400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
адістемелк көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Әлемге түбелейлі өзгеріс әкеліп жатқан жаһандану заманында барлық білім алушылар үшін алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген жағдайда қолдану,бәсекеге қабілетті тұлға болуы өте маңызды .

Шымкент қаласы Молда Мұса атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі оқушыларды өмірде ,жұмыста және азаматтық ұстанымы өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындайтын жаңартылған білім беру мазмұнымен белсенді жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, оқушылар жаңартылған білім мазмұнымен оқу арқылы мәдени,эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігіне ие болуда.

Бүгінде Елбасымыз «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасы - адам капиталының сапасын көтеру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту көздейтін білім беру саласындағы негізгі бағыттарды атап көрсетті.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдерінің жүргізген жұмыстары - көшбасшылық қасиеттері дамыған, білімді, мәдениетаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары- Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің негізі.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепте білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесі дұрыс жолға қойылған.

Кезең –кезеңмен үш тілді оқыту бағдарламасы аясында химия, биология, физика, информатика пән мұғалімдері CLIL әдісі бойынша ағылшын тілін 100 %меңгеріп, В2 сертификатына ие болды. Жаратылыстану пәндерінен мұғалімдер сабақты ағылшын тілінде жүргізеді. Сонымен қоса оқушылардың қызығушылығына қарай мектепте француз және неміс тілдері үйретілуде.

Мектепте орыс сыныптарында Қазақстан тарихы қазақ тілінде, қазақ сыныптарында дүниежүзі тарихы пәндерін орыс тілінде жүргізу эксперимент жасалуда.

Мектептің бес күндік оқыту аптасына көшірілуі, үй тапсырмасын дайындау уақытын ескере отырып, тапсырманың көлемі қысқартылуы оқушылардың түрлі спорттық үйірмелеріне белсене қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Биылғы оқу жылында мектебімізде кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныбының ашылуы оқушыларға азаматтық, патриоттық тәрбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға жол ашады.

Мектеп мұражайында оқушылардың рухани дамуына, азаматтық патриоттық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған көптеген шығармашылық іс-шаралар өткізіледі.

Мектеп бітірушілеріне қорытынды аттестаттау, ҰБТ, ОЖСБ ,PISA, TIMSS деректерін беру жоғары ойлау деңгейіндегі дағдыларын меңгерту үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей « Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет». Сондықтан дамып жатқан мемлекетіміздің білім саласының өркендеуіне өз үлесімізді қосуға түгелдей атсалысуымыз қажет





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі