Материалдар / Жаңартылған білім мазмұны - жаңашылдыққа бастама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім мазмұны - жаңашылдыққа бастама

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың ұстаздық жолға енді аяқ басқан жас мамандарға және де ата-аналарға көмегі бар деп ойлаймын. Себебі, жаңартылған білім мазмұнын түсінуге көмегі тиері анық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
533
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Жалпы, Жаңартылған білім мазмұнын өз басым «Жаңғыру жолындағы жас мемлекеттің жаңарған білім жүйесі» деп атар едім. Олай деуге себеп көп.Біріншіден, жаңа оқу жүйесі оқушылардың жан-жақты қыры мен талантын ашуды көздейді, оқушы бойында теориялық білім мен дағды қалыптастыруды мақсат етеді. Халықаралық пән олимпиадаларының нәтижесіне қарасақ, Қазақстандық балалардың теориялық білімі өте жоғары, бірақ, қолдануда қиналады. Жаңартылған білім мазмұнының бір мақсаты осы кемшілікті жою. Ойын жеткізу, айтылым мен оқылым бірінші орынға шығады. Жаңартылған білім мазмұнының негізгі үш тірегі – дағды, құзіреттілік және тәрбие қазіргі жаһандану заманында жеке тұлғаның бойынан табылуға тиіс ең қажетті құндылықтар деп білемін. Іштегі білімді қажетті жерде қолдана отырып дағды қалыптастырып, соның шыңына шығу арқылы құзіреттілікке жетсек, тәрбие ықылым заманнан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан үрдіс деп білемін. Жаңартылған білімнің бір талабы – балаға дайын білім бермеу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім алушы өзі ізденіп, алған білімін іс жүзінде қолданса, ол білім есінде ең жоғары деңгейде сақталмақ. Демек, білім де алады, дағды да қалыптасады, бәсекеге қабілетті тұлға болады деп сенемін.Жаңартылған білім мазмұнының маған ерекше ұнайтыны – бағалау жүйесіндегі өзгерістер. Бұрынғы нормативті бағалау жүйесінде бағаның нақтылығына күмән басым болса, критерилі бағалауда оқушы өз бағасын өзі біліп отырады, бағасын жоғарылату үшін не істеу керектігін түсінеді. Яғни, бәсекелестік те артады. Ал, бәсекелестік артқан жерде білім сапасының да өсетініне дау жоқ.Және де мұғалім үшін көп нәрсе жасалып қойылған. Дайын дүниені орынды қолданып, мақсатқа жету ұстаздың еңбекқорлығына байланысты. Мақсатқа жету дегенде сабақтың үш аспектісінің бірі танымдық аспектінің мақсатын айтуға болады. Оқушы әр сабақтан кем дегенде бір нәрсе үйренуге тиіс. Жаңартылған білім мазмұнының маған ерекше ұнаған бір қағидасы - «Жоспар сабақ үшін жасалады, сабақ жоспар үшін емес». Сабақ үрдісінде жоспар өзгеруі мүмкін. Яғни, мұғалім үшін шығармашылық еркіндік бар. Тек, оқу мақсатына жетсең болды. Уақыт сынынан өткен тиімді әдіс-тәсілдер топтық жұмыс, деңгейлеп оқыту, кері байланыс – жаңарған білімнің ажырамас құралына айналған. Қорыта айтқанда, Жаңартылған педагогикалық білім мазмұны болашағымыздың тірегі болар жас өркеннің таланына жол сілтеп, талабын ашар, тың шұғыласы дегім келеді.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!