жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім бойынша есептер
Адилбекова Меруерт Кайратдинова Мұғалім портфолиосы А есебі
7-топ 3 деңгей
Тараз қаласы 15.04.2015
Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдердің
ықпалдасуы туралы есеп
ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander,(2008). [1,51-б]
Курстың бірінші бетпе – бет кезеңіндегі алған білімімді жүзеге асыру үшін мектептегі сабақтарымды өткізуге толығымен дайындалып бардым. Ең басында теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру маған оңайға соққан жоқ. Оқушыларыма да сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдерім көп қиындық туғызған сияқты. Олар сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілін пайдаланған кезде ойларын ашып айта алмай, сөйлеу кезінде ойларын жеткізе алмай көп қиналды. Курсқа келмей тұрған кездегі дәстүрлі сабақтарымда шынымен жаттанды екеніне көз жеткіздім. Себебі мен мына технологиямен жүргізген тәжірибе сабағында ешқандай дайындықсыз өткіздім. Сонда барлығы байқалды. Осы уақытқа дейін бірнеше технологиялардың түрлерін меңгерсем де, сабақтарымды дәстүрлі сабақ түрінде өткізіп жүргенмін. Ал осы курсқа келгеннен бері мен сабақтарыма біраз өзгерістер енгіздім.
Мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін тізбектелген төрт сабақ топтама ма кіріктірдім. Себебі, осы модуль арқылы оқушыларым сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады. Білім беруде оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға бағыт беріп, көзқарастарын қалыптастырамын. Бұрынғы дәстүрлі сабағымда оқушылардың сұрақтарды сыни тұрғыдан ойланбай, білім деңгейінде ғана жауап беретінін байқадым. Сыни тұрғыдан ойлау ''ойлау туралы ойлану'' деп сипатталған. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайындағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік жеке ойлау болып табылады. Мұнда өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап беруге тырысады.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың тәжірибенің, ойлау мен талқылау-дың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау мен іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
-релеванттық ақпараттар жинауды;
-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды; [1, 49-бет]
Мектептегі тәжірибеден өту кезімде өткізген сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімелерді қамтып отыруға тырыстым. Себебі, оқушылар жұппен жұмыс жасау арқылы олардың сөздік қорлары дамып, өз ойларын еркін жеткізе алады деп ойлаймын. Сыни ойлау арқылы оқушыларды шығармашылыққа, іздемпаздыққа дағдыландыруға болады.
Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарынғы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс-салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
-бақылау;
-талдау;
-қорытынды;
-интерпретация;
[1, 49-бет]
Сабақ барысында «Топтастыру», «Жигсо», «Түртіп алу», «Диалог», «Болжау», «Кубизм» әдіс – тәсілдерді меңгеріп, үйреніп өз сабақтарымда тиімді пайдалануға тырыстым. «Кубизм», «Жигсо» әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы тапсымаларды орындауда жұп арасында сыни тұрғыдан ойлауға көп көмегі тиді. Себебі, оқушылардың біріне – бірі қойған сұрақ- тары, айтқан пікірлері, ой бөлісулерінен байқауға болады.
Ендеше тізбектелген төрт сабағыма тоқталар болсам, бірінші Абай Құнанбаев «Жазғытұры» тақырыбында жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Болжау» әдісін қолдандым. Бұл әдісте: «мал төлдейді, қар ериді, сай – сала суға толады, жер жаңарады» бұл сөздер қай жыл мезгіліне тән құбылыстар? деп сұрақтар қойдым. Оқушылар қосымша көктем мезгіліне тән құбылыстарды айтып өтті. Мен С деңгейдегі оқушымның жауаптары көңілімнен шықты. Себебі, ол «Қараторғай – көктем хабаршысы, табиғат ұйқысынан оянады»- деп ойын дәлелдеп жауап берді.
І топ Көктемгі табиғат
ІІ топ Жан – жануарлардың көктемгі тіршілігі
ІІІ топ Көктемгі еңбек
Тапсырманы орындау барысында оқушылар топпен бірлесе ойланып, тапсырманы орындап шықты. Оны жұбымен, тобымен талқылады. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамып, сөзік қорлары қалыптасып, еркін сөйлеуге дағдыланды. Келесі тапсырмаларды орындау барысында «Сурет салу» әдісін пайдаландым. «Көктемнің маған ұнайтын көрінісі» атты тақырыбына байланысты сурет салады. Бұл тапсырмада оқушылар жас ерекшеліктеріне сай берілген тапсырмаларды орындап отырды. Әсіресе ортаға ой тастап отырсаңыз, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқаны айдан анық. Мұндағы мақсатым – оқушылардың белсенділігін, ынтасын, қызығушылығын арттыру болатын. Бұл сабақта оқушылар диалог арқылы сөйлесті. Диалогтік сөйлесу оқушылардың ой – өрісі кеңейтіп, білімдерінің арта түсуіне көп ықпалын тигізеді, сыни ойлау қабілеттері артады.
Екінші сабағым «Көктем сәні» ертегісі. Сабағымды ертегі кейіпкерлер арқылы «Топтастырудан» бастадым. «Мозайка» арқылы топқа бөлдім. Біріші топ Борсық. Екінші топ Аю. Үшінші топ Елік суреттерін құрастырып, сол аң туралы қысқаша мәлімет айтып, оны сипттап өтті.
- Бұл аңдар қайда мекендейді?
- Немен қоректенеді?
- Олардың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауаптары көңілімнен шықты. Оқушылардың берген жауаптарына қайталана ашық сұрақтар қойылып отырды. Ойларын дәлелдеу үшін сыни тұрғыдан ойлана жауап берулері көзделді. «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Көктемге байланысты тірек сөздерді пайдалану арқылы сабақтың тақырыбы анықталды. Мұндай әдіс қолданылмағандықтан, оқушылар үшін қиынға соқты.
Топтық жұмыста «Көктем сәні неде?» тақырыбына «Ассоциация құру» әдіс – тәсілін пайдаланып, оқушылар тапсырманы орындап, оны жұбымен, тобымен талқылады. Ондағы көктемнің басқа жыл мезгілінен ерекшелігін, көктемнің сәнін анықтады. Келесі тапсырманы орындау барысында «Кубизм» әдісін пайдаландым. Бұл сабақты түсіндіру барысында текшенің алты қырына табиғат туралы сұрақтар жазылған, оқушылар берілген сұрақтарға ойланып жауап беруге тырысты. Жауап бере алмаған оқушыларға құрдастарынан көмек болды. Топ арасынан біріне – бірі көмек беру арқылы көшбасшылық қабілеттерімен көзге түсе білген оқушыларда кездесті. Мысалы, С деңгейдегі оқушы «Табиғат адамға қандай зиян келтіреді?» деген сұраққа жауап бере алмады. А деңгейдегі оқушы «Егер адамдар қоқысты қоқыс жәшігінене тастап, айналасына мейіріммен қараса табиғат зиян шекпес еді»-деп жауап берді.
Үшінші сабағым Міржақып Дулатов «Қош келдің, Наурыз!» Осы сабағымда «ЖИГСО» әдісін қолдандым. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбат түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. ЖИГСО әдісінде кездескен қиындық уақыттың жетіспеуі болды. Мен бұл қиындықтан шығу жолын іздестірдім. Топ ережесін қайталадық, ережені сақтауға, орындауға, бір-бірінің айтқанын қайталамау керек екенін түсіндірдім. Сол жұмыстарымның арқасында, белсенді оқушыларымның ұйымдастырушылық қабілеттерінің көмегімен қиындықтан шығу жолын таптым. Оқушыларға мәтінді бөліктерге бөліп бердім. Бөлім бойынша әр топ өзіне берілген тұстарын оқып, өзара талқылап, келесі топқа барып түсіндіруге тырысты. Бұл жұмыс арқылы өз білмегендерін талқыға салып, бір – бірімен пікір алмасып, түсінбеген сұрақтарына жауап табады. Бір – бірін тыңдауға, пікір алысуға түсінбеген сұрақтарына жауап табады. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлана алуы мағынаны тану арқылы ойтолғанысын жазуы, жүйелі сұрақ қойып сұрақ төңірегінде еркін ойлап, пікірін нақты жеркізе білуі бағдарламаның басты мақсаттарының бірі екендігін білдім. Сабақ соңында оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар берілді. Б деңгейдегі оқушым эссе жазды. «Наурыз көже – Ұлыстың Ұлы күні – жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол – тоқшылық пен ырыс құттың белгісі.» деп жазып, автор орындығында оқып шықты. А деңгейдегі оқушым «Сөзжұмбақ» құрастыруға тырысты. Тақырыбы «Наурыз» сұрақтары көктемге байланысты болды. Осы аталып өткен оқушыларымның орындаған тапсырмалары көңілімнен шықты. Оқушыларымда сыни ойлау екендігін түсінгендей болды. Осы әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылар бір-бірлерімен пікірлесе отырып, қорытынды шығарып, сұрақтарға дұрыс жауап беруге ойланады. Оқушылардың бойында ізденімпаздық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті қалыптаса бастады. Ол дегенім – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлеледеуші, ұйымдастырушы. Мысалы, бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда өзім сөйлесем, мектептегі тәжірибе кезіндегі сабақтарды сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша мен тек бағыт – бағдар беруші болдым. Оны оқушыларым тапсырмаларды орындау барысында дәлелдеді. Осы жерде Фриери педагогтің айтқанын еске түсіргім келіп отыр. Яғни, ол мұғалімнің міндеті – оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды. Диалогті көп қолданған жағдайда оқушылардың білім алуына да, өзара сөйлесуіне де көп көмегін тигізеді.
Төртінші сабағым «Еңбекпен тапқан тиын» тақырыбы болатын. Бұл сабақта «Жигсо» әдісін қолдандым. Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша келесі топқа барып баяндады. Осылайша балалар жас ерекшеліктеріне сәйкес берілген тапсырмаларды орындап отырды.
Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуге мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған. [1, 42-бет]
Мен оқушыларға мынадай сұрақ қойдым. Неге мәтін «Еңбекпен тапқан тиын» деп аталған? Бұл сұраққа оқушылар өз түсінгендерінше жаппай жауап беруге тырысты. С деңгейдегі оқушым да ат салысты. Ол былай жауап берді «Себебі, бұл ертегіде баласының жалқау екенін түсінген әкесі оны сынайды. Өз еңбегімен тапқан тиынын әкесі отқа лақтырғанда жалаңаш қолымен тиынын алады» деп өз ойын жеткізді. Бұл жерде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі. «Түртіп алу жүйесі» арқылы оқушылар мына сөздердің астын сызып, дәптерге жазды: кәрілік – қартайған, қарт адам, тірнектеп – еңбектеніп, ымырт жабылған – қараңғы түскен мезгіл, бұлжытпай – екі ктпей, айтқанын тыңдау сөздерінің астын сызып дауыстап оқып, бірге талдау жүргіздік. Осы сабағымда топтық жұмысқа «Еңбек» сөзіне ассоциация жасаттым. Оқушылар еңбек туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Б деңгейдегі оқушым «Еңбек бәрін жеңбек» өлеңінің бір шумағын айтып өтті. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға осы тақырып бойынша олар жұпта өзара талқылап, қағаз бетіне түсіріп, әр топтан бір оқушы тақтаға шығып қорғады.Сыни тұрғыдан ойлаудағы жұптық жұмыстың тиімді екенін сабақты бағалау кезіндегі кері байланыс парағы арқылы бақылауға болады екен. Кері байланыс парағына топпен, жұппен жұмыс істеу кезінде сабақ барысында не үйренгендерін, не ұнағандары, ұнамағандары туралы, қандай қиыншылық болғандығын, одан шығу үшін қандай жолдарды қарастырғандығын жазуды сұрадым. Әр сабақ сайын оқушылардың нені білгісі келетіндері туралы да кері байланыс парағына жазып отырды.
Сын тұрғысынан ойлау бойынша мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни ойлауды дамытады. Мұғалімнің сыни ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауабы мен оқыту үрдісі туралы ойлану арқылы дамиды. Балалардың сыни ойлауын дамыту жолдары олардың көңілін аудару. Егер біз оқушылардың жетістігін жақсартқымыз келсе, өз бағдарламамызды өзгертуіміз керек.
Диалог барысында балалар басқа адамның көзқарасын түсініп, ойларын тереңдетіп жауап беруге тырысады. Оқушылар өзінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап, өздері жауап беруге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қалыптасады. Мұғалімдер оқушыларға берілген ақпараттардан қажеттілерін таңдап, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады. Оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда қолдау көрсетіп отыру керек. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар:
Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.
Куммулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді.
Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау
айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).
Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне ыңғайлап беру керек. Оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға, дұрыстауға мүмкіндік беру керек. Оларды жылдам жауап беруге және сұрақтарға тиянақты жауап беруге үйрету керек.
Менің оқушыларымның диалогтік оқуда сыни ойлау қабілеттері дамып, сөйлеу кезінде сөздік қорлары қалыптасты.
Сабағымда Б. Блум токсономиясының сұрақ қою өлшемінің алты сатысын қолдана отырып, тапсырмалар орындадық. Б.Блум сұрақ қою деңгейін қарапайымнан күрделіге қарай жүретінін атап көрсетті. Білім мен түсінік деңгейінде тапсырманы тыңдайды, қабылдайды, еске түсіреді, ойланады,бір күйден екінші күйге ауысады. Қолдану деңгейінде өзі бұрыннан білетін ақпараттарды іске қосады, нәтижеге жету үшін проблеманы шешеді. Талдау деңгейінде ойланады, талдайды, ізденеді салыстырады, дәлелдейді. Жинақтау деңгейінде ойланады, табады, құрастырады, байланыс табады. Яғни оқушы талдау, жинақтау бөлімінде сыни тұрғыдан ойлайды. Бағалау деңгейінде қорытындысын шығарады, бағалайды, көзқарасын айтады, талқылайды. Осы іс- әрекеттер топтық жұмыс барысында сұхбаттасу арқылы, пікір алмасу барысында, талқылау арқылы жүзеге асады.
Әр сабағымды өзім тәжірибе жинақтап, үйренуім үшін Блум таксаномиясына салып өтуге тырыстым. Әр сабағымда сабақтың басында бағалау критерийлерімен таныстырдым. Бұл менің сабағымның жүйелі өтуіне, оқушыларымның жауапкершілікпен қарауына көмектесті Алдағы уақытта өз тәжірибемде осы әдісті енгізу арқылы мен көздеген нәтижеме жетемін деп ойлаймын. Осы әдістің тиімділігін өзге әріптестеріме айта отырып, оларға осы әдісті пайдалануларына кеңес беретін боламын.
Выготскийдің теориясын басшылыққа ала отырып зерттеу жүргіздім. Оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсартатындығын атап көрсеткен. (ЖАДА) оқушы дамытатын Сонымен қатар мен бала еркін сөйлеп, ойын жеткізу үшін, бірін-бірі тыңдап түсіну үшін Выготскийдің теориясын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды, мұнда бала жаңаны үйрену үшін ересектердің көмегі мен қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Оқушының білім деңгейін дамытуда әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше екенін атап көрсетті. [1, 39-бет]
-Енді нені, қалай жоспарлаймын?
-Сабақта үнемі жеті модульді кіріктіріп отырамын. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға көбірек мән беремін.
Әдетте сыни сұрақтарға жауап беруде уақыт көп кететінін ескере отырып, сабақты уақытпен санаса отырып жоспарлауға тырысамын.
Өзімді бағыт-бағдар беруші мұғалім деңгейіне жеткіземін және ізденісімді жалғастырамын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей Үшінші басылым. 2012ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген