400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламаның ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру; рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту. Курстың басты мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.  Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда Қазақстандағы негізгі және орта білім беру ұйымдарындағы оқытуды жаңаша деңгейге көтеру мақсатында көптеген жаңалықтар енгізілуде.

Осыған орай, жаңартылған білім мазмұнын түсіндіру және оқушылардың оқу сапасын критериалды бағалау әдісін барынша оқу процесіне енгізу мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен 2017 жылдың  мамыр айының 22-нен маусым айының  9-на дейін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бір топ мұғалімдеріне ҚР Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Бағдарламаның ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру; рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Курстың басты мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп  түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқу материалдарын тиімді қолдана білуді меңгерді.

Мұғалімдердің жаңаша білім беру үрдісінде негізге алатын негізгі құжаттармен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, оларды тәжірибе жүзінде қолданып көруге де мүмкіндік алды. Яғни, курс тыңдаушылары аталған бағдарламаның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ықшам сабақтар өткізді. Жаңа бағдарламаның қыр-сырын меңгеріп, тәжірибеге енгізу барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға мейлінше ықпал ететіні анық: «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «5-5-1», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі» т.б.

Мұнайлы ауданының 14 мектебінен келген 1 жылдан 30 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 25 ұстаздан құралған топтың тренері – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар бойынша және жаңартылған білім мазмұнындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының тренері Есентаева Айжан Идрисовна.

Айжан Идрисовна – білікті маман, бағдарламаның ерекшелігін өзінің кәсіби шеберлігімен меңгерте білген көшбасшы, өте қарапайым, кішіпейіл жан. Курс тыңдаушыларының атынан тренерімізге айтар алғысымыз шексіз!

Қазіргідей білекпен емес, біліммен күш сынасатын ғасырда аталмыш бағдарламаның жан-жақты, қоғамда өзіндік орны бар, жеке пікірі бар тұлғаны қалыптастырып дамытуға етер әсері орасан.







Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

№2 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Туржупарова Гульшат






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі