Ақтөбе
қаласы
№34 орта
мектебі
Б А Я Н Д А М
А
ТАҚЫРЫБЫ:
«Жаңартылған білім мазмұны
– оқу сапасын арттырудың кепілі»
Дайындаған: Демеубаева
Г.А.
2017-2018 оқу
жылы
Жаңартылған білім мазмұны -
оқу сапасын арттырудың кепілі
Ақтөбе қаласы №34 орта
мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Демеубаева Гульнур
Ауезхановна
ХХІ ғасыр-жаңа технология
мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең
әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы
ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын
дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін
өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім мен ақпарат дамыған
қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі
болып табылады. Мемлекетіміздің білім
беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман
талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың
бағдарлама.Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен
қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді.
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген
«орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев
зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды
оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең
талдау машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда
мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады. Ғылым мен
техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының
теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған
орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Қазіргі таңда оқушылардың
құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік
жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту мәселесінің
маңыздылығы арта түскені айқын. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, әлемдік білім
кеңістігіне ену, түлектеріміз әлемнің қалаған оқу орнына түсіп,
өмірлік білімін жалғастыру – білім беру процесінің негізі болып
табылады.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді,
қарым-қатынас тілі – орыс тілі және әлемдік кеңістік тілі - ағылшын
тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы
болып отыр. Үш тілді оқыту және барлық пәндерді оқыту барысында
үштілдік саясатты әр сабақта ұстану оқушылардың «ғылыми тілін»,
коммуникативтік дағдаларын
дамытады.
Қазіргі балалар АКТ-ны жастайынан қолданады,
бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. Заман талабына
сай оқушы бойында сындарлы ойлау және АКТ мүмкіндіктерін тиімді
пайдалану, әр түрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ пәні
енгізіледі.
Бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын
қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа «жаратылыстану»
пәні енгізіледі. Бұл пәннің бағдарламасы оқушыларды жоғары
сыныптарда биология, физика, химия саласында одан әрі оқуға да
дайындайды.
Окыту барысында вербалды емес дағдыларды
қалыптастыру өте маңызды. Бұл оқушының кеңістікті бағдарлау мен
нақты бейнелеудің (ән, музыка тағы басқа), эмоциялық әсерлердің,
дағды, әдет, бейсана құбылыстардың жұмысын, шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді. иииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап,
критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты
жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция,
Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау
жүйесінің артықшылығы: баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен
айналысуына ықыласын туғызады, жан-жақты ізденуіне
ынталандырады.
Ең
тиімді оқыту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып
есептеледі. Олай болса, педагогтерді жаңартылған мазмұн бойынша
нақты тәжірибе негізінде оқыту олардың кәсіби құзыреттіліктерінің
дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі деп санауға
болады.
Үздіксіз
білім – толассыз, тоқтаусыз білім. Бұл туралы ұлы педагогтер
Я.А.Коменский білімнің ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап
өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, соңғы күніне дейін
бітпейтіндігін айтса, көрнекті американдық психолог, философ
және педагог Дж.Дьюи еңбектерінің өзекті мәселесі де әр адамның
өмір бойына білім алуында деп
көрсетеді.