400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда қоғамға тығырықтан шыға алатын,сыни тұрғысынан ойлап және шешім қабылдай алатын,алға қойған нақты мақсатына жете алатын,көзі ашық,көкірегі ояу жастар қажет.Келешекте белгілі бір елеулі қоғам мүшесі атануына және белгілі бір белсенді маман иесі болуына тікелей ықпал ететін-мұғалім .Жас ұрпаққа дамытуда ,оқыту мен тәрбие беруде ұстаздардың алар орны ерекше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.

Қазіргі таңда қоғамға тығырықтан шыға алатын,сыни тұрғысынан ойлап және шешім қабылдай алатын,алға қойған нақты мақсатына жете алатын,көзі ашық,көкірегі ояу жастар қажет.Келешекте белгілі бір елеулі қоғам мүшесі атануына және белгілі бір белсенді маман иесі болуына тікелей ықпал ететін-мұғалім .Жас ұрпаққа дамытуда ,оқыту мен тәрбие беруде ұстаздардың алар орны ерекше.

Көкшетау қаласы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы курсынан алған әсерім ерекше. Немістің ғұлама педагогы Адольф Дистерверг «Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді»-деп бекер айтпаған. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Мен өзімнің кәсіби тұрғыдан педагогикалық шеберлігімді дамытуға талпынысымды осы курстан алдым.Жаңартылған оқу аясында әр ауданнан келген мұғалімдермен пікір алмасып,тәжірибелерімізбен бөлістік. Джордж  Бернард  Шоу нақтылағандай, «Өзгеріс болмаса даму да болмайды, себебі өз көзқарасын өзгерте алмайтын адам еш нәрсені де өзгерте алмайды» деген сөзіне толықтай келісемін. Себебі,тәжірибемен алмасу-кәсіби қажеттілік.Бұл мұғалім үшін өте қажет деп ойлаймын.Жаңартылған білім берудегі негізгі құндылықтар мен дағдылар, «спиральді» оқыту мен оқу барламасындағы оқу жоспары,оқу мақсаттары мені бей-жай қалдырмай, қызықтырмай қоймады. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері -мұғалім мен оқушы үшін алға қойған мақсаттарға жетудің негізгі құрамдас бөлігі.

Мектеп директоры Есмағұлова Лалагүл Қабдоллақызы басшылығымен жаңартылған білім аясында әр түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады.Ал,оқу ісінің меңгерушісі Мукажанова Шынар Оралбайқызы жас мамандарға әдістемелік көмек ретіндегі өткізген коучинг,мастер класс сынды еңбектері ұшан- теңіз.

Жаңарған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін,өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы істі басталғалы отырмыз деп білемін. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.04.2018
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі