400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім берудің орыс тілі мен әдебиеті сабағындағы маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім берудің орыс тілі мен әдебиеті сабағындағы маңыздылығы туралы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім берудің орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы маңыздылығы

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша ой-пікір пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ал жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді өзара сабаққа қатысу, коучингтер барысында ұғындым. Орыс тілін оқыту аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету. Сонымен бірге, осы мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастыру, кіріктірілген сабақтар, зерттеу сабақтарын жүргізу және т.б. Мысалы, орыс тілі сабағын еңбекке баулу, физика, биология, дене шынықтыру, өзін-өзі тану пәндерімен байланыстыруға болады. Байланыстыру нәтижесінде оқу мен оқыту үрдісіне барлық сынып жаппай қатысу арқылы инклюзивті оқыту сәтті жүзеге асары анық. Осы оқу жылының ІІ тоқсанында 5-сыныптарға қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша сабақты зерттеу әдісімен Lesson Study сабақтарын берген болатынбыз. Басты мақсат - сын тұрғысынан ойлауды дамытатын тапсырмаларды қолдану арқылы айтылым дағдыларын арттыру. Өйткені осы сыныпта айтылым дағдысы оқушыларды жекеленген топтарында ғана дұрыс дамығандығы байқалуда болған еді. Аталған зерттеу сабақтары жаңартылған білім беру бағдарламасын жаңаша және тиімді әдістерді қолдану арқылы күтілетін нәтижесіне шамалап болса да жетті. Осы сабақтардың сәтті және сәтсіз тұстары болды. Әсіресе өзімнің сабағым «Кем быть?» тақырыбы аясында кәсіптік білім беруге, яғни мамандықтар түріне арналған түрлі тапсырмаларды рөлдік ойындар және тиімді әдістер арқылы оқушылардың сабақ үрдісіне жаппай қатыстырылуымен ерекше сәтті шықты. Дегенмен де жас маманның сабақтарында келесі қадамға негіз боларлық бір жетіспеушілік, яғни кемшілік болары анық, менің сабағымның сәтсіз тұсы – бағалаудың дұрыс жүргізілмеуі арқылы жоспардағыдай болмауы. Себебі бір 40 минутта ойыңда бар дүниенің барлығын жасай алмайсың.

Ендігіде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы осындай зерттеу сабақтарының жиі өткізілуі керектігін ұғындым. Ол үшін еңбектену, іздену, үйрену бере керек. Сол кезде ғана мұғалім мұғалімдігін жоғалтпайды.


28 Құсмұрын ОМ

орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Айгүл Ильясова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі