№44 «Жаңа дала» ЖОМ
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
педагог-психологы
Тукибаева Баян
Аликуловна
Tukibaeva.baian65@gmail.com
«Жаңартылған білім- болашақ баспалдағы
»
Жаңартылған білім мазмұны- балалардың өз-өзін
тануда, өзіне сенімін арттыруда, өз мақсатын ажыратып оны іске
асыруда үлкен ауқымды жоспарларды енгізіп, іске асыруда көптеген
бағдарламалардың жаңа үлгіде екенін мен осы бағдарламаларды оқып,
түсіндім.Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруде «Кемел білім берілмей,
келісті ұрпақ өспейді»,-демекші, сол ұрпағымыздың терең тұжырымды ,
білімді білікті және дағдыларын дұрыс қалыптастыруда ең алдымен
мұғалімдердің ұстанымдары өзгеруі керек.
Осы бағдарламаны оқу барысында өзім сияқты
мақсатымыз бір әріптестермен кездестім.Негізгі үшінші деңгей
бағдарламасының басты мақсаты «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасыр
қалай дайындайды?» деген сұраққа жауап іздеу мақсатында білімімді
жетілдірудемін.Әлем жылдам өзгеруде, жаһандану мен демографиядық
өзгеріс тағы бар.Олай болса болашақ білімді ұрпақтың қолында
демекші, сол білімді ұрпақ ұстаздардың қолында екені үлкен
жауапкершілік пен білімді талап етеді. Ұстаздардың алдындағы үлкен
міндеттің бірі болашақ ұрпақ білімді ғана болмай сол алған
білімдерін орынды жерде, өмірде қолдануға үйрету.
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінген, көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында
жақсы сақтайтын, бұлардың ешқайсысын ұмытпайтын, алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен,өнер-білімге құштар,аса
қанағатшыл,жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына
да,жат адамдарына да әділ,жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік
көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек
болуы керек» деп қазақтың ұлы ғұламасы
Әл-Фараби тегін айтқан жоқ! Ұстаздар қауымы
ынтымақтаса жұмыс істей отырып, мұғалімдер өз кәсіби деңгейін
көтереді, бұл балаларды табысты оқуға ықпал етеді, себебі олар
бір-бірінен үйреніп қана қоймайды,көптеген мектептерге ортақ
проблемаларды бірге шешеді, соның нәтижесінде аймақтық және елдің
барлық балалары үшін ұжымдық жауапкершілікті қабылдай отырып ,
оқыту мен оқу үдерісін жетілдіре түседі.Өз уақытында парсының ұлы
ақыны әрі жазушысы Муслихиддин Саади айтқан екен: «ғылымды үйреніп,
оны қолданбағандар, жерді жыртып, оған дән сеппеген адаммен тең».
Олай болса жаңа ғасырда өзгере отырып жаңа талпыныспен іс атқарайық
деген оймен, осы жаңартылған білім мазмұнының барлық білім
саласындағы қызметкерлерге негізгі бағыт-бағдар деп нақты айта
аламын.