қаншалықты табысты меңгергенін
және дағдыларды меңгергенін көретін
болды. Сонымен қатар, оқу процесінің
пассивті қатысушысынан бала белсендіге
айнала бастады. Ол өз оқу мақсаттарын
қалыптастыруға белсенді қатысады,
прогрессті көреді және өзінің білім
деңгейін арттыруға қатысты жоспарлар
құрады. Яғни осы орайда мұғалімнің рөлі
өзгеріп, жазалау инстанциясынан ол
оқушыны бағыттайтын кеңесші мен
көмекшіге айналады. Сонымен қатар
критериалды бағалау жүйесінің арқасында
нашар оқушы деген болмайды. Яғни деңгейі
төменірек оқушыдан жоғары деңгейге
талпынуға мүмкіндігі жоғары болады.
Бастапқы кезбен салыстырғанда, қазір
біздің сыныптар жаңа білім беру
бағдарламасына сай түрлі құрал-жабдықтармен
толық қамтамасыз етілді. Кез келген
жаңашылдық сияқты, оның артықшылықтары
мен кемшіліктері бар. Сондықтан
кез келген жаңашылдықтан қорықпау
керек. Себебі жаңа нарсе тек болашағымызды
жарқын әрі айқын қылатынына сенемін.
Ал біздің болашағымыз ол-балалар. Осы
балардың болашағын айқын қылатын,
білімді де білікті оқушыны оқытып
тәрбиелеу мұғалімнің еңбегі зор деп
білемін.
Автор:
Әулиекөл
бастауыш мектебінің
Бастауыш
сынып мұғалімі
Кендирова
Айым Талгатовна