15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жаңартылған білім берудегі сыныптарда пәндерді мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін қалыптастыру»
Тақырыбы: «Жаңартылған білім берудегі сыныптарда пәндерді мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін қалыптастыру»
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, әр мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс. Осы тұрғыда Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Математика пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан, нақты проблемаларды анықтап, зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтуде. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағалануда: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізілуде.
Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген. Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.
Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.
Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.
Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.
Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.
Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп, сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды деп білемін.
Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.
Шығармашылық –бұл адам іс-әрекетінің түрі,бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
1.Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.
2.Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.
3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді.
Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс практикалық жұмыстарды қолдану деп білемін.
Жаңа сабақтың такырыбын айтпас бұрын проблемалық ой тудыра отырып, тапсырма беремін, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.
Мысалы, өткен тоқсанда үшбұрыштар тарауын өткен кезде, кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 – қа тең екендігін түсіндіру үшін қолдарына әртүрлі үшбұрыштар берілді, төбелерін бір кабыргасының ортасына түйістіреді.Осылайша көз жеткізеді.
Бұл - сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды.
Алгебра сабағында қысқаша көбейту формуласын өту кезінде, алдымен үлестірмелерде тапсырмалар бердім, оларды көбейтіп, ықшамдағаннан кейін кандай нәтижеге жеткенін өздері сөзбен айтады, осылайша ереже құрастырады.
Үнемі сұрақ қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткізуге тырысамын:
1.Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;
4. Білім ланд дискасын тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды көрсету.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да ,оқушыға да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр. Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып ,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін
Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі
коммуналды мемлекеттік мекемесі
ТАҚЫРЫБЫ:
«Жаңартылған білім берудегі сыныптарда пәндерді мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін қалыптастыру»
/баяндама/
Дайындаған К.Г.Габдуллина

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген