400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Жаңартылған білім-білімнің дара жолы /эссе/

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе жаңартылған білімнің қазіргі қоғам жағдайында ең тиімді, сындарлы оқытутеориясына негізделгені жайында айтылған. Сындарлы теорияның негізгі мақсаты-оқушының пәнді терең түсініп, қабілетін дамыту, алған білімін өмірде орынды қолдана білуге бағытталғаны және берілетін білімнің нақтылығы жайлы пікір қозғалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мирманова Салтанат Идрисовна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алматы облысы,

Жамбыл ауданы

saltanat.mirmanova@mail.ru


Жаңартылған білім- білімнің дара жолы

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарламаны игеру-әрбір педагогтың басты мақсаты болып отыр.

Білім саласындағы жаңалық қазақстандық әр мұғалімге тың серпіліс берді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны, бір сөзбен айтқанда, еліміздің патриотын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыға жаттанды білім емес, қолжетімді, нақты мақсатқа ұмтылуға бағыт-бағдар беретін, оқушыны сыни ойлауға жетелейтін білім. Бұрын оқушы- тыңдаушы, мұғалім-басқарушы болса, қазір оқушы берілген ақпаратты зерттеп, өз бетімен меңгеретін өңдеуші, креативті ойлайтын тұлға.

Жыл сайын бағдарлама негізін терең меңгеру мақсатында білімімізді жаңғыртып келеміз. Әрбір оқыған курсымыз біз үшін өте маңызды. Бүгінде педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Бағалау үшін тапсырма әзірлеу және сараптау» курсын тыңдап, жаңаша бағыт алғандаймын. Өз пәнім бойынша берілген оқу мақсатынан күтілетін нәтижені, бағалау үдерісін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдердің қолдану жолдарын меңгерудеміз.Оқушының оқу жетістігін бағалауды, бағалау қағидаттарын және сараптама жасауды меңгеріп, бағыт-бағдар алдық. Әрбір оқу мақсатына жете үңіліп, оқушыға түсінікті, нақты шынайы, қолжетімді тапсырма беруді үйлестіру жолдарын қарастыру асқан шеберлік пен білімді қажет етеді. Оқу мақсатынан бағалау критерийін оқушы әрекетімен көрсетуді, тапсырманы шынайы беру және бағалау, сараптау жолдарын түсіндік. Бөлім бойынша бағалау мен тоқсандық бағалау жұмыстарын құрастыру асқан зерделеу мен сыни көзқарасты талап етеді екен. Осындай тәжірибе жасатып, әрбір жасаған жобамызға сыни педагогикалық дағдыны арттыруға аянбай үлес қосқан Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Гүлшат Бейсембекқызына алғысым шексіз. Мұғалімге арналған нұсқау мен ұсыныстарды басты назарда ұстап, тапсырма құрылымын ескеріліп, әрбір оқушыға бірдей жағдаймен қоса, оқу мақсатының үйлесім табу жолдары қажеттілігін жете түсінуге тренердің үлесі зор болды. Курс барысында бағалау үдерісінде тапсырма түрлерін, ашық және жабық тапсырманы, сараптама жасау дағдысын игердім, кәсіби шеберлігім жетілді. Әр түрлі тапсырманы әзірлегенде нақты, анық тапсырма таңдай білуге, тест тапсырмасына дұрыс жауабы мен дистракторды құрастырып, оларды сараптап тәжірибе өткіздік. Бағалау қағидаттарындағы шынайылық, ашықтық, нақтылық, үздіксіз, дамытуға бағытталған үдеріс екеніне практикалық жұмыста көз жеткіздік.

Аталған курстан негізгі білім беруде критериалды бағалаудың тиімділігін енді терең түсінгендеймін. Жаңартылған білім-оқушының ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиетінің қалыптасыуна кеңінен жол ашарына сенімдімін. Өйткені, оқушы үдеріске белсенді қатысумен өмірлік дағдылары қалытасуына жол беріледі. Осылайша жаңаша біліммен жағыртып, жасампаз елдің ұрпағын білімнің дара жолына бастайтыныма сенімім мол.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі